Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мысық – үй жануары

14 қаңтар 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Шығармашылық тақырыбы: Мысық – үй жануары
Зерттеушілік жұмыстың мақсаты: Мысықты қолға үйрету тарихын және түрлері туралы мәліметтер жинастыру
Тaқырыптың өзeктiлiгi: Бұл тақырыптың өзектілігі мысықтардың қыр - сырын көбіміз біле бермейміз. Адамдар мысықты сиқырлы жануар деп те есептеген. Мысыққа қатысты ырымдарда бар. Оның емдік қасиеті туралы да зерттелген және ашылмаған тұстары да баршылық. Сондықтанда бұл зерттеу жұмысым өз мысығымды бақылау арқылы мысықтардың сырларын ашуға бағытталған.

Жоба міндеттері:
- интернет желісін, әдебиеттерді оқу арқылы мысықтың қолға үйретілуі және түрлері туралы
мәлімет жинастыру.
- өз мысығыма ұдайы бақылау жүргізу.
- жиналған мәліметтер бойынша қорытынды шығару
Зерттеу объектісі: өзімнің «Нуна» атты мысығым.

МАЗМҰНЫ
І Кіріспе
Мысықты қолға үйрету тарихы
ІІ Негізгі бөлім
Мысық түрлері
Наным - сенімдер мен аңыздар
Мысық ерекшеліктері мен
емдік қасиеттері
4. Халық болжамдары
ІІІ Қорытынды

Кіріспе бөлімі:
Миацидтер – осыдан 50 млн жыл бұрын пайда болған. Олар кішігірім денелі, ұзын құйрықты жануар болған. Ал жабайы мысықтарды қолға үйрету 5 мың жыл бұрын Африка елінде пайда болған. Негізінде үй мысығының арғы тегі Ливия мысығы болып саналады.

Египет елінде мысықты қасиетті хайуан деп есептеген. Мысықты кеміргіштерге қарсы күрес үшін өсірген. Ол кезде мысықты құдайдың жаратқан тіршілік иесі деп қасиет тұтқан Оларды бальзамдап жерлеген.

Ал Орталық Еуропада мысықтарды перілердің қолдаушысы деп отқа жағып өртеген. Сондықтан
кеміргіштер көбейіп көптеген адамдар оба ауруына шалдыққан екен.

Аңыздар
Орыс халқы мысықты игіліктің белгісі ретінде сиқырлы зұлым күштен үйді қорғайды деп сенеді.
Қытайдың кейбір аймақтарында, Кореи, Вьетнамда мысықттың етін жеуге пайдаланған.

Ислам діндерінде мысыққа қатысты мынадай аңыздар бар.
Мұхаммед пайғамбардың ақ мысығы болған. Мұхаммед пайғамбар дұға оқып болғаннан кейін мысығына қараса, ол пайғамбардың етегіне ұйықтап қалған деседі. Мысығын оятпау үшін етегін кесіп қалдырған деген аңыздар тараған. Жануарлардың ішінде мысық мешіттерге кіруге рұқсат етілген.

Үй мысығының ерекшелігі
Өте таза хайуан
Өмір сүру ұзақтығы 14 жыл
Түзге шығатынын өзі түсіндіре алады
Денесінде жағымсыз иіс болмайды
Түктері денедегі жылуын сақтайды
Көру, иіс сезу, есту мүшелері жақсы дамыған
Ұйықтау ұзақтығы 14 - 16 сағат
Күніне 10 рет жуынады

О. Шонаев атындағы орта мектептің оқушысы Русланқызы Шаттық
Ғылыми жоба жетекшісі: Зинуллина Зүлфат Еділбайқызы
Мысық – үй жануары жүктеу
12 645
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күшік пен мысық
Күшік пен мысық
Ауылдағы көршілес екі үйдің бірінің ала мысығы болды. Бір күні қара күшік көршінің бағына кіріп, сонда жүрген ала мысықты тура қуды. Мысық қашып барып, алма ағашына шығып кетті.
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз үйін жинап жүреді. Дән тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырады. Мақта қыз: Мысығым менің қайдасың? Мяу? Келе ғой.
Үй жануары - мысық
Үй жануары - мысық
Балаларға үй жануары – мысықты танып, білуге үйрету. Геометриялық пішіндерді пайдаланып мысықты құрастырып, суреттерді салыстыра білуге үйрету. Сөздік жұмыс арқылы тілдерін дамыту.
Менің мысығым
Менің мысығым
Үй мысығы - өте таза хайуан болып есептеледі. Мысықты түзге шығуға өзі сұранатындай етіп үйретеді. Жүні ұзындарын күн сайын, жүні қысқаларын күн ара тарап отыру қажет. Мысықтың балаларын серуенге енесімен бірге шығарады. Мойнына жіп байланғаны дұрыс.
Менің мысығым
Менің мысығым
Ақмола облысы «Ерейментау ауданының білім бөлімі» ММ «Балабек Жахин атындағы Новомарковка орта мектебі» КММ 2 сынып оқушысы Шарипканова Томирис Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі Тлеулесова Д. К.
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің ағылшын пән мұғалімі Сисенбаева Гүлмира Әбдіқаниқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×