Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің мысығым

08 қараша 2016, Сейсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Ғылыми жоба Менің мысығым
Аннотация
«Менің мысығым» тақырыбына жазылған бұл ғылыми жобамда өзімнің екі сүйікті Аққоян деген мысығымды зерттедім. Мысығымды бақылай отырып оның қандай пайдасы барын, мысық арқылы ауа - райын болжауға болатынын т. б зерттеп білдім. Мысығымды үнемі бақылай отырып ол өте ақылды, саналы тіршілік иесі екенін білдім. Мысығым өте сүйкімді. Осы зерттеу жұмысымда интернет желісінен мысыққа байланысты көптеген қызықты мәліметтер жайында біле алдым. Мысықтың түрлері, мысық тұқымдас аңдар жайында таныстым. Бір жеті уақыт ішінде мысығымды бұрынғыдан да қатты жақсы көріп кеттім. Ол тек тышқан аулаушы ғана емес, адамдардың жан серігі, емшісі екеніне де көзім жетті.

Кіріспе
Бұрындары адам мысықты тышқан аулау үшiн асырады. Алайда, шын мәнiнде, мысықтың Жер бетiндегi негiзгi қызметi тышқан аулау да емес. Оның негiзгi миссиясы – өзi тұратын үйдi аластау, ондағы тыныштық пен үйлесiмдiлiктi сақтау екен. Мысыққа қатысты ескiлiктен қалған наным сенiмдер әлi де бар. Мәселен, орыс халқы жаңа үйге қоныстанбас бұрын сол үйге әуелi мысықты кiргiзедi. Мұнысы мысық үйдi тылсым күштерден тазарта алады деген ырымы болса керек.
Мысық ит тәрiздi өз иесiне адал серiк бола алмайды. Өйткенi мысықтың о бастағы жаратылысы мүлде бөлек, ол басқа мақсат үшiн жаратылған.. Кейде мысық өзiнiң сиқырлы қызметiн қажет ететiн үйдi өзi iздеп тауып алады деген сөз бар. Ондай жағдайда үй иесi мысықты қумай, оны паналатып, “сиқырын” iске асыруға мүмкiндiк беру керек екен.
“Қара мысық алдыңды кесiп жүгiрiп өтсе, жолың болмайды” деген ырым бар. Алайда бұл қара мысықтың кесiрi тиедi деген сөз емес. Қайта керiсiнше, мысық жолды кесiп кету арқылы сiзге белгiлi бiр қауiп қатер төнгенiн сездiртедi,
қажет десеңiз, мысықтар өз иесiн өлiм аузынан алып қала алады. Мәселен, Леонид Брежневтiң қара мысығы бас хатшының өмiрiн екi мәрте сақтап қалған дейдi бiлгiштер. 1969 жылы Үндiстанға iссапармен барған Л. Брежнев Далай Ламамен кездескен. Далай Лама Брежневке ерекше қабiлетi бар сиқырлы қара мысықты сыйға тартыпты. Бiр күнi әлгi қара мысық иесiн жұмысқа жiбергiсi келмей, оны айналшықтап жүгiре берген көрiнедi. Жануардың әйтеуiр бiр жамандықты сезгенiн түсiнген бас хатшы қызметтiк көлiгiндегi әдеттегi орнына емес, басқа орынға отырыпты. Сөйтiп, автокөлiк апатқа ұшырап, Брежневтiң орнына отырғандар ауыр жарақат алған. Ал бас хатшының өзi дiн аман қалыпты. Келесi жолы мысық тағы да Брежневтi шыр айналып, жамандықты сездiрген. Сол күнi бас хатшы жұмысқа бармауды жөн көрдi. Сөйтсе, оның автокөлiгi жүк көлiгiмен соқтығысып, жүргiзушi апаттан көз жұмыпты. Ал 1982 жылдың көктемiнде Брежневтiң мысығы өлген. Екi айдан кейiн бас хатшының өзi де көз жұмды.
Ал ендi мысықтың емдiк қасиетi өз алдына. Бiр жерiңiз ауыра қалса, мысықтың дәл сол жерге барып жатуы бекер емес. Мысықтың емдiк қасиетiн бұрынғы емшiлер де жақсы бiлген. Қазiр де медицинада “анималтерапия” атты сала бар. Мысық иесiнiң ауыратын жерiн әртүрлi жолмен емдейдi. Бiр мысықтар дененiң сол бөлгiн ақырын тырналап массаж жасаса, бiреулерi жай ғана сол жерге жатып ақ әсер ете алатын көрiнедi.
Қысқасы, мысық – иесiнiң ауырған мүшесiн дөп басып бiлетiн энергетикалық ақпараттық құрал. Себебi адамның ауыратын дене бөлiгiнiң энергетикасы өзгередi, осы өзгерiстi мысық қатты сезедi екен. Осылайша, мысықтың биоөрiсi жүрек жұмысын қалыпқа келтiредi, қан тамыр мен бас ауруын жазады. Әрi анималтерапевтердiң айтуынша, мысықтың пыр пыр еткен даусының өзi адамды емдей алады. Оның мияулаған даусы 20 - 50 герцке дейiн жететiн дыбыс толқындары. Осы шамадағы дыбыс диапазоны адам жарақатының тезiрек жазылуына, сынған сүйектiң тез бiтiп кетуiне септiгiн тигiзедi. Мысықтың осы мияулағаны ағзаның иммундық жүйесiн күшейтедi, тiптi өмiрдi ұзартады.
Мысықтың мамық терiсiн бiрнеше минут сипаған адамның инфаркт, инсульт алу қаупi азаяды. Себебi жануарды сипаған кезде сау¬сақ терiсi арқылы миға белгi берiледi. Ит немесе мысықты сипалау – әлсiз тоқ арқылы электростатикалық әсер ету деген сөз. Осының өзi физиотерапия емей не?
Батыс дәрiгерлерi мысықты есiрткi мен iшiмдiктен емдеу үшiн медицинада қолдана бастаған. Ал ағылшындар мысықтар қандай ауруды емдей алатынын оның түр түсi мен терiсiне қарап ажыратады. Мәселен, ағылшындарға сенсек, ақ түстi мысық бүкiл ауруларды жаза алады екен. Сондықтан Ұлыбританиядағы кейбiр дәрiханаларда ақ мысықты дәрi дәрмек тәрiздi сатады.
Берлиннiң геронтология институты ғалымдарының мысық иелерiне жасаған зерттеуi тiптi таңғалдырады. Үйiнде мысық асырайтын 3000 адам¬ға бес жыл бойы зерттеу жүр¬гiзген немiс ғалымдары өмiр бойы мысық асыраған адам үйiнде мысық ұстамайтын адамға қарағанда 10, 3 жыл артық өмiр сүретiнiн анықтаған. Мысық асырайтын адамдардың қан қысымының көрсеткiштерi де анағұрлым жақсы болып шыққан. Үйге мысық асырап алу үлкен жауапкершілік. Мысықты анда - санда сипап, оған тамақ бере салумен оның алдындағы жауапкершілік аяқталды деу үлкен қателік. Ол жанды әрі саналы тіршілік иесі болғандықтан оны жақсы көре білу керек және оған үлкен күтім керек. Ал қазіргі кезде балалардың жалпы жан - жануарға деген, әсіресе мысыққа деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдері азайып бара жатыр.
Зерттеген тақырыбым: «Менің мысығым»
Менің бұл зерттеушілік жұмысымның мақсаты: мысық жайлы тереңірек білу;
Мысыққа деген көзқарасымды өзгерту, пайда зиянын ажырата білу, қандай қасиет, қабілеттері бар екендігіне көзімді жеткізу.
Міндеттері:
- интернет желісін, әдебиеттерді оқу арқылы мысықтың қолға үйретілуі және түрлері туралы мәлімет жинастыру.
- өз мысығыма ұдайы бақылау жүргізу.
- жиналған мәліметтер бойынша қорытынды шығару.
Болжам: осы жобамда қызықты да пайдалы мәліметтерді айта отырып, құрбы - құрдастарыма оларды саналы тіршілік иесі ретінде құрметтеу және жақсы көру керектігін түсіндіргім келеді; ал жалпы адамзат атаулы оларды өздері қолға үйреткендіктен олар үшін жауапты екендіктерін естеріне салу.
Зерттеу объектісі: өзімнің «Аққоян» атты мысығым.
Зерттеу жаңалығы: Зерттеу барысында интернет желісін, әдебиеттерді оқу арқылы мысықтың пайдасы және мысық түрлері туралы мәлімет жинастырдым..
Жиналған мәліметтер бойынша қорытынды шығардым.

Негізгі бөлім
Мысықтарды қолға үйрету тарихынан
Миацидтер - бұдан 50 млн жыл бұрын пйда болған, барлық жыртқыштардың арғы тегі. Миацитар кішігірім денелі және ұзын құйрықты жануар болған. Ал жабайы мысықтарды қолға үйрету осыдан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Негізінен, үй мысықтарының арғы тегі Ливия мысығы болып саналады.
Мысық түрлері

Парсы мысығы
Азиаттық табби
Кимрик
Сиам мысығы

Үй мысығының ерекшеліктері
Үй мысығы - өте таза хайуан болып есептеледі. Мысықты түзге шығуға өзі сұранатындай етіп үйретеді. Жүні ұзындарын күн сайын, жүні қысқаларын күн ара тарап отыру қажет. Мысықтың балаларын серуенге енесімен бірге шығарады. Мойнына жіп байланғаны дұрыс. Пәтерде оларға арнайы орын бөлініп, оған құм немесе топырақ, ағаш ұнтағы салынған себет әйтпесе жәшік қойып, ішін күнде жаңартып тұрады.
Оның үстіне, мысықты өлтіруге болмайды деген де бар ғой. Бір аңызда, Меккеге кетіп бара жатқан кеме теңізде дауылға ұшырайды. Сонда топ ішінен бір адам шығып: «мысық өлтіргендер бар ма арамызда?» деп сұрайды. Бір жігіт мойындап, оны сол арада бәрі суға тастап, содан кейін ғана дауыл басылып, кеме жеріне жеткен екен дейді.

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы,
Антоновка селосы, Антоновка орта мектебінің
2 сынып оқушысы Нұржау Олжас
Жетекшісі: Антоновка орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Садуова Ә. С.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 470
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз үйін жинап жүреді. Дән тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырады. Мақта қыз: Мысығым менің қайдасың? Мяу? Келе ғой.
Мысық – үй жануары
Мысық – үй жануары
Мысықты қолға үйрету тарихын және түрлері туралы мәліметтер жинастыру
Үй жануары - мысық
Үй жануары - мысық
Балаларға үй жануары – мысықты танып, білуге үйрету. Геометриялық пішіндерді пайдаланып мысықты құрастырып, суреттерді салыстыра білуге үйрету. Сөздік жұмыс арқылы тілдерін дамыту.
Менің мысығым
Менің мысығым
Ақмола облысы «Ерейментау ауданының білім бөлімі» ММ «Балабек Жахин атындағы Новомарковка орта мектебі» КММ 2 сынып оқушысы Шарипканова Томирис Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі Тлеулесова Д. К.
Менің сүйікті мысығым
Менің сүйікті мысығым
Атырау обылысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, «Жасұлан» балалар бақшасы тәрбиеші Телманова Әсия
Менің мысығым
Менің мысығым
Тақырып: Менің мысығым
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×