Дыбыс толқындары таралуының әр түрлі ортаға тәуелділігін теориялық тұрғыда зерттеу

Шектибаев Н. А. – Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, PhD, аға оқытушы
Елікбаева А. – 6В05348 - физика БББ - ның 4 - курс студенті
Дыбыс толқындары қазіргі ғылым мен техникада маңызды орын алады. Олардың қасиеттерін әртүрлі ортада зерттеу көптеген салаларда (акустика, материалтану, медицина, экология) жаңа технологиялық жетістіктерге жол ашады. Ортаға байланысты дыбыстың таралу жылдамдығы мен қасиеттерін зерттеу дыбыстық сигналдарды тиімді пайдалану мен бақылауға мүмкіндік береді.
Жұмыстың мақсаты: Дыбыс толқындарының әртүрлі орталарда таралу ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан зерттеп, олардың қасиеттеріне орта параметрлерінің (тығыздық, серпімділік, температура, қысым) әсерін анықтау. Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер орындалады: - Дыбыс толқындарының таралуына әсер ететін негізгі физикалық параметрлерді анықталады; - Газ, сұйық, және қатты дене орталарында дыбыс толқындарының таралу ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан сипатталады; - Әртүрлі орталар үшін дыбыс жылдамдығын есептеудің математикалық модельдерін құрылады; - Алынған теориялық нәтижелерді нақты өмір жағдайларына қолдану мүмкіндігі талданады.
Жұмыстағы негізгі зерттеу әдістері: 1) Теориялық талдау (Акустика заңдарына негізделген физикалық заңдылықтарды зерттеу, ) 2) Математикалық модельдеу (Дыбыс толқындарының таралуына байланысты теңдеулерді шешу) 3) Салыстырмалы талдау (Әртүрлі орталар үшін алынған нәтижелерді салыстыру).
Зерттеу жұмысынан мынадай нәтижелер алынады: Әртүрлі ортада дыбыстың таралу заңдылықтары анықталады. Орта параметрлерінің дыбыс толқындарының таралуына әсері теориялық тұрғыдан сипатталады. Математикалық модельдеу арқылы дыбыс жылдамдығын нақты орта үшін есептеу әдістемесі жасалады. Нәтижелер өндіріс пен ғылымда қолдануға негіз бола алады.
Негізгі қолдану салалары: Білім (Дыбыс толқындарының физикасы бойынша оқу бағдарламалары мен эксперименттер). Өнеркәсіп (Материалдар диагностикасы мен өндірістік процестерді бақылау). Медицина (Ультрадыбыстық зерттеулер). Экология (Дыбыс арқылы қоршаған ортаны бақылау).
Дыбыс толқындарының әртүрлі ортада таралуын зерттеу үшін келесі құрал - жабдықтар қажет болады. Бұл жабдықтар тәжірибелерді дәл жүргізуге және теориялық нәтижелерді тексеруге мүмкіндік береді: 1) Дыбыс көзі (Динамик немесе ультрадыбыс генераторы: Әртүрлі жиіліктегі дыбыстық сигналдарды жасау үшін қолданылады. Тюнер немесе сигнал генераторы: Дыбыстың жиілігін, амплитудасын, және формасын басқару үшін); 2) Дыбысты қабылдаушы құралдар (Микрофон: Дыбыс толқындарын қабылдап, оларды электр сигналдарына айналдыру. Гидрофон: Сұйық ортада дыбысты тіркеу үшін. Датчиктер: Қатты денелердегі толқындарды анықтауға арналған пьезоэлектрлік датчиктер); 3) Орта моделдері (Газды орта: Әртүрлі газдармен (мысалы, ауа, гелий, көмірқышқыл газы) толтырылған камера. Сұйық орта: Суды, майды немесе басқа сұйықтықтарды пайдалану үшін ыдыстар. Қатты орта: Дыбыс толқындарын өткізетін әртүрлі материалдар (металл, пластик, шыны, ағаш)); 4) Қосымша құрылғылар (Оциклограф: Дыбыстық сигналдарды визуализациялау үшін. Спектр анализаторы: Дыбыстың жиілік сипаттамаларын зерттеу үшін. Уақыт өлшеуіш құралдар: Дыбыс толқындарының таралу уақытын дәл анықтау үшін (мысалы, сандық таймер). Лазерлік интерферометр: Қатты денелерде дыбыстық толқындардың таралуын зерттеуге); 5) Эксперименттік жүйені құру үшін (Резонаторлар: Дыбыс толқындарын күшейту немесе жұту тәжірибелері үшін. Дыбыс өткізбейтін камера: Қажетсіз шу әсерін болдырмау үшін. Температура мен қысымды басқару құрылғылары: Дыбыстың таралуына әсер ететін факторларды басқару үшін (мысалы, термостаттар, манометрлер)); 6) Деректерді тіркеу және талдау құралдары (Компьютер: Сигналдарды өңдеу және талдау үшін. Дыбыс жазу бағдарламалары: Зерттелетін дыбыстық сигналдарды тіркеу және өңдеу (мысалы, MATLAB, Audacity). Деректер жинау құрылғылары: Микрофондар мен датчиктердің сигналдарын тіркеу үшін); 7) Қосымша қажетті заттар (Термометр: Орта температурасының дыбыс таралуына әсерін бақылау үшін. Тығыздық өлшегіш: Сұйық немесе қатты орта параметрлерін анықтау үшін. Серпімділік модулін өлшейтін құралдар: Қатты денелердің акустикалық қасиеттерін зерттеу үшін).
Дыбыс толқындарының әртүрлі орталарда таралуы олардың физикалық параметрлеріне (тығыздық, серпімділік, температура, қысым) тікелей тәуелді. Бұл параметрлер дыбыстың жылдамдығы мен энергиясының таралуына, жұтылуына және шағылуына әсер етеді.
1. Тығыздықтың әсері (ρ): (Физикалық түсінік: Орта тығыздығы – оның массасының көлемге қатынасы (ρ=m/V). Дыбыс жылдамдығына әсері: Дыбыс жылдамдығы тығыздығы аз орталарда жоғары болады. Тығыздық жоғарылаған сайын молекулалардың инерциясы артады, бұл дыбыс таралуын баяулатады.
Ғылыми жұмыстық толық нұсқасын жүктеп алу

Жаңалықтар

Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс толқындарын, оның негізгі сипаттамаларын, акустикалық резонанс, жаңғырық, ультрадыбыс тақырыптарын мысалдар арқылы түсіндіріп, білімдерін қалыптастыру.

Дыбысты қалай естиміз және ол қалай таралады?
Қоршаған ортада біз көрмейтін, қолға ұсталмайтын, бірақ сол арқылы бір-бірімізбен қарым-қатынас жасап, музыка, радио тыңдайтын толқын түрі бар. Бұл толқын түрі дыбыс деп аталады

Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Дыбыс ауада таралып тербеліс тудырады. Денелердің тербелісі дыбыс туындауының себепкері болып табылады. Тербеліс жиілігі 16Гц – тен 20000 Гц – ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін туғызады. Сондықтан мұндай толқындар дыбыс толқындары

Ғылыми жоба "Дыбыс"
Табиғатта адам баласы біле бермейтін неше түрлі құбылыстар бар. Қоршаған ортада біз көрмейтін, қолға ұсталмайтын, бірақ сол арқылы бір - бірімізбен қарым - қатынас жасап, музыка, радио тыңдайтын толқын түрі бар.

Дыбыс. Дыбыс сипаттамасы
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Шуленова Гулжаухар Пернебаевна

Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Мамекбаева Жұмакүл Әбілханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.