Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химиялық көңілді тапқырлар кеші

22 тамыз 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Химия
Астана қаласы №53 мектеп – лицей
биология пәні мұғалімі:
Князова Ақмарал Қамбарбекқызы

СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС

Сабақтың тақырыбы: Химиялық көңілді тапқырлар кеші
Химия
Сыныбы: 8 - 9 - 10 сыныптар
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
ә) дамытушылық: сұрақ тапсырмаларын, сөзжұмбақ шешу, есептер шығару, тәжірибе көрсету арқылы ой - өрісін кеңінен дамыту.
б) тәрбиелік: білімділік пен дамушылықты байланыстыра отырып, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, адамгершілікке, ізгілікке, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс жарыс түрінде
Сабақтың әдісі: әңгіме, пікір айту,
Сабақтың пән аралық байланысы: биология, география, математика
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, слайд шоу, басқатырғылар, қаламдар, жетондар

Сабақтың барысы

1. Таныстыру үй тапсырмасын сұрау(слайд көрсетіп, топтарымен таныстырады)
2. Ой жинақтау кезеңі (әр топқа 10 сұрақтан қойылады)
3. Сөзжұмбақ шешу
4. Тәжірибе көрсету
5. Білім пирамидасын құру (түрлі есептерді шешу)

Жүргізуші:
Сайысымызды бастамастан бұрын әділ қазылармен таныстырып шығайық.
Көңілді тапқыштар білімділер
Бар өнерін алдарыңа салады
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күні жеңімпазы болады

Әр топ басшысы өздерінің топтарымен таныстырады
Жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан жеткізер
Жастықтың оты қайдасың.
Жүректі түртіп қозғамай,
Ғылымның біліп пайдасын.
Дүниенің көркін болжамай,

Әр топқа 10 сұрақтан қойылады дұрыс жауап берген сұраққа бір баллл қойылады.

1. Қандай элемент алдымен күнде, содан соң жерде ашылды. (гелий)
2. Қандай элементтер қалыпты жағдайда сұйық күйде кездеседі (бром)
3. Қандай элементтер материктердің атымен аталады. (европий, амерций)
4. Ағашты отсыз қалай көмірлендіруге болады. (Н2SО4 концентрациясында)
5. Суды қалай жандыруға болады. (сілтілік металдар арқылы натрий, калий)
6. Планетамызда көп таралған элементтер (сутек, гелий)
7. Сіріңкесіз қалай от жағуға болады. (ақ фосфор арқылы)
8. Жұмыртқаның қабығын қалай сындырмай аршуға болады. (сұйытылған қышқылға салып)
9. Әрі химик, әрі музыкант ғалым (А. П. Бородин)
10. Алып элемент (титан)

1. Ресей елінде алғаш химия зертханасын ашқан кім (М. В. Ломоносов)
2. Қандай жыланда сынап көп (Фараон жыланында сынап (ІІ) роданиді)
3. Футбол терминінде кездесетін элемент (гольми)
4. Табиғи талшықты зат (асбест)
5. Мыстың табиғи қосылысы (малахит)
6. Сүт қанты (лактоза)
7. Темекінің құрамындағы алкалоид (никотин)
8. Адамзат баласы қандай элементті алғаш өндірді (мыс)
9. Топырақты құнарландыратын элемент (азот)
10. Үш түрлі күйде кездесетін зат (су)

1. Қандай метал болашақтың металы деп аталады (алюминий)
2. Лимон қышқылын қайдан алады (қанттан не мелясиден)
3. Сутек қай затта жақсы ериді (балқытылған темір, никель, палладийде)
4. Қандай жай зат ең жоғары температурада балқиды (графит 3800 С)
5. Қандай элемент жер қыртысының 75℅ құрайды (оттек 49℅, кремний 26℅)
6. Ауа газдар қоспасы екенін алғаш айтқан ғалым (Л. Да Винчи)
7. Адамға таза, дистилденген су ішуге пайдалы ма (жоқ)
8. Фосфор элементі қашан ашылды, кім ашты (Гамбург химигі Г. Бранд, 1699ж)
9. Грек тілінде ай деген мағынаны білдіретін элемент (селен)
10. Әлемдегі ең алғаш мұнай айдау зауыты қашан және қай жерде салынды (1745 ж, Ухта өзені бойында)

Жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Біреуінің қатты істейтін миы бар
Кезекте сөзжұмбақтарды шешу
Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары

1. Химияның арнайы бөлігін құрайтын элемент? (көміртек)
2. Шпатта алғаш табылған элемент? (барий)
3. Улы ұшқыш қосылыс? (Арсин)
4. Қытай, Бирма, АҚШ - та көп кездесетін металл кен орны? (Вольфрам)
5. Скандинавия жарты аралындағы мемлекет? (Швеция)
6. Мұхит суында кездесетін элемент? (марганец)
7. Құймаларды қызуға төзімді ететін металл? (молибден)
8. Көбіне галлит, сильвинит, карналлит тұздары құрамында кездесетін элемент? (хлор)
9. Майларды гидролиздеу нәтижесінде алынатын зат? (глицерин)

Көлденеңінен:
3. Қазақ халқының алғашқы академиктерінің бірі, фосфор тұздары маманы? (Бектұров)
5. Химиялық элеметтердің рентгендік спектрін зерттеген ағылшын ғалымы? (Мозли)
6. Ең қаттты минерал? (Алмас)
7. Ұшқыш компоненттерінен ректидикациялау арқылы тазаланған спирт ашымасы? (Барда)
8. Фолигостон теориясының негізін қалаушы неміс ғалымы? (Шталь)
11. Анестезия үшін қолданылатын препарат? (Новокаин)

Тігінен:
1. Металдар туралы зерттеген араб химигі? (Турки)
2. Органикалық қосылыс? (Спирт)
3. Катализдік мультиплет теориясының негізін қалаушы орыс химигі? (Баландин)
4. Орта ғасырдағы Еуропа химигі, сульма мен мышьякты алғаш зерттеген кім? (Валентин)
9. Кремнеземнің табиғатта көп тараған түрі? (Кварц)
10. Кальций сульфатының кристаллогидратының бір түрі? (Ғаныш)

1. Қазақтың химик - органигі, негізгі еңбегі өсімдіктер химиясы болып табылады? (Шомбалов)
2. Түрлі заттарды ерітетін қоспа? (Еріткіш)
3. Тұңғыш рет химия ғылымының докторы атағын алған қазақ химик - органигі? (Әзербаев)
4. Тұз қышқылының аммоний тұзы? (Мүсәтір)
5. Ерте кезде қазақ халқы қолданған металдардың бірі? (мырыш)
6. Қазақ халқының академик - химигі, жоғары молекулалы қосылыстар маманы? (Жұбанов)
7. Үй тұрмысында көп қолданылатын, қазақ халқына ертеден таныс металл? (Қалайы)
8. Радиоактивті сәулелерді өткізбейтін металл? (Қорғасын)
9. Мыс тұзының кристаллогидраты? (Тотияйын)
10 Қазақ халқының химия саласындағы алғашқы академиктерінің бірі? (Бектұров)

Жүргізуші:
Химия - ырыс бұлағы
Шалқыған байлық мол дәулет
Аялап күтіп тұр алда
Болашағымыз - нұр сәулет
Аялдама, алға ұмтыл
Құдіретті біздің ой
Сенде байлық, сенде ырыс
Сенімен өмір сәнді ғой
Кезекте әр топ тәжірибе көрсетеді

1. «Судан сүт алу
2. «Жанбайтын орамал»
3. «Отсыз жұмыртқа пісіру»

Жүргізуші:
Тағы келді сыналар шақ айналып,
Тереңіне білім теңіз байланып,
Кім шешеді сол сайыста ұтып тұр,
Есеп шешер кезегі келіп тұр
Ендеше әр топтың алдына түрлі есептер беріледі шығарылған есептің жауабы дұрыс болса пирамидаға жапсырады. Нәтижесінде қай топ қанша есеп шығарғанын пирамидаға жапсырылған үшбұрыш қиық арқылы балдырын санаймыз. Әрбір дұрыс есепке 5 балл қойылады.
Соңынан бірінші кезеңнен бастап барлық балдар есептеліп қай топтың жеңімпаз болғанын айтып, топтарды марапаттау.
18 258
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстардың терминологиялық сөздерді ағылшын тілінде меңгереді. Химиялық реакция теңдеулерін теңестіру арқылы жылдамдыққа үйренеді. Құрамын, маңызын және өмірде қолданылуын талқылайды.
Химиялық көңілді тапқырлар кеші
Химиялық көңілді тапқырлар кеші
Көңілді тапқыштар білімділер Бар өнерін алдарыңа салады Кім білімді, көп оқыған болса егер Бүгінгі күннің жеңімпазы болады
Химия 10 сынып
Химия 10 сынып
Химиялық байланыстың түрлері, ковалентті байланыс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау, ковалентті байланыстың маңызды сипаттамалары туралы білімді қалыптастыру; Заттардағы химиялық байланыстың типін анықтай білу.
Алтын қақпа
Алтын қақпа
Жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Астана қаласы ЖШС « Медициналық – техникалық колледж» Биология химия пәндерінің оқытушысы Сатпаева Мағрипа Мағзұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×