Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Металдар мен бейметалдар және олардың қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыс

05 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Химия
Химия 9 сынып
Сабақ тақырыбы: Металдар мен бейметалдар және олардың қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыс
Сабақтың мақсаты: Металдар мен бейметалдар және олардың қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыстар туралы білімді қорытындылау.

Міндеттері:
1. Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімдерін қорытындылау, материалды меңгеру дәрежесін бекіту;
Оқушылар тәжірибе арқылы генетикалық байланыстарды іс жүзінде жүзеге асыруға теориялық білімдерін қолдану;
2. Оқушылардың сақталған ақпаратты қайта қолдану қабілетін және өз ойын қорыта айта алу біліктілігін дамыту;
3. Оқушыларды топтық ынтымақтастыққа тәрбиелеу
Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабағы
Әдісі: Есептер шығару, сұрақ - жауап, демонстрация, есептер шығару, ойындар, деңгейлік тапсырмалар, академиялық дау - дамай, болжау әдісі
Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта, маркер, А1 форматты қағаз, түсті қағаздар, химиялық реактивтер, химиялық ыдыстар.
Көрнекіліктер: слайдты көрсетілімдер, қима қағаздар, химиялық элементтердің периодтық жүйесі кестесі, тақта, бор.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, медицина, биология, сурет, география
Күтілетін нәтиже:
Теориялық білімдерін шыңдайды;
Есептің шығару жолын түсіндіреді;
Генетикалық байланыстарды жүзеге асыра алады;
Топтық жұмыста ұйымшылдыққа үйренеді

Сабақтың эпиграфы: Зерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес.
Б. Момышұлы
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3мин):
А) Оқушылармен сәлемдесу
Б) Сыныпты 4 топқа болу
В) Топбасшысын сайлату
С) Бағалау парақшасын тарату
Д) Бағалау критерийлеріне түсінік беру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Есептер шығару
І топ
Құрамында 4℅ қоспасы бар 20г әктастан 12г кальций оксиді алынған. Алынған өнімнің шығымын тап
ІІ топ
Массасы 10г натрий гидроксиді мен 20г тұз қышқылы әрекеттескенде түзілген тұздың массасын тап
ІІІ топ
Массалық үлесі 20℅ 150г күкірт қышқылы мырышпен әрекеттескенде қ. ж. неше көлем сутегі газы бөлінеді?
ІV топ
Массасы 30 г мыс пен алюминий қоспасына концентрациялы азот қышқылымен әсер еткенде 13, 44 л газ (қ. ж.) бөлінді. Қоспаның құрамын анықтаңдар.

2. «Ауызша есептер» (8 мин)
1. Темірдің (ІІ) оксидінің салыстырмалы молекулалық массасы нешеге тең? (72)
2. 45 г судағы моль саны нешеге тең? (2, 5 моль)
3. 11, 2 моль судың массасын есептеңдер? (201, 6 г)
4. 32 г күкірттің зат мөлшері нешеге тең? (1 моль)
5. 2 моль оттек көлемін табыңдар? (44, 8л)
6. 5л сутектің зат мөлшері нешеге тең? 0, 22 моль)
7. Массасы 177. 5г хлордың (қ. ж.) көлемі (56 л)
8. 2 моль темірдің атом санын тап (12, 04*10 23)
9. 0, 2 моль газдың көлемін (қ. ж.) есептеңдер.
10. Массасы 22 г көмірқышқыл газының көлемін (қ. ж.) табыңдар. (11, 2л )
11. газдың 1 литрінің (қ. ж.) массасы 1, 875 г. Осы газдың молярлық массасын табыңдар. (42 г/моль)
12. 1 моль азоттың массасы нешеге тең? (28 г)

4. «О й шақыру» (4 мин)
1. Темірдің маңызды құймаларын атаңыздар?
2. Шойын мен болаттың басты айырмашылығы қандай?
3. Шойынның қандай түрлерін білесіңдер?
4. Шойыннан болат дайындау дегенді қалай түсінесіңдер?
5. Легирленген болат дегенді қалай түсінесіздер және құрамына қандай элементтер кіреді?

ІV. Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбы: «Металдар мен бейметалдар, олардың арасындағы генетикалық байланыс»
Оқушылармен бірге бүгінгі сабаққа мақсат қою.
Ерте - ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, химияның жерінде, элементтер елінде «бейорганика» деген шал өмір сүріпті. Оның 4 ұлы болыпты. Ал, кәне балалар осы 4 ұлдың атын атай қойыңдаршы:
1. Оксид
2. Негіз
3. Қышқыл
4. Тұз
Бір күні шал балаларын жинап алып, өсиет айтыпты: «Балаларым, мен қартайдым, төрімнен көрім жақын. Талапты азамат ертеңгі күнін ойлар, бір апта уақыт беремін, жан - жақты зерттеп, шарлап, әрқайсыңның жаныңа сүйеніш, өміріңе азық болар зат әкеліңдер», - депті.
Ұлдары әке сөзін құп алып, жол жүріп кетіпті. Уәделі күні сапардан балаларының бәрі оралып, олжаларымен бөлісіпті.
Оқушылар «Бейорганика» шалдың балалары қандай олжа әкеліпті?
Бейорганика шал: бұларыңа өте дән ризамын, балаларым, алдағы уақытта бір - біріңнен ажырамай бірге өмір сүріңдер деген екен.
Балалары ақылдаса келіп, қасынан үй салып, үйдің арасын бір - бірімен байланыстырып, дуалмен біріктіріп қоршапты. Содан бері олар бірінен - бірі ажырамай, мынадай тізбек құрып, араласып тұратын болыпты. Олардың қасиеттерін жақсы білетін жақын көршілері ғана болмаса, оларды бірінен - бірі ажырата алмай қалады екен.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 523
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстардың терминологиялық сөздерді ағылшын тілінде меңгереді. Химиялық реакция теңдеулерін теңестіру арқылы жылдамдыққа үйренеді. Құрамын, маңызын және өмірде қолданылуын талқылайды.
Сарамандық жұмыс, «Көмірсулар, спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары мен көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыстар»
Сарамандық жұмыс, «Көмірсулар, спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары мен көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыстар»
Сарамандық жұмыс. «Көмірсулар, спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары мен көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыстар» тақырыбы бойынша эксперименттік есептерді шешу
Сандық есептер шығару
Сандық есептер шығару
Металдар мен оның қосылыстары арасындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасын, зат мөлшерін есептеу.
Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар
Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 7 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Ағишанова Ақзейнеп
Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар
Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің биология және химия пәнінің мұғалімі Жаңағұл Зәбида Сақтағанқызы
Металдар. Металдармен бейметалдардың қасиеттерін салыстыру
Металдар. Металдармен бейметалдардың қасиеттерін салыстыру
Астана Гуманитарлық колледжінің химия мен биология пәні оқытушысы Оразбек Муздальафа Омарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×