Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тотығу – тотықсыздану реакциясы

03 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Химия
Химия 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Тотығу – тотықсыздану реакциясы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тотығу – тотықсыздану реакциясын электрон – баланс әдісімен теңестіру дағдысын қалыптастыру
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық қабілетін дамыту, есте сақтау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді бекіту сабағы.
Сабақтың типі: СТО элементтері, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың әдісі: Практикалық жұмыс, сұрақ - жауап, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: Кесте, топшамалар, үлестірмелі қағаз, формула
жазылған плакат.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру бөлімі
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Сәттілік тілеу – психологиялық дайындық.
Сабақтың жоспары:
І кезең.
Қызығушылықты ояту
1. Танымдық сұрақтар беру
2. «Кім жүйрік»
ІІ кезең. «Бәрін білгім келеді» (жаңа ақпартпен танысу)
ІІІ кезең. Бекіту бөлімі. Жаңа білімді игеру деңгейін анықтау.
а) «Кім жылдам» ә) «Ойлан тап» в) «Миға шабуыл»
Қорытынды.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
І. Қызығушылықты ояту. Танымдық сұрақтар беру
1. Тотығу дәрежесі дегеніміз не?
2. Жай заттардың тотығу дәрежесі нешеге тең?
3. Қосылыстарда материалдар қандай тотығу дәрежесін көрсетеді

ІІ кезең. «Бәрін білгім келеді»
Жаңа ақпаратпен таныстырылады. Оқушыларды шығармашылыққа баулу мақсатында тақырыпқа сәйкес қосымша ақпарат бере отырып, бүгінгі сабақтың өзектілігін ашуға тырыстым.

Тотығу – тотықсыздану реакциясы процесіне

Электорлиз
Жану
Коррозия

Фотосинтез
Бұған дейін біздер коррозия мен фотосинтез процесімен таныстық.
Коррозия металдардың ауада өздігінен тотығып бүлінуі, тат түзуі.
Фотосинтез процесінде өсімдіктер ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп сумен әрекеттесіп, органикалық затпен оттегі бөліп шығарады. Ал адамдарда тыныс алу процесі кезінде фотосинтезге кері процес жүреді. Тотығу – тотықсыздану реакциясын анықтауда А. Л. Лавуазьенің еңбегі көп. 1920 - 1930 жылдар химияда электрондық түсініктің қалыптасуына байланысты оттек қатыспайтын реакциялардың да тотығу – тотықсыздану реакциялары көбінесе электрондық теңдеулермен өрнектеледі. Зарядтардың сақталу заңына қайшы келмес үшін тотығу – тотықсыздану реакциялар кезінде тотықтырғыштың қосып алған электрондар саны тотықсыздандырғыштың берген электрондар санына тең болуы керек деген жалпы ереже сақталады.
Сабақты бекіту мақсатында деңгейлік тапсырманы ойын элементтері түрінде бердім.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 754
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш
Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш
Судың диссоциациялануы. Сутектік көрсеткіш
Тотығу - тотықсыздану реакциялары. Ерітінділер мен балқымалардың электролизі
Тотығу - тотықсыздану реакциялары. Ерітінділер мен балқымалардың электролизі
Тотығу дәрежесі ұғымын, тотығу - тотықсыздану реакциясын электрон - баланс әдісін түсіндіру, электролиз туралы білімді қалыптастыру
Азот физикалық және химиялық қасиеттері
Азот физикалық және химиялық қасиеттері
Шымкент қаласы, №70 С.Бекбосынов атындағы жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Асанова Асемкул Ужетовна
Табиғаттағы су. Судың қасиеттері және қолданылуы
Табиғаттағы су. Судың қасиеттері және қолданылуы
Химия пәні мұғалімі: Жумакулова Г. Ж.
Тотығу – тотықсыздану реакциялары
Тотығу – тотықсыздану реакциялары
Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп Химия пәні мұғалімі Байбураева Бақытхан Қабышқызы
Тотығу дәрежесі. Тотығу – тотықсыздану реакциясы
Тотығу дәрежесі. Тотығу – тотықсыздану реакциясы
Химия пәнінің мұғалімі: Саркулова Нұргүл Нұртазақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×