Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менделеев туралы естеліктерден

05 наурыз 2015, Бейсенбі
Категориясы: Химия
Д. И. Менделеев туралы естеліктерден

Ғылым беделінің өсуі ғылым негізін қалаған және ғылым болашағын көре білген ғалымдарға қоғамның қызығушылығын арттырады.
ХIX ғасырдың жартысы мен ХХ ғасырдың басында ғылымда Д. И. Менделеевтің аты аталмаған бірде - бір шығарма болған жоқ.

Дмитрий Ивановичтің өмірден өткеніне 108 жыл. Жақсы білетін қызметтестері, шәкірттері, туыстарынан тірі қалған ешкім жоқ. Ғылым тарихында периодтық заңды ашқан ғалым, «Химия негіздері» кітабының авторы екенін білеміз. Ұстаз, адам ретіндегі бейнесі ұмытылып барады.

Д. И. Менделеевтің ашқан жаңалығы, сан қырлы ғылыми, педагогтық, қоғамдық істердегі ғылыми бағыты, әлеуметтік - экономикалық, философиялық маңызды ойлары бар жан - жақты ғалым.
Д. И. Менделеевке орыс химигі, профессор Л. А. Чугаев «Ғұлама химик, бірінші классты физик, гидродинамика, геология, метеорология, химиялық технология ( қопарылғыш заттар, мұнай, отын, т. б. ) саласында зерттеуші химия өнеркәсібінің терең білгірі, халық шаруашылығын оқыту ойшылы» деп баға берген.

Д. Иванович энциклопедист - ғалым. Петербург Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі. 1962 жылы ҒА химия және химия технологиясы бойынша Д. И. Менделеев атындағы сыйлық пен алтын медаль тағайындалды. 101 - элементке Менделеев есімі берілді. Қайталанбас тұлға, талантты, ғұлама педагог.

Сібірлік Д. И. Менделеев 1834 жылы 27 - қаңтарда(8 - ақпан) Тобольск қаласында гимназия директорының отбасында дүниеге келді. Әкесі Иван Павлович пен анасы Мария Дмитриеваның отбасында ең кішкенесі 17 - бала болды. Үлкен қызы тұрмыста, ал екіншісі 17 жаста, ары қарай жасөспірімдер және балалар болды. Д. Иванович туғаннан соң әкесінің екі көзі катаракта болып, екі жыл көрмей қалды. Анасы білімді, ақылды еді. Сол кездегі әйелдер жүйелі білім алмаса да үйде өз ағасынан білім алды, ағасы гимназияда болғанда өзі оқыды. Сосын күйеуге ерте шығып, күйеуінен үйренді, тұрақты оқумен өзін дамытты. Батыс генерал - губернаторы, Тобольск тұрғындары анасына барып, әңгімелесіп, хат алысып тұратын.

Д. И. Менделеев 1841 жылы Тобольскідегі гимназияға түсіп, оны 1849 жылы Ерте 15 жасында бітіреді. 1850 жылы Петербургтегі бас педагогикалық институтқа түсіп, 1855 жылы маусымда бітіреді.
Бала кезінен ұқыпты, ақша қадірін білетін, әкесі мен шешесінің аз табысқа отбасын қарап, өсіргенін білді. Анасының отбасы үшін, ақша табу үшін қалай жұмыс істегенін көрді, әрине бәрін еңбекпен тауып отырды. Д. Иванович өзіне анасының берген тәрбиесін ерекше сезіммен еске алады. Д. И. Менделеев үздік жұмыстарының бірі «Сулы ерітінділер туралы» еңбегін анасына арнады.

Д. И. Менделеев «Органикалық химия» оқулығын 1861 жылы «Химия негіздері» кітабы Менделеевтің айтуы бойынша, екі ай бойы жазу үстелінен кетпестен жазылған.
Д. И. Менделеев кейде түнімен кітап оқып, жазу жазып отыратын. Оқытудың лекция әдісі гимназия мұғалімдерінен өзгеше, ұқсамайтын, бірнеше тәжірибе көрсететін. Студенттер профессор Менделеевке ерекше құрметпен қарайтын. Менделеев аудиториясы студенттерге толы болды, барлық факультеттің студенттері келіп тыңдайтын.

Д. Иванович атом мен молекулаға нақты түсінік берілген Карлсруэдегі когресті еске алуды жақсы көретін. 1859 - 1860 жылдарда Бірінші рет шетелге шыққанын, Гейдельбургте жұмыс істегенін, Парижде, Европада саяхаттағанын еске түсіретін.
Д. Иванович қызметтестері оны өте қатты жақсы көретін, құрметтейтін. Ол оларға талап қоятын, ал өзіне одан да талапшыл болды.

Д. Иванович өз қызметтеріне, үй қызметшілеріне де үйреніп қалған, оларды ауыстыруды жақсы көрмеді. Оның киім тігушілері, етікшілері, түптеуші, типографиясы, т. б. тұрақты болды.
Ол профессор, ассистент, қызметші жолдастарында біркелкі қарады.
Балалық шағы заводта, ауыл жағдайында өткендіктен Д. Иванович еңбекті бағалап үйренді, жұмысшы адамдарға, шаруаларға құрметпен қарады. Әр ұлт адамдарына да біркелкі қарайтын. Балаларды жақсы көретін.

Д. И. Менделеев ғұлама адам, еңбекқор, өзін аямай еңбек ететін Д. Иванович еңбегі оны бәрінен жоғары қойды. Оны данышпан, ғұлама деп айтқанды жақсы көрмейтін.
Д. И. Менделеев Петербург университетінің профессоры болғанда студенттер 2 - 3 сағат бұрын партаға отыру үшін ерте келетін, терезеде отыратын, коридорда түрегеп тұрып лекциясын тыңдайтын болған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 139
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіне ізденіс - саяхат сабағы
Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіне ізденіс - саяхат сабағы
Периодтық кесте, Периодтық жүйе бойынша пәндік ұғым негіздерін зерделеу; пәнаралық ізденіс арқылы білімдерін тереңдету
Периодтық жүйе элементтерімен танысу
Периодтық жүйе элементтерімен танысу
Балалар, бүгінгі сабақта Д. И. Менделеевтің химиялық элементтерінің периодтық жүйесіндегі элементтерімен танысамыз. Сабақта белсенділік көрсетіңдер, сәттілік тілеймін.
Д. И. Менделеевтің периодтық заңы. Жаңа химиялық элементтердің ашылу туралы мәліметтер
Д. И. Менделеевтің периодтық заңы. Жаңа химиялық элементтердің ашылу туралы мәліметтер
Менделеевтің периодтық жүйесінің маңызы. Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны бойынша элементтің және оның қосылыстарына сипаттама беру, элементтің басты сипаттамалары, олардың атом құрылысы мен өзара байланысы, периодты заң туралы
Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Гульназ Чапетқызы
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Астана қаласы ЖШС « Медициналық – техникалық колледж» Биология химия пәндерінің оқытушысы Сатпаева Мағрипа Мағзұмқызы
Менделеевтің периодтық таблицасы
Менделеевтің периодтық таблицасы
Менделеевтің периодтық таблицасы Бұл жинақтан Менделеевтің периодтық таблицасын және оның электронды нұсқасын, Менделеевтің фотосуретін таба аласыздар.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×