Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еліміздің көмірсутек шикізаттары

20 қараша 2015, Жұма
Категориясы: Химия
Жамбыл облысы, Қаратау қаласы,
№2 Қаратау колледжінің химия пәні мұғалімі
Жакенова Манзура Қартқожаққызы

Сабақтың тақырыбы: Еліміздің көмірсутек шикізаттары
Сабақтың мақсаты: а) "Қазақстандағы газ, мұнай, көмір өнеркәсібінің негізгі кен орындары" сабағын өткізгенде мұнай өнімдерінің құрамын, қасиеттерін, алыну, қолдану мәселелерін зерделеу арқылы білім сапасын арттырып, өндіріске жоғары кәсіпті, жан - жақты ақпарат алған маман барады деп сенуге болады.
б) оқушылар еліміздегі көмірсутек шикізатын пайдаланудың негізгі бағыттарымен танысады
в) кен орындарын пайдаланумен қатар табиғатты қорғау, коршаған ортада оң экологиялық жағдай қалыптастыруға жұмылдырылды.
Сабақ ауызша журнал түрінде өтілді.

Журнал парақтары:
1. Сауалхана.
2. "Сөздің көркі — мақал".
3. "Ғажайып табиғат байлығы". Оқушы ізденістері.
4. "Химия тұрмыста". Пайдалы кеңес.
5. Экологиялық досье.
6. Әдеби бет.
7. "Қазақстан - 2030".

Журналдың 1 - ші беті: "Сауалхана".
Оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Отынның агрегаттық күйлерін атап, мысал келтіріңіз.
2. Отынның жану жылуы деген не? Қай отынды жаққанда жылу жылу көп бөлінеді?
3. Қатты отынды өңдеу әдістері қандай? (пиролиз, газдандыру, гидрогендеу).
4. Тас көмірді өңдеуде алынатын 4 өнімді атаңыз. (кокс, кокс газы, шайыр, аммиак).

Кіріспе: Қазақстан газ, мұнай және тас көмірқоры жөнінен әлемдегі табиғи ресурстары бай елдердің қатарына жатады. Көмірсутекті отын, мұнай, және табиғи газ бүкіл әлемнің өркендеуінің өзегі болып отыр. Қазақстан әлемдік рынокқа көмірсутекті отынды шығарушы елдердің бірі.
Әлемдік экономикада мұнай рөлі күннен - күнге артып келеді. Соңғы жылдары империалистік саясаттағы барлық дағдарыстар әлемдік мұнай нарығынан бастау алған.

Капиталистік елдердегі мұнай - газ өнеркәсібінің дамуы тарихына үңілсек, ішкі, сыртқы қақтығыстар, үлкенді - кішілі жанжалдар мұнай төңірегінде. Соған қарамастан, адамдар мұнайдың болашағынан үміт күтеді. Жер қыртысынан мұнай өндіруді үйренгеннен бастап мұнай өнімдеріне деген сұраныс толастаған емес. Ең бастысы, энергияның маңызды көзі — отын ретінде бағалануы. Оның жасырын күші космос кемелерін жұлдыздар биігіне көтеріп, ұшақтарға ұшқырлык, автокөліктерге сенімді жүріс береді.
Әлемде өндірістің бірде - бір саласы тікелей не жанама түрде мұнай - химия өнімдерін қолданбай, қалыпты дами алмайды десек, артық айтқандық емес. 1 тонна мұнайдан алынатын өнім 15 тонна сұр көмірден алынатын химиялық шикізаттарға тең. Мұнай — әлемдік өркениет қаны десек, химиялық шикізат — прогресс тамыры.
Мұнай коры жерде әлі көп пе? 1980 жылы 3 млрд. тонна өндірілді, әлемдік салмағы 47%. 2000 жылдан бастап тұтыну қажеттілігі 1, 7 есе өсті. Ендеше, адамзатқа мұнай ресурстарын қамсыз қолдануға жол жоқ. Сол себепті, мұнайдың жаңа кен орындарының көздерін, тиімді технологиясын жетілдіру жолдарын іздестіру қажет.
Қазақстан жері де мұнайдан химиялық, технологиялық шикізат даярлауға ден қоюы керек.
Журналдың 2 - беті: "Сөздің көркі - мақал". Айтылған мақалдың мағынасын географиялық тұрғыдан түсіндіріңіз.
"Жері байдың — елі бай ".
"Күте білсең, жер жомарт ".

Қазақстан да әлемдік рынокқа отынның көмірсутектер түрін шығаруда. Сол мұнай тарихына үңілсек.
Журналдың 3 - беті: "Ғажайып табиғат байлығы".
І - оқушы: « Мұнай өңдеу саласының даму тарихы»
Мұнайды пайдалану ерте замандардан бері келе жатқаны белгілі. Жайық – Жем (Ембі) алабы мен таулы Маңғыстауда жер бетіне шығып жатқан және тайыз құдықтарға жиылған мұнайды қазақтар ерте кезден пайдаланған.
Қазақстанда мұнай іздеу мен барлауға бағытталған бұрғылаулар 1892 жылы Жайық - Жем алабында басталды. Осындағы Қара шүңгіл мұнай кенінде 1899 жылы бұрғыланған ұңғыдан алғашқы фонтан атқылады. Екінші күшті фонтан 1921 жылы 29 сәуірде Доссорда бұрғыланған ұңғыдан берілді. 1914 жылы Мақат мұнай кені пайдаланылуға берілді.
XIX ғасырдың екінші жартысына дейін мұнайды отын ретінде
пайдаланды. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап мұнайдан керосин айыратын қондырғылар салына бастады. Керосин жарықтандыруға пайдаланылды.. XX ғасырдың басынан бастап автомобиль, ал содан кейін авиация көлігі тез қарқынмен дами бастады, ал бұл салаға бензин қажет болды. Сондықтан мұнайды өңдеу процестерін тереңдету қажеттілігі туды, онымен бірге басқа да өнімдер – лигроин, керосин, майлайтын майлар ала бастады. XX ғасырдың 30 жылдарынан бастап мұнайдан отын мен майлайтын майлардың өндірісімен қатар химия өнеркәсібіне қажетті өнімдер: этилен, пропилен, бутан, бутилен, фенол, бензол шығара бастады.

2 - оқушы; "Табиғи газ жайлы".
. Табиғи газдардың негізгі құраушылары: метан (СН4), пропан (С3Н8), бутан (С4Н10|). Қоспалары: тез қайнайтын көмірсутектер (пентан, гексан т. б.) көмірқышқыл газы (СО2), азот (N2), күкірт (8), сутек (Н2), инертті газдар (Не, Nе, Аг, т. б.) 1, 5 шақырымға дейінгі тереңдікте табиғи газдардың құрамында метан басым келеді, тереңдеген сайын метанның гомологтары молая түседі.
Табиғи газ шөгінді тау жыныстарындағы органикалық заттардың катогенетикалык түрленуінен түзіледі, шоғырлануы тектоникалық факторларға байланысты. Құрылымдық ерекшелігіне қарай газ иірімдері қатты және тұтас болып бөлінеді. Қатты иірімдер газы шоғырлануға қолайлы жағдайлары бар тау жыныстарында, ал тұтас иірімдер газы тек белгілі бір қабаттан ғана орын алады. Газ және газды - конденсатты кендердің 85%- ы саздармен қабаттаса келген кұмды, құмды - алевритті тау жыныстарында кездеседі. Қазақстанда табиғи газдың мұнаймен бірге кездесетін Құлсары, Прорва, Өзен, Жетібай, Қарамандыбас және жеке кендері Шөмішті, Шағырлы, Жақсықоянқұлақ, Жаманқоянқұлақ, Бозой, Қызылой, Теңіз. Табиғи газ - өте бағалы отын. Оны өндеу кезінде метил спирті, формальдегид, ацетальдегид, сірке қышқылы, ацетон, этилен, пропилен, пластмасса, жасанды каучук, жасанды талшық. т. б. көптеген органикалық қосылыстар алынады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 162
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру
Химиядан сабақ жоспары
Химиядан сабақ жоспары
Мұнай. Мұнайдың құрамы, қасиеттері және алынатын өнімдері. Қазақстандағы көмірсутекті кен орындары және оларды пайдалану. Сабақтың мақсаты: көмірсутектердің табиғи көздері, мұнай, мұнайға серік газдар, олардан алынатын өнімдер, отынның түрлері, газ,
Мұнай, газ және көмірді өңдеу.Қазақстандағы пайдалы қазбаларды
Мұнай, газ және көмірді өңдеу.Қазақстандағы пайдалы қазбаларды
Мұнай, газ және көмірді өңдеу. Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеу және экологиялық аспектілер
Химияны оқыту үрдісінде экологиялық есептер шығару әдістемесі
Химияны оқыту үрдісінде экологиялық есептер шығару әдістемесі
Қоршаған ортаға индустриалды араласудың күшеюі жан – жақты ластануға әкеп соқтырды. ҚР - да қоршаған ортаның ластануы болмаған бірде – бір аймақ қалған жоқ.
Мұнай, мұнайға серік газдар, құрамы.
Мұнай, мұнайға серік газдар, құрамы.
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы. химия пәні мұғалімі Арай Айтмырзақызы
Көмірсутектердің табиғи көздері. Кокстеу өндірісі
Көмірсутектердің табиғи көздері. Кокстеу өндірісі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақтоғай кенті. Химия пәні мұғалімі Кошкенбаева Роза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×