Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Фосфор және оның қосылыстары

25 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Химия
«№2Қашар орта мектебі»КММ
Химия пәні мұғалім: Табарикова Тарбия Исаевна

Химия 9 сынып
Сабақ тақырыбы: Фосфор және оның қосылыстары
Сабақ мақсаты: а). Білімділік: Оқушыларға фосфор элементі, оның кездесуі, қасиеттері туралы түсінік беру.
б). Дамыту: Пәнге қызығушылықтарын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
в). Тәрбиелік: Мамандық таңдауға, табиғат байлықтарын қорғауға үйрету, адамгершілік қасиеттерін байыту
Сабақ түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақ әдісі: аралас әдіс: мамандықтар иелерінің диалогы әдісі, ойын, жұмбақтар шешу, көрсетпелі сабақ әдісі
Сабақ көрнекілігі: Менделеев кестесі, фосфор ойыншық, калий перманганаты, формулалар, интертақта
Сабақ байланысы: биология, медицина, әдебиет, география
Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру. Оқушылардың көңіл - күйлерін сабаққа дайындау Сабақ жоспарымен таныстыру
2. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Азот нешінші топта орналасқан 2. Азоттың электрондық формуласы 3. Азоттың оттекті қосылыстары 4. Азоттың сутекті қосылыстары 5. Қайсы қосылыс көңілдендіруші газ деп аталады
3. Жаңа тақырыпты хабарлау Бұл тақырыпты өту бойынша оқушылардан алдын - ала дайындалған әртүрлі мамандық иелері химик, алхимик, геохимик, бастаушылар өз білгендері бойынша мәлімет береді. Оқушылар тиісті сұрақ беруге дайын отырады. Бұлар арасында өзара жарыс, сынақ түрінде сұхбат өткізіледі.
Бастаушы: Біз бірге ізденіп, кереметтер тарихын үйреніп шықтық, оның аты «Химиялық элементтердің периодтық системасы»екен. Оған 1869 жылы ұлы химик Д. И. Менделеев негіз салған. Периодтық жүйеде 7 период, 10 қатар, 8 топ болып 109 элемент тәртіпті түрде жайласқан.
Химик: Білесіздер ме, бүгінгі кереметтер тарихындағы үйренетін ғажайып элементіміз - фосфор. Ол периодтық жүйенің 5 тобының негізгі элементі болып азот топшасына тиесілі екен. Осы топшадағы 5 аға - іні элементтердің сыртқы электрон қабаттарындағы электрондар саны бірдей болады. Сол себепті олардың тотығу дәрежесі+5, төменгі тотығу дәрежесі - 3 ке тең.
Геохимик: Осы бес элементтің аттары да өте қызықты екен.
Оқушылар: Қандай екен, біздерде білейік.
Геохимик: Әрине, азот - лайықсыз, фосфор - иісті, мышьяк - танымал у, бес мың жасты металдар бөрісі, қанша көңілдерді паршалаған - сурьма мен висьмут.
Оқушылар: Өте қызықты екен.
Алхимик: Таптым, таптым.
Оқушылар: Нені, нені таптың.
Алхимик: Көп таңырқай бермеңдер, кеше «Қызықты химия» кітабын оқып, бір жұмбақтың жауабын таба алмаған едім, сіздер айтқан элементтердің бірінің аты қызықты жұмбақ жауабын табуға жәрдем берді.
Оқушылар: Есітейікші.
Алхимик: Жарайды, айтсам айтайын
Өзі екі қабатты, онда 7 электрон, толық аяқталуы үшін 3 электронға зар.
5 электрон беріп +5 ке жетеді, сутекті қосылыс құстай ұшып кетеді Жоғары оксидін алу біраз қиындау. бірақ оның қосылысы табиғатта көп ұшырар
Үнемі бір оксиді күлдіруші газ болар, иіскеп қалған кісілер тек ха - халап көп күлер
Химик: Тоқта бұл жағын біз жалғастырамыз.
Оқушылар: Иә, ақыры біз өткен сабақта «Азот пен оның қосылыстарын үйрену» бойынша осы жұмбаққа жауап тапқан едік. Осы жұмбақ арқылы азот және оның қасиеттеріне баға берген едік.
Химик: Құрметті алхимик, білмесеңіз енді байқаған шығарсыз.
Алхимик: Эх, әттең осындай қызықты саяхатқа шықпаған екенмін де,
Химик: Ештеңе етпейді, бұдан кейін сабақ қалдырмайсыз.
Алхимик: Кіналай бермеңдер, жақсы дайындалып келгенмін.
Химик: Азоттың аналогы эс - пе - үш, иондану күшімен радиусы үлкендеу.
Онсыз ақуыз болмайды, ми мен сүйек толмайды.
Өзі үш түрлі формада, ағы өте улы
Ерінбей ұзақ уақыт жайменен қыздырсаңыз көкшіл қызыл зат пайда болар лезде.
Үлкен қысым астында қыздыруды жалғастырсақ,
Майлы графит сияқты қарасы пайда болар
Табиғатта ұшырайтын бір изотопы бар, кәдімгі жағдайда да хлорда жанады.
Суда ерімейді десем барлығы біліп алады
Алхимик: Өте жақсы жұмбақ екен.
Геохимик: Дұрыс, бұл фосфордың қасиеттерін көрсететін жұмбақ екен.
Бастаушы: Фосфордың химиялық белгісі Р, атом ядро заряды +15 ке тең болып, айналасында 15 электрон үнемі әрекетте болады. Р периодтық кестеде бесінші топта, үшінші пениодта орналасқан, оның реттік нөмірі 15, ол қосылыстар түзгенде 3 электрон қабылдап, 5 электрон бере алады.
Химик: Сіз фосфор туралы жақсы түсінік бердіңіз. Енді маған күкірт беріңіз.(химик күкіртті жандырады). Күкірт не үшін жанды, білесіңдер ме,
Алхимик: Өзің түсіндіріп берші.
Химик. Бертоле тұзын білесіңдер ме,
Геохимик: Әрине, білеміз, біз онымен «Хлор» тақырыбын өткенде танысқанбыз.
Химик: Қызыл фосфорды есіттіңдер, кәдімгі сіріңкенің жануы мына реакцияға негізделген.
6Р+5КСlO ₃=5KCl+3P ₂O ₅

Фосфордың бертоле тұзымен қоспасы өте тұрақсыз, ол әлсіз үйкеліс жасағанда жанады, сөйтіп адамзат үшін қажеттінің бірі от жағу үшін қолданылады. Алғаш сіріңке дайындауға ақ фосфор қолданылған, ол улы болғандықтан және оңай тұтанатын болғаны үшін қауіпті болды. Сондықтан қазіргі кезде сіріңке дайындауда қызыл фосфор қолданылады. (Сіріңке суреті көрсетіледі) Оны майда шыны және желіммен араластырып, сіріңке қорабының бүйіріне жағады. Ал ақ фосфордан соғыс кезінде өртегіш бомбаларға және түтіннен шымылдық жасау үшін қолданылады.
Бастаушы: Көбіне осы жағдайды тірі организмдер құрамындағы фосфор қосылыстарын үйренгеннен соң бөлшектену нәтижесі деп есептеледі.
Оқушы: Тап сондай, фосфор сөзінің өзі грекшеден алынған болып, «жарық беруші» деген мағынаны білдіреді.
Химик: Ақ фосфор өте улы зат, ол жайлы және бір жұмбақ айтамын.
Бастаушы: Бүгін біз фосфор әлеміне саяхатқа шығып, оның қасиеттерімен таныстық. Химик пен алхимикке сұрақтарың барма. Оқушылар өз сұрақтарын береді.
Оқытушы: Фосфорды алғаш рет Гамбургтік алхимик Бранд 1669 жылы алды. Оның 3 түрі бар, ақ, қызыл, қара. Ақ фосфор жарық береді, оның атыда содан келіп шыққан.
Фосфор әсіресе адам организмінде миде, сүйекте көп болады. Ол сүйекке мықтылық береді. Ақ фосфор жарық шығаратын болғандықтан «түнде мазардан от көрінді» деп айтушылар да кездеседі. Бұл от фосфордың жарық шығаруы. Күнделікті тұрмыста үй бұйымдарында сағат, телефондарда фосфор бар. Бүгін химик, алхимик, геохимик және бастаушы болған оқушыларымыз осы саяхатта фосфор туралы жақсы мәлімет берді. Оларға сабаққа жақсы қатысқандығы үшін рахмет айтамын, бағалаймын.
Үйге тапсырма: Фосфор тақырыбын оқып келу

Толық нұсқасын жүктеу
4 956
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Азот және фосфор тақырыбын қайталау
Азот және фосфор тақырыбын қайталау
Азот және фосфор жайлы білімдерін бір жүйеге келтіру. Оқушылардың таным қабілеттерін дамытып, өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік беру.
Фосфор. Фосфордың оттекті қосылыстары
Фосфор. Фосфордың оттекті қосылыстары
Фосфордың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, ашылу тарихы, фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері, табиғатта кездесуі мен маңызы туралы түсінік беру. Сабақта фосфордың маңызды қосылыстары – фосфин, фосфор оксидтері, фосфор қышқылы туралы
Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Азот атомының сипаттамасын Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру. Азоттың тотығу дәрежесі, валенттілігі туралы; азоттың қосылыстары туралы оқушылардың білімін тереңдетіп кеңейте түсу.
Фосфор және қосылыстары
Фосфор және қосылыстары
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің химия пәнінің мұғалімі: Наурызбаева Гульназ Чапетқызы
Фосфор. Фосфордың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Фосфор. Фосфордың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Қарағанды облысы, "Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі" КММ химия пәнінің ІІ санатты мұғалімі Қуанбекова Ж. Ж.
Фосфор және қосылыстары
Фосфор және қосылыстары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің жоғары санатты, химия пән мұғалімі Нұрмашева Жазық Әлімбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×