Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Метан қатарындағы көмірсутектер туралы түсінік

19 мам 2016, Бейсенбі
Категориясы: Химия
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі
Химия пәні мұғалімі: Саудағалиева Бибізада Ізетқызы

Сабақтың тақырыбы: Метан қатарындағы көмірсутектер туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: білімділік: Көмірсутектерді жіктеуге сүйене отырып алкан, алкен, алкин, арендер жайлы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру; қаныққан көмірсутектер жайлы жан - жақты түсінікті метан мысалында қалыптастыру және алкандар жайлы білім беру.
тәрбиелік: Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге; тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру; белсенділіктерін, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ - жауап, ой - толғаныс, репродуктивті кестелермен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: 1. Интерактивтік тақта
2. Сабақ тақырыбы бойынша презентация.
3. Зертханалық құрал - жабдықтар.
4. Екі түсті карточкалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа қажетті құралдарын түгелдеп, дұрыс отыруына назар аудару. Сабақ мақсатын түсіндіру (1 - слайд).

II. Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Сұрақ - жауап» (2 - 11 слайдтар)
1. Органикалық химия қандай химия саласы?
2. Органикалық заттар дегеніміз қандай заттар?
3. Органикалық химияның негізгі элементі?
4. Органикалық қосылыстардағы көміртектің валенттігі?
5. Органикалық қосылыстар қалай жіктеледі?
6. Метан құрамындағы көміртектің, сутектің массалық үлесі?
7. Метан табиғатта қалай түзіледі және қайда кездеседі?
8. Метанның физикалық қасиеттері қандай?
9. Метанның химиялық қасиеттері?
10. Метан қандай газбен қопарылыс беретін қоспа түзеді?

2. Химиялық тәжірибе: метанның екі түрлі жағдайда жануы (12 - 13 слайдтар).

3. Табиғи газды тұрмыста қолданудың қауіптілігі қандай?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру барысы: (14 - слайд)
Көмірсутек молекуласындағы сутек атомының орнын басқа атомдар мен атом топтары басқанда көмірсутектердің туындылары түзіледі. Мысалы, метан молекуласындағы бір сутек атомын метил тобына – СН₃ алмастырса, этан түзіледі.

Толық нұсқасын жүктеу
3 138
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қанықпаған көмірсутектер. Этилен
Қанықпаған көмірсутектер. Этилен
Қанықпаған көмірсутектер туралы түсінік бере отырып, этиленнің құрылысы, қасиеттері, қолданылуын қарастыру.
Алкандардың алынуы, қасиеттері, таралуы.
Алкандардың алынуы, қасиеттері, таралуы.
Оқушыларға алкандардың алынуын, физикалық, химиялық қасиеттерін және таралуын меңгерте отырып, химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға дағдыландыру.
Циклоалкандар, гомологтық қатары, құрылысы, изомерленуі, қасиеттері, алынуы, қолданылуы
Циклоалкандар, гомологтық қатары, құрылысы, изомерленуі, қасиеттері, алынуы, қолданылуы
Циклоалкандар жайлы мағлұмат беру. Қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласын, физикалық және химиялық қасиеттері мен циклоалкандардың қасиеттерін салыстыра білу, тиісті химиялық теңдеулерін жазу. Циклоалкандарды алу әдістерімен қатар табиғатта
Қаныққан көмірсутектер. Метан
Қаныққан көмірсутектер. Метан
Атырау облысы, Атырау қаласы, №31 мектеп – гимназиясының химия пәні мұғалімі Мусагалиева Динара Даутқызы
Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер
Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы Ырғыз орыс орта мектебінің математика пәні мұғалімі Нұртаза Галина
Алкандардың алынуы, қасиеттері, таралуы
Алкандардың алынуы, қасиеттері, таралуы
Қызылорда облысы Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп лицейдің химия пәнінің мұғалімі Демеубаева Әсем Көбейсінқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×