Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алкандардың алынуы, қасиеттері, таралуы.

15 ақпан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: Алкандардың алынуы, қасиеттері, таралуы.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға алкандардың алынуын, физикалық, химиялық қасиеттерін және таралуын меңгерте отырып, химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ - жауап, ой - толғаныс. Репродуктивті кестелермен жұмыс. Іскерлік ойындар.
Сабақтың көрнекіліктері: 2. Дидактикалық ойын «Химиялық суреттер».

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа қажетті құралдарын түгелдеп, дұрыс отыруына назар аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау:
1. «Даналық ағашы» іскерлік ойыны.
Бұл ойында оқушылар жеміс ағашындағы жемістерді алу арқылы өздеріне
ұпай яғни фишка жинайды.
Ең көп ұпай санын жинаған оқушыға жеміс ағашының ең ұшындағы «Білім кілті» табыс етіледі. Яғни «5» деген бағаны иемденеді. Қалған оқушылар жинаған ұпай санына қарай бағаланады.
«Даналық ағашы» іскерлік ойынының сұрақтары:
1. Алкандарды басқаша қалай атауға болады? Не себепті?
2. Алкандар неге қаныққан көмірсутектер деп аталады?
3. Гамологтар дегеніміз не?
4. Гомологтық қатар дегеніміз не?
Келесі сұрақ тәжірибе сұрақ:
5. Белгісіз қаныққан көмірсутектің молекулалық моделі берілген.
Сұрақ: Малекулалық моделъ арқылы қаныққан көмірсутекті табу және оның изомері құрастыру.
6. Келесі сұрақ «Бейне сұрақ»
Бірінші сұрақты қоятын ауданымыздағы Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің химия пәнінің мұғалімі: Қаймақбай Күміс апай.
Сұрақ: Қаныққан көмірсутектердің барлығында көміртегі атомының тотығу дәрежесі бірдей емес, мысалы: метан молекуласында - 4;
Ал этан молекуласында көміртегі қандай тотығу дәрежесіне тең?
Жауабы: - 3;
7 Екінші бейне сұрақты мектебіміздің химия - биология пәнінің мұғалімі Ізбан Нұрсұлу апай қояды.
Сұрақ: 2 - метил 4 - этил гександа қанша изомер бар?
Жауабы: екі изомер бар.
2. Химиялық сурет
Келесі үй тапсырмасын сұраудың шарты сурет бейнеленген химиялық құбылысты табу. (презентацияда көрсетілген).

Алкандардың алынуы, қасиеттері, таралуы. жүктеу
2 109
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алкандар. Алкандардың құрылысы, алкандардың табиғатта кездесуі мен алынуы және қасиеттері.
Алкандар. Алкандардың құрылысы, алкандардың табиғатта кездесуі мен алынуы және қасиеттері.
Метан қатары көмірсутектерінің жалпы формуласы, анықтамасы, гомологтық қатары, гомологтық айырымы, радикалдар, түрлері, изомерлердің формуласын құрастыру ережесімен танысады және көмірсутектердің халықаралық атауларына сәйкес формула құруды үйрету.
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы (ашық сабақ)
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы (ашық сабақ)
Қышқылдардың физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы туралы түсінік беріп, білімділік және біліктілік дағдыларын қалыптастыру.
Циклоалкандар, гомологтық қатары, құрылысы, изомерленуі, қасиеттері, алынуы, қолданылуы
Циклоалкандар, гомологтық қатары, құрылысы, изомерленуі, қасиеттері, алынуы, қолданылуы
Циклоалкандар жайлы мағлұмат беру. Қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласын, физикалық және химиялық қасиеттері мен циклоалкандардың қасиеттерін салыстыра білу, тиісті химиялық теңдеулерін жазу. Циклоалкандарды алу әдістерімен қатар табиғатта
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Галогендер туралы білімдерін жетілдіру, химиялық элементтердің атом құрылысы, жай зат - галогендер, олардың физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы, алынуы: хлордың оттекті қышқылдары туралы білімді қалыптастыру
Метан қатарындағы көмірсутектер туралы түсінік
Метан қатарындағы көмірсутектер туралы түсінік
Көмірсутектерді жіктеуге сүйене отырып алкан, алкен, алкин, арендер жайлы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру; қаныққан көмірсутектер жайлы жан - жақты түсінікті метан мысалында қалыптастыру және алкандар жайлы білім беру.
Алкандардың алынуы, қасиеттері, таралуы
Алкандардың алынуы, қасиеттері, таралуы
Қызылорда облысы Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп лицейдің химия пәнінің мұғалімі Демеубаева Әсем Көбейсінқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×