Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химиялық реакциялардың жылу эффектісі. Химиялық реакциялардың жылдамдығы

03 қаңтар 2017, Сейсенбі
Категориясы: Химия
Химиялық реакциялардың жылу эффектісі. Химиялық реакциялардың жылдамдығы
Химия 10 - сынып
Білімділік мақсаты:
дамытушылық:
тәрбиелік: «Химиялық реакция жылдамдығы» туралы алған білімдерін ары қарай жетілдіру, химиялық реакция жылдамдығына әсер етуші факторлар, әсер етуші массалар заңы туралы және Вант - Гофф ережесін түсіндіре отырып, білімді қалыптастыру; Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер етуші факторларды түсіндіре білу, қорытындылау.
Құрамы мен қасиеттері, кристалл торы арасындағы байланысқа көңіл аудару, есте сақтау, көңіл аудару қабілеттерін дамыту;
Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі: Жаңа сабақ түсіндіру
Сабақ өткізілу түрі: Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу, жаттығулар орындау, 11 - Б - 2 көрсету.
Құралдар мен реактивтер: интерактивті тақта, 11 - Б - 2

Ұйымдастыру кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
- сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
- оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Сабақтың білімділік мақсаты:
- үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру;
- білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді, тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау;
- кеткен кемшіліктерді жою.
Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

Оқушыларды білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
1. Сабақ тақырыбын хабарлау. Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою. Білімді жаңғырту.
(Актуализация )
Білімділік міндеттері:.
- оқушылардың білім алуға деген ынта - ықыласын жұмылдыру.
- оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі.
2. Оқыту проблемалары:
Химиялық реакцияның жылдамдығы
1. Білімді жаңғырту:
Жеке сұрақтар қою:
* Химиялық реакциялар бірдей жағдайда жүре ме?
Химиялық реакциялардың жылдамдығына не әсер етеді?

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына, алған білімнен қорытынды
шығаруға, жүйелеуге қажетті түрлі әдіс – тәсілдерді үйрету;
- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы; берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға, түсініктерді, заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2. Мұғалімнің түсіндіруі:
Химиялық реакциялардың жылдамдығын оқытатын бөлім химиялық кинетика деп аталады. Реакция жылдамдығы бұл әрекеттесуші заттардың белгілі уақыт бірлігінде біреуінің концентрациясының өзгеруі. 4. 1. Химиялық реакцияның жылдамдығы
Химиялық реакцияның жылдамдығын зерттейтін химияның бөлімін — химиялық кинетика деп атайды. Химиялық реакцияның жылдамдығы деп уақыт бірлігінде әрекеттесетін заттардың немесе реакция өнімдерінің біреуінің концентрацияларының өзгеруін айтады. Бұл кезде реакцияға қатысатын зат қандай болса да бәрібір: олардың барлығы өзара реакция теңдеуімен байланысқан, сондықтан олардың біреуінің концентрациясының өзгеруі бойынша қалғандарының концентрациясының өзгеруі туралы айтуға болады. Әдетте концентрация моль/л, ал уақыт секундпен немесе минутпен өрнектеледі.

A+B=C+D теңдеуі бойынша өтетін реакцияның жылдамдығын жалпы түрде қарастырайық. А заты жұмсалған сайын реакция жылдамдығы кемиді, А затының концентрация - cының белгілі бір t1 уақыт кезеңінде С1 шамасымен өлшенеді, ал t2 кезеңінде С2 - ге тең, сонда t = t2 - t1 уақыт аралығында заттардың концентрациясының өзгеруі C = C2 – C1 құрайды, осыдан реакцияның орташа жылдамдығы ( v ) мынаған тең:

Минус белгісі А затының концентрациясы кемігеніне сай, яғни с2 – c1 айырмасы теріс мәнді болғанда қойылады, өйткені реакция жылдамдығы тек оң шамалы болады.
Химиялық реакциялар газ қоспасының немесе ерітіндінің көлемінде және қатты заттың бетінде жүреді. Осыған байланысты реакция жылдамдығы туралы мәселені қарастырғанда гомогенді жүйеде (гомогенді реакциялар) жүретін реакцияны және гетерозегенді жүйеде (гетерогенді реакция) жүретін реакцияларды айырып алу керек. Бір фаза - дан тұратын жүйені гомогенді, бірнеше фазадан тұратын жүйені гетерогенді деп атайды.( Фаза - жүйенің бөлігі, оның басқа бөліктерінен бөліну беті арқылы бөлінген)
Гоиогенді реакцияның жылдамдығы деп жүйенің белгілі бір көлемінде уақыт бірлігі ішінде реакцияға қатысқан немесе реакция кезінде түзілген заттың мөлшерін айтады.
Оны математикалық түрде былай өрнектейді:

Атырау облысы, Атырау қаласы,
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің
биология және химия пәні оқытушысы
Назарова Шынар Талғатқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 964
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы және оның маңызы. Изомерия
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы және оның маңызы. Изомерия
Оқушылардың органикалық реакциялардың жіктелуі және механизмі туралы алған білімдерін қайталау;
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау; Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу.
Химиядан күнделікті сабақ жоспарлар (10 сынып)
Химиядан күнделікті сабақ жоспарлар (10 сынып)
Химиялық реакцияның жылдамдығын зерттейтін химияның бөлімін — химиялық кинетика деп атайды. Химиялық реакцияның жылдамдығы деп уақыт бірлігінде әрекеттесетін заттардың немесе реакция өнімдерінің біреуінің концентрацияларының өзгеруін айтады.
Химиялық реакциялардың жылу эффекті
Химиялық реакциялардың жылу эффекті
Ақтөбе қаласы, №40 орта мектебінің химия және биология пәні мұғалімі Адиева Гүлмира Өксікбайқызы
Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар
Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар
Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің химия пәні оқытушысы Тоқсанбаев Нұрбол Төребайұлы
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Астана қаласы ЖШС « Медициналық – техникалық колледж» Биология химия пәндерінің оқытушысы Сатпаева Мағрипа Мағзұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×