Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химиядан интеллектуалды олимпиада білім сайысы

04 наурыз 2018, Жексенбі
Категориясы: Химия
Химиядан сыныптан тыс жұмыс

«Интеллектуалды олимпиада» білім сайысы

1 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2 жүргізуші: 9 және 10 сынып аралығындағы «Интеллектуалды олимпиада» білім сайысына қош келдіңіздер!
1 жүргізуші: Ойын шаттарымен таныс болыңыздар
1 - тур: 2 топ өздерін таныстыру әр топқа 20 ұпайдан беріледі
2 - тур: берілген 10 сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі.
3 - тур: 6 ұяшықтың біреуін таңдап берілген сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 30 ұпай беріледі.
4 - тур: Әр топ өздері ставка қойып жауап береді, жауап дұрыс болса ұпай қосылады, егер қате болса шегеріледі.
2 жүргізуші: Әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек.
1 жүргізуші: Бірінші турға кезек берсек, екі топ өздерін таныстырып өтсе.
2 жүргізуші: 2 тур. «иә» және «жоқ»
1 жүргізуші: 1 - ші топқа.
1. Мүсәтір спирті аммиактың судағы ерітіндісі ма? «Иә»
2. Периодтық жүйені Ломоносов ашты ма? «Жоқ»
3. Судан екі есе жеңіл металл Калий ма? «Жоқ»
4. Фосфор өмір мен ой элементі деп атала ма? «Иа»
5. Элементтің таңбаларын ұсынған Аррениус па? «Жоқ»
6. Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай бейметалдық қасиет арта ма? «Жоқ»
7. Бір элементтің бірнеше жай зат түзу қасиетті аллотропия деп атала ма? «Иа»
8. Электр шамдарының жіңішке сымдарын вольфрамнан жасай ма? «Иа»
9. Натрий тұздары жалынды сары түске бояй алама? «Иа»
10. Сілтілік металдарға темір жата ма? «Жоқ»
2 жүргізуші:
1. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым Аррениус па? «Иә»
2. Кремний қышқылдарының тұздары карбонаттар деп аталама? «Жоқ»
3. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл иод па? «Иә»
4. Азот молекуласы полюссіз коваленті байланыс түзе ма? «Иә»
5. Заттар және олардың бір - біріне айналуы туралы ғылым Физика ғылымы ма? «Жоқ»
6. Химия ғылымың тарихында ұлы алтын заң ашқан Менделеев па? «Иә»
7. Зат массасының сақталу заңын ашқан ірі орыс ғалымы Ломоносов па? «Иә»
8. Ең қиын балқитын металл алтын ба? «Жоқ»
9. Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент мырыш па? «Иә»
10. Темекі құрамына кіретін улы зат никотин ба? «Иә»
1 жүргізуші: Ойын ойнату.
2 жүргізуші: Ойлай болса ІІІ турымызға кезек берсек. Әр бір дұрыс жауапқа 30 ұпайдан берілетінін естеріңізге сала кетейін. 9 сынып оқушылары алдарыңызда алты ұяшық тур соның ішінен біреуін таңдаңыздар:
1 - ші ұяшық:
Дәрігерлер беретін анттың авторы?
(Гиппократ)
2 - ші ұяшық:
Қан қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тыңайтқыш элемент?
(Калий)
3 - ші ұяшық:
Жүйкені жайландыратын дәрі - дәрмек құрамына кіретін элемент?
(Бром)
4 - ші ұяшық:
«Спирттің сумен қосылысы» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған орыстың атақты химик – ғалымы.
(Д. И. Менделеев)
5 - ші ұяшық:
Теңіз орамжапырағы – ламинарияның құрамына кіретін, адам өмірі үшін маңызды элемент
(Йод)
6 - ші ұяшық:
Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі?
(Активтелген көмір)
1 жүргізуші: Әнге кезек берейік.
2 жүргізуші: Мынадай тамаша әннен кейін, ойынымызды жалғастырайық.
4 - тур: Осы турдың шартын естеріңізге сала кетейін. Әр топ өздері ставка қойып жауап береді, жауап дұрыс болса ұпай қосылады, егер қате болса шегеріледі.

IV тур. Ставка қою.
1 жүргізуші: Бұл заттың 0, 9% - дың ертіндісі физиологиялық ерітіндісі деп аталады да, адам ағзасы көп қан жоғалтқан жағдайда қан тамырына құйылады. Ол затты адамдар тұрмыста тағам дайындауға қолданады. Бұл затты химиялық атауы қандай?
(Натрий хлориді)
2 жүргізуші: Сүйекті қаптайтын элемент
(Кальций)
1 жүргізуші: Натрий гидро карбонатының тұрмыстық атауы?
(Ас содасы)
2 жүргізуші: Қан қысымын өлшейтін аспап.
(Тонометр)
1 жүргізуші: Элементтің атын тауып қазақша, орысша, латынша аттарын атаңыз.
Өзі ауыр металға жатады. Балалар осы металл құйған сақамен атады.
(қорғасын - свинец - плюмбум)
2 жүргізуші: Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл.
(Тұз қышқылы)
1 жүргізуші: Жер бетінде химиялық таза темір барма, бар болса ол қайдан шыққан?
(метеорит темірі)
2 жүргізуші: Әр заттың жылы, салқын, ыстық қалпын не дейді?
(Температура)
1 жүргізуші: Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым?
(Экология)
Интеллектуалдық олимпиаданы әділқазы мүшелері қорытындылап, жеңімпаздар марапатталады.
3 252
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты электр әлеміне саяхат
Қызықты электр әлеміне саяхат
Өндірістік оқыту шебері: Г. Танкаманова
Үздік жүргізуші, Үздік актер байқауы
Үздік жүргізуші, Үздік актер байқауы
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы, № 43 орта мектеп тәлімгері Машрапова Ляззат Хамитовна
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
«Алтын тәж» Білімділер сайысы (3 сынып)
«Алтын тәж» Білімділер сайысы (3 сынып)
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы. Жаңғызтөбе кенті, «Жаңғызтөбе орта мектеп - балабақша кешені» КММ-сі Бастауыш сынып мұғалімі: Бектенова Кенжегүл Шашымқызы
Интеллектуалды олимпиада
Интеллектуалды олимпиада
1 радиан 180 градусқа тең Сүйір бұрыштың синусы - осы бұрышқа іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×