Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Интеллектуалды олимпиада

08 қыркүйек 2012, Сенбі
Категориясы: Математика
№105 мектептің математика пәнінің мұғалімі
Жорықбаева Индира

Интеллектуалды олимпиада
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың өз бетімен тапсырмаларды орындауға үйрету.
2. Дамытушылық:Оқушылардың жекелеме ерекшеліктеріне байланысты оқу үрдісінің логикалық құрылымына,оқушылардың ойлау қабілетін есте сақтау,сөйлеу мәнерін,ынтасын дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге үйрету,еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: Тәлімдік
Көрнекілік: Интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
I. Кіріспе бөлім
Кіріспе сөз.
Қазылар алқасын сайлау.
II. Негізгі бөлім
Шарттары:
1- тур: 2 топ өздерін таныстыру әр топқа 20 ұпайдан беріледі
2- тур: берілген 10 сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі.
3- тур: 6 ұяшықтың біреуін таңдап берілген сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 30 ұпай беріледі.
4- тур: Әр топ өздері ставка қойып жауап береді, жауап дұрыс болса ұпай қосылады, егер қате болса шегеріледі.
III. Қорытынды бөлім
Қорытынды сөз.
Жеңімпаздарды марапаттау.

Салтанат: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Аманғали: Ойын шаттарымен таныс болыңыздар
1- тур: 2 топ өздерін таныстыру әр топқа 20 ұпайдан беріледі
2- тур: берілген 10 сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі.
3- тур: 6 ұяшықтың біреуін таңдап берілген сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 30 ұпай беріледі.
4- тур: Әр топ өздері ставка қойып жауап береді, жауап дұрыс болса ұпай қосылады, егер қате болса шегеріледі.

Салтанат: Әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек.
Аманғали: Бірінші турға кезек берсек, екі топ өздерін таныстырып өтсе.
Салтанат: 2 тур. «иә» және «жоқ»
Аманғали: 1-ші топқа.
• Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180º-қа тең.
• Екі вектор бір түзудің бойында немесе параллель жатса, онда мұндай векторларды коллинеар векторлар деп аталады.
• Үшбұрыштың ауданын табу формуласы:
S=ah

• 1 радиан 180 градусқа тең
• Сүйір бұрыштың синусы - осы бұрышқа іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы.
• Бір қабырғасы ортақ, ал басқа екі қабырғалары бір-бірінің созындысы болатын екі бұрышты вертикаль бұрыштар деп атайды.
Салтанат: 2-ші топқа:
• Тік бұрышты үшбұрыштың үлкен қабырғасы гипотенузасы болады.
• Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш деп аталады.
• Қиылыспайтын түзулерді параллель түзулер деп аталады
• Тік төртбұрыштың диагоналдары тең болады.
• Үшбұрыштың төбесін оған қарама-қарсы қабырғасының ортасымен қосатын кесіндіні үшбұрыштың биссектрисасы деп атайды.
• Үшбұрыштың барлық төбелері арқылы өтетін шеңберді осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер деп аталады.

Аманғали : Ойын ойнату
Салтанат:Олай болса ІІІ турымызға кезек берсек. Әр бір дұрыс жауапқа 30 балдан берілетінін естеріңізге сала кетейін. алдарыңызда төрт ұяшық тұр.
1-ші ұяшық:
Ортаазиялық ғалым, теңдеулерді шешу тәсілдерін баяндайтын кітап жазған ғалым?Әл-Хорезми
2-ші ұяшық:
“Бастамалар” немесе “негіздер” атты кітаптың авторы кім? Евклид
3-ші ұяшық:
Координаталық жүйені алғаш рет қолданған француз ғалымы кім? Рене Декарт
4-ші ұяшық:
с2 =а2+b2 формуласын дәлелдеген ғалым Пифагор
Салтанат: 4 турымыз ставка қою. Осы турдың шартын естеріңізге сала кетейін. Әр топ өздері ставка қойып жауап береді, жауап дұрыс болса ұпай қосылады, егер қате болса шегеріледі.
• Біреу алты жылқысына күн сайын 10 қадақ сұлы береді екен.Жем жылқының жасына қарай бөлінеді: 3 қадақ-биеге, 2 қадақ-құнандарға, 1 қадақ-тай басына беріледі.
Сонда бие, құнан, тай нешеу болғаны?
Жауабы: Бие-1, құнан-2, тай-3

• Ауыл ақсақалының төрт ұлы болыпты. Олардың үшеуі өз алдына отау тігіп кетіпті. Ақсақал төртінші баласын үйлендіріп, оның алдына бес саулық салып беруді ойлайды. Бір күні ол үш ұлының үйлеріне барып, бәрінің қойы 41 бас екенін біліп қайтады. Оларды шақырып алып: “Әрқайсың қойларыңды төртке бөліп, бөлінбей қалғанын кенже інілеріңе беріңдер”-дейді. Үш жігіт бөлінбей қалған қойларын кенже інілеріне береді. Екеуіңнің қойың менікінен артық еді, енді теңесті,-дейді үш жігіттің біреуі. Үшеуінің қойлары алғашында қанша болған
Жауабы:13, 14, 14.

• Бір меймандос адамның үйіне достары келіпті. Оларға шай беріпті. Шайдан кейін қазанға ет салынады. Тамақ пісіп, табақ тартыларда үй иесі меймандарды көзбен шолып шықты да, ойланып қалды. Ошақ басында жүрген жұбайына келіп: екеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ жетпей қалады. Үшеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ артылып қалады енді не істесек екен?- дейді. Бұл үйдің меймандары қанша? Табақ саны қанша?
Жауабы:Мейман-12, табақ-5.

• Ертеде бір жарлы жігіт жылдар бойы байға жалданып жүріп, ірілі-ұсақты біраз ешкі жинап алыпты. Бұлардың үлкен ешкілері- нің тушалары екі есе, ал шыбыштары үш есеге көп. Көктемде шыбыштары жалқы, тушалары егізден, ал үлкен ешкілері үштен лақ табады. Жарлы жігіттің барлық ешкілерінің саны лақтарымен қосқанда 64-ке тең. Бұл үйде ең алғашында қанша шыбыш, қанша туша, қанша ешкі болған?
Жауабы:Ешкі-4, туша-8, шыбыш-12
• Бір топ қаз ұшып келіп қонады, сол жерде бір қаздың бастаушысы Ассалаумағалейкум жалғыз қаз дейді. Сонда жалғыз қаз: салаумалейкум, сіздер нешеусіздер?-дейді. Бастаушы қаз: біз бір топ, тағы бір топ, оған жарты топты, жартысының, оған өзіңді қоссақ, 100 боламыз. Өзің есептеп шығар депті. Қаз нешеу?

Жауабы: 36 қаз
• Шаруа себетпен базарға жұмыртқа әкеле жатса, себетін бір атты адам қағып кетіп, жұмыртқа жарылып қалыпты. Атты: “неше жұмыртқа әкеле жатыр едің?”-дейді. Шаруа: “Қанша, екенін білмеймін, бірақ екіден, үштен, төрттен, бестен, алтыдан қойып шыққанда бір жұмыртқа артық қалушы еді, ал жетіден бөлгенде қалдықсыз бөлінетін”-дейді. Себетте неше жұмыртқа болды екен?

Жауабы: 301
Аманғали: Қорытынды сөзді қазылар алқасына берейік.
Осымен біздің бүгінгі сайысымыз аяқталды.
6 331
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Химиядан интеллектуалды олимпиада білім сайысы
Химиядан интеллектуалды олимпиада білім сайысы
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! 9 және 10 сынып аралығындағы «Интеллектуалды олимпиада» білім сайысына қош келдіңіздер!
Үздік информатик
Үздік информатик
№92 ЖОМ информатика пәні мұғалімі: Р.А.Исмаилов
Қызықты электр әлеміне саяхат
Қызықты электр әлеміне саяхат
Өндірістік оқыту шебері: Г. Танкаманова
«Алтын тәж» Білімділер сайысы (3 сынып)
«Алтын тәж» Білімділер сайысы (3 сынып)
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы. Жаңғызтөбе кенті, «Жаңғызтөбе орта мектеп - балабақша кешені» КММ-сі Бастауыш сынып мұғалімі: Бектенова Кенжегүл Шашымқызы
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен
Физика және экономика пәнінің мұғалімі Муратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×