Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Интеллектуалдық марафон

07 наурыз 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Химия
Интеллектуалдық марафон
«XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды марафонына әр сыныптан озып, іріктеліп шыққан білімді, алғыр оқушылар қатысты.
Жүргізуші: - XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Отанымыздың саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтеретін білімді де, мәдениетті, парасатты, денсаулығымыз мықты болып өссек, егемен елімізді әлемге танытарымыз анық.
ХХІ ғасыр – химия ғасыры.
Ақын Құланбай Көпішев:
Химия – ырыс бұлағы
Шалқыған байлық, мол дәулет
Аялап күтіп тұр алда
Болашағымыз – нұр сәулет.
Аялдама алға ұмтыл,
Құдіретті біздің ой!
Сенде байлық, сенде ырыс
Сенімен өмір сәнді ғой, - деп жырлайды.
Сонымен ХХІ ғасыр білгірлерін, құрметті ойыншыларымызды ортаға шақырып, қарсы аламыз.
Сайысқа қатысушылар ойын бөлімдерімен, шарттарымен таныстырылады (әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)

І Бәйге.
1. Атомның планетарлық моделін ұсынған қай ғалым? (Резерфорд)
2. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым? (С. Аррениус)
3. Азот молекуласындағы химиялық байланыс түрі. (ковалентті полюсссіз)
4. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл (йод)
5. Металдардың бұзылуы. (коррозия)
6. Заттың құрамы мен қасиеті сақталатын ең кіші бөлшегі. (молекула)
7. Бір элементтің бірнеше жай зат түзу қасиеті. (аллотропия)
8. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады? (силикаттар)
9. Қазақстанның қазба байлықтарының картасын жасаған кім? (Қ. Сәтбаев)
10. Ауа құрамында оттектің қанша пайызы бар? (21%)
11. Ең ауыр металл. (осмий)
12. Сұйық металл. (сынап)
13. Зат массасының сақталу заңын кім ашты? (Ломоносов)
14. Электр тогын өткізетін қышқыл, тұздар ерітінділері қалай аталады? (электролиттер)
15. Бейэлектролиттер дегеніміз не? (электр тогын өткізетіндер)
Бұл сайыстан барлығы келесі сайыстың бөліміне өтеді.
Келесі әр сайыстың бөлімінде ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.

ІІ. Полиглот. (екі бөлімнен тұрады)
1 – ші бөлім. Жеті жұрттың тілін біл. (химиялық элементтерге жұмбақ жасырылады, тапқан химиялық элементтің атын қазақша, орысша, латынша атау керек.)
1. Өзім газбын менімен демаласың,
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың. (оттек, кислород, оксигениум)
2. Осы затпен ескі үйді аластайды,
Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды. (күкірт, сера, сульфур)
3. Ең жеңіл элемент саналады,
Периодтық жүйе осыдан бастау алады. (сутек, водород, гидрогениум)
4. Өзі ауыр металға жатады,
Балалар осы металл құйған сақамен атады. (қорғасын, свинец, плюмбум)
5. Машина мен трактордың жануы
Қара металлургияның наны. (темір, железо, феррум)
6. Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді
Салмақты адамды мақтауды да келістіреді. (күміс, серебро, аргентиум)
7. Өзі жылтыр күмістей
Жұмсақтығы тағы бар
Жеңілдігін ескерсең
Пайдаланар жері табылар. (алюминий, алюминиум)
2 – ші бөлім. Жұмбақ жасырылады, табылған заттың атын, формуласын атайды.
1. Ол болмаса асыңның дәмі кірмес,
Кім бар ортада оны білмес. (ас тұзы - NaCl )
2. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге. (су – H2O)
3. Ес - түссіз адам талып қалса кейде,
Иіскетсең есін жияр ол лезде. (мүсәтір спирті – NH4OH)
4. Адаммен жануардан бөлінеді,
Өсімдіктің торына ілігеді. (көмірқышқыл газы – CO2)
5. Жер бетін күннің ультракүлгін сәулесінен қорғайды,
Өзін оттектің үш атомы құрайды. (озон – O3 )
6. Аяғыңның астында жататын зат,
Тауға айналып, тас болып қататын зат. (кремнезем, құм – SiO2)
7. Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың (ас тұзы - NaCl)

ІІІ. «Ғажайып жетілік»
Сайыстың бұл бөлімінде сұрақтың күрделісіне қарай ұпай саны әр түрлі болады.
1. 20 Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар?
(темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын)
2. 30. Табиғатта сом күйінде кездесетін металдар.
(мыс, күміс, алтын, платина)
3. 20. Халькогендер деп нені айтамыз және халькогендерге қандай металл жатады?
(оттек, күкірт, селен, теллур)
4. 30. Табиғатта таралуы бойынша бірінші орында тұрған металл.
(алюминий)
5. 20. Галогендер деп нені айтамыз? Қандай элементтер жатады?
(фтор, хлор, бром, йод, астат)
6. 30. Темірдің қанша саламен байланысы бар? Ол қандай салалар?
(8, ғарыш, биология, инабат негіздері, медицина, физика, тарих, география, халықтық педагогика)
7. 20. Неліктен темір – аспан тасы деп аталған?
(себебі метеориттің құрамында бар)
Ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.

IV. «Жорға» (тікелей сұрақтар) Бұл сайыс жылдамдықты, алғырлықты талап етеді.
Бірінші оқушыға:
1. Na – сілтілік металл
2. Сутек – газ
3. Фенолфталеин, метилоранж, лакмус – индикатор
4. H2SO4 – қышқыл
5. NaOH – сілті, күйдіргіш натр
6. Ең жеңіл металл – литий
7. Ас тұзы – NaCl
8. Марганцовка – KMnO4
9. Тұ тудырушы – галогендер
10. Алтын – күміс тас екен, арпа – бидай ас екен.

Екінші оқушыға:
1. Ауа құрамында оттек неше пайыз – 21%
2. Мыс кенін тудырушы – халькогендер
3. Периодтық жүйені жасаған кім? – Менделеев
4. Галогендер – тұз тудырушы
5. Ауаның құрамын алғаш анықтаған кім? – Лавуазье
6. Авогадро тұрақтысы – 6, 023*10 23
7. Сутекті алғаш алған – Кавендиш
8. Металдардың керену қатарын кім жасады? – Н. Бекетов
9. Элемент атомының ядро құрамы – протон, нейтрон
10. Ас содасының формуласы – NaHCO3

V. «Егер сіз өз өлкеңіздің табиғатын бақылайтын болсаңыз не істер едіңіз?» тақырыбына қысқа әрі нұсқа ғылыми негізделген жауап қайтару керек.
Жүргізуші. Оқушылардың білімдері сыналып, жеңімпаздар анықталды. Алдағы уақытта жоғары дәрежеде көрініп, алда жүре берулеріне тілек айтып, Мұзафар Әлімбаев ағамыздың мына бір өлең жолдарымен сабақты аяқтаймыз.
Туған жерді сүю – парыз,
Сүю үшін білу – парыз.
Қасиетін ұғу – парыз
Күзетінде тұру – парыз.
3 829
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа тұрпатты мұғалім келбеті
Жаңа тұрпатты мұғалім келбеті
Мемлекет мәдениетінің айнасы - мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық жай - күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс - әрекетінен анық аңғарылады.
Химиядан интеллектуалды олимпиада білім сайысы
Химиядан интеллектуалды олимпиада білім сайысы
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! 9 және 10 сынып аралығындағы «Интеллектуалды олимпиада» білім сайысына қош келдіңіздер!
«Алтын қақпа» интеллектуалды шоу ойыны
«Алтын қақпа» интеллектуалды шоу ойыны
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Шаяхметова Анаргүл Әменқызы
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Интеллектуалдық ойын «XXI ғасыр көшбасшысы»
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Оқушылардың білімдерін жинақтау, пәнге қызығушылығын, ізденуін, жан - жақты болуын, экологиялық білімдерін көтеруге, әрі табиғатты сүюге баулып, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×