Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаратылыстану ғылымдарына саяхат

22 мам 2016, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жаратылыстану ғылымдарына саяхат

Химия, биология, география апталығының ашылу салтанаты

1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Химия, биология, география» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар бұл пәндерді тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру.

1 - жүргізуші: Кешімізді 5ә классының дайындаған тамаша биімен бастасақ дейміз.
2 - жүргізуші: Қарсы алыңыздар заманауи бимен 5ә классы
Би - 5ә классы

2 - жүргізуші: Ортаға химия, биология, география пәндер бірлестігінің жетекшісі Деменьтеева Виктория Генадиевнаны шақырамыз.
Сөз - Деменьтеева Виктория Генадиевна

1 - жүргізуші: Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
жаратылыстану елінде,
орыс, қазақ тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып…
Шабыттанып, шалқысып,
Көңілді ән салысып.
қызықты кеш жасайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.

2 – жүргізуші: Бүгін біз биология, химия, география елдеріне саяхат жасаймыз. Алғашқы ат басын тірейтін еліміз – биология елі
1 – жүргізуші: Ендеше кезекті бізді қоршаған тірі табиғаттың қыр – сырын, өсімдіктер мен жануарлар әлемін меңгертетін биология ғылымы жөнінде айтары бар жас өрендерге берейік

1 - оқушы: Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін

2 - оқушы: Ей, замандас ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер, су мөлдір ауа, өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Жер ешкімге жазбайды деп арызды,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ, замандас әр ұрпаққа туған жер.
Не берсе де, береді ол қарызға.

3 - оқушы: Табиғатым сырың терең сенің неткен,
Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен
Күн көзінен күмістей шағылған нұр
Көз алдымда көк орай гүлді кезең
Кең даламда шертілген сыбызғы үні
Тебіренген бар тіршілік, аспан нұры
Құстар да қалықтап жан тербеген
О, табиғат, не деген керемет ең
Сенің әсем бейнеңнен әсер алам
Ағаштарың әдемі бұралған
Бар керемет қасиет сенен екен
Әрқашан да боламын саған қорған.

Толық нұсқасын жүктеу
22 259
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты кеш
Қызықты кеш
Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, экологиялық мәдениетке және табиғатқа сақтаушылықпен қарауға тәрбиелеу.
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Уа халайық! Халайық! Бәріне жар салайық Бүгінгі ойын төрінде Математика елінде Математика тілінде Есеп шешіп жарысып Жұмбақ шешіп аңдысып Шабыттасып шалқысып Есеппен ән салысып Көңілді ойын жасайық
Математикалық поезд
Математикалық поезд
Мақсаты: • Бастауыш сынып оқушыларының алған білімдерін тиянақтау, жетістіктерімен бөлісу, жаңалықтармен алмасу; • Оқушыларды бір ұжыммен жұмыс істеуге баулу;
«Математика - Информатика - Физика және Химия, Биология» апталығының ашылу салтанаты
«Математика - Информатика - Физика және Химия, Биология» апталығының ашылу салтанаты
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық селосы, Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің математика пәні мұғалімі Сатбергенова Сара Батырбекқызы
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу сценарийі
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу сценарийі
Жаратылыстану - математика апталығының ашылу салтанаты 1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Жаратылыстану - Математика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
“Жарайсыңдар” (сыныптан тыс интеллектуалды тапқырлар кеші)
“Жарайсыңдар” (сыныптан тыс интеллектуалды тапқырлар кеші)
Алматы облысы, Cарқан ауданы, К. Ушинский атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Сабырқызы Анель
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×