Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері

29 тамыз 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері.
 Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Оқушыларға қышқылдар және оның физикалық қасиеттері жайлы мағлұмат бере отырып, жаңа ұғымдармен «қышқыл», «индикатор» таныстыру. Қышқыл қалдығының валенттігін анықтау, формуласын құрастыру әдісін және алыну жолдарын түсіндіру.
б) Дамытушылығы: Қышқылдың формуласын жаза білу және қышқылдармен жұмыс істеу қауіпсіздігін сақтау дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың химиялық тәжірибе жүргізу іскерліктерін дамыту.
в) Тәрбиелілігі: Алған білімін өмірде пайдалана білуге, ойын анық, тез дұрыс жеткізе алуға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
III. Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, сызбанұсқалар, реактивтер (қышқылдар, индикаторлар т. б.) химиялық ыдыстар, кеспе қағаздар т. б.
IV. Өткізу әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.
V. Сабақ типі: Жаңа білімді меңгеру.
VI. Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен амандасу;
ә) оқушыларды түгендеу
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау. § 46. Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері
Кім жылдам?
1. Негіздердің құрамы мен анықтамасы?
2. Негіздердің жіктелуі
3. Негіздердің құрылымдық формуласы?
4. Негіздердің алынуы
5. Негіздердің физикалық қасиеттері.
6. Негіздердің химиялық қасиеттері

 Табиғатта кездесетін: Алма, лимон, шұбат, қымыздың қандай дәмі бар?
 Сұйылтылған сірке қышқылы қайда қолданады?

III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақтың жоспары
 Қышқылдың құрамы.
 Қышқыл дегеніміз не?
 Құрамындағы сутек атомының санына қарай жіктеу.
 Құрамында оттек атомының болу, болмауына қарай жіктеу.
 Табиғаттағы қышқыл
 Физикалық қасиеті
 Қышқылмен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережесі.
 Қышқылдардың индикаторларға әсері.
 Қышқылдарды алу тәсілдері.
 Бекіту бөлімі

Қышқылдар дегеніміз – құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.
Қышқыл құрамында оттек атомының болу немесе болмауына байланысты
Қышқылдар – 1. Оттексіз қышқылдар HF, HCl, HBr, HI H2S

2. Оттекті қышқылдар HNO3, H2SO4 H2CO3, H3PO4
Қышқылдарды алу тәсілдері
1. Бейметалл оксидтері сумен әрекеттескенде оттекті қышқылдар алынады.

Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері. жүктеу
3 323
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы және олардың қасиеттері.
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы және олардың қасиеттері.
Оқушылардың ой-өрісін, қышқылдардың адам өмірімен байланысы туралы ұғымды кеңейту, химия пәніне қызығушылығын, химиялық тілін, біліктілігін дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру.
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы (ашық сабақ)
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы (ашық сабақ)
Қышқылдардың физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы туралы түсінік беріп, білімділік және біліктілік дағдыларын қалыптастыру.
Қышқылдар
Қышқылдар
Бейорганикалық қосылыстардың бір өкілі - қышқылдар, олардың құрамы, жіктелуі, химиялық қасиеттері, қолданылуы, маңызы мен зияны туралы түсінік қалыптастыру.
Қышқылдар әлеміне саяхат
Қышқылдар әлеміне саяхат
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің химия пәні мұғалімі
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Ақтөбе облысы №3 Хромтау орта мектебінің химия пәні мұғалімі Мусина Г. А
Тұздардың жіктелуі. Алынуы. Химиялық қасиеттері. Қолданылуы
Тұздардың жіктелуі. Алынуы. Химиялық қасиеттері. Қолданылуы
Тұздар туралы алған білімдерін толықтыру. Оқушылардың тұздар туралы білімдерін тиянақтау. Тұздардың жіктелуі, құрылымдық формуласын жаза білуге, алыну жолдары мен химиялық қасиеттері туралы түсінік беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×