Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


№1 практикалық жұмыс «Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал - жабдықтармен танысу»

15 ақпан 2019, Жұма
Категориясы: Химия
Үздік ұстаз бәйгесіне қатысушысы.
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: №1 практикалық жұмыс
«Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал - жабдықтармен танысу»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7. 1. 1. 2 - химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну
Сабақтың мақсаты: Химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну.
Бағалау критерийі
- Химия лабораториясында және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі, түсіндіреді.
- Лабораториялық жұмыстарды орындағанда қауіпсіздік техникасының ережелерін қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу, түсіну, қолдану.

Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ма, оқушылар.

Тренинг «Көңіл күй»
- Оқушылар орындарымыздан тұрып бір - бірімізге көңілді кұй сыйлаймыз. Балалар орындарынан тұрып бір - біріне жымия күледі.

Үй тапсырмасын тексеру
мақсатында химия ұғымына анықтама беру үшін «Домино» әдісі бойынша кесінділерді беремін. Берілген сөздер жинағын қолдана отырып, «Химия» ұғымына анықтама құрастырады..
ЖЖ
1. Тапсырма Берілген сөздер жинағын қолдана отырып,
«Химия» ұғымына анықтама құрастырыңыз.

Дескриптор берілген сөздер жинағын дұрыс ретімен
орналастыра отырып химияны ғылым
ретінде сипаттама береді.

Дұрыс анықтамасы тақтада жазылады
«Химия пәні - заттардың басқа заттарға айналып олардың түрленуін қасиеттерін қарастырады.»
БТ
Мұғалім ауызша үй тапсырмасын жақсы немесе толықтыру керек екенің айтады. Дұрыс орындаған оқушыларды
мадақтайды.

Топқа бөлу
Мұғалім
- Балалар сіздер қандай лабораториялық құрал - жабдықтарды білесіздер. Олар атай бастайды: сынауық, тамызғы, құты, спиртшам.
- Енді стол үстіндегі қиықшаларды алып топқа бөлінеміз. бірінші сынауық тобы, екінші спиртшам тобы, үшінші тамшуыр тобы.
Осы атаулар бойынша үш топқа бөлемін.
Мұғалім
- Бүгін біздің сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал - жабдықтармен танысу» Мақсатың химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және сақтау керек екенің дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.

Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданы,
Новоселовка ауылы, Новоселов орта мектебі КММ.
Химия - биология пәнінің мұғалімі Касеинова Айнаш Рахметоллина
4 353
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүгіру, секіру  және лақтыру әрекеттерінен құрылған қозғалмалы ойындар, дала жарысы
Жүгіру, секіру және лақтыру әрекеттерінен құрылған қозғалмалы ойындар, дала жарысы
Оқу мақсаты: қимыл - қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау Сабақ мақсаты: Сабақ кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды. Жаттығудың жүгіру, серпілу, ұшу, қону техникасының фазаларын орындайды.
Компьютерде жұмыс істеу тәртібі мен қауіпсіздік ережелері
Компьютерде жұмыс істеу тәртібі мен қауіпсіздік ережелері
ЕТ - мен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерімен танысып, оны білу. Компьютермен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережесін үнемі естен шығармау дағдысын қалыптастыру.
Вирусқа қарсы қауіпсіздік
Вирусқа қарсы қауіпсіздік
Компьютерді зиянды бағдарламалардан қорғау
Есептеуіш техникасы кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері
Есептеуіш техникасы кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Жәнібек колледжінің информатика пәні мұғалімі Хаирлиев Нурлыбек Нурболатович
Қышқылдар, құрамы, алу жолдары
Қышқылдар, құрамы, алу жолдары
Ленин орта мектебі Химия пәнінің мұғалімі: М. А. Асильбеков
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×