Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жөніндегі мағлұматтарды жинақтап, қорытындылау (8-сынып)

04 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Химия
Тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жөніндегі мағлұматтарды жинақтап, қорытындылау (8 – сынып)

Сабақтың мақсаты: 1. Алған теориялық білімін нақтылап, білімдерін жүйелеп тереңдету. Өзіндік жұмыстар арқылы тексеру, бекіту. 2. Заттарды бір - бірінен ажырата білу, химиялық формуласын құрастыру, теңдеу құру, бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланысты игеру біліктерін дамыту. 3. Топтасып жұмыс істеуге ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жүйеге келтіру сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Ой қозғау, фронталді, топпен, жеке.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактив тақтасы, Венн диаграммасы, формулалар, реакция теңдеулері.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
а/ тереңдеу; ә/ топқа бөлу; б/ топқа жетекші сайлау
ІІ. Бейорганикалық қосылыстарды негізгі кластары әр топтың басшылық жасаушы топ жетекшілерін анықтау үшін бес сұрақтан тұратын тест жұмысы ұсынылады. Бес минуттың ішінде сол сұрақтардың дұрыс жауаптарын тапқан оқушылар жетекші болып сайланып, әр топқа бекітілді. Берілген тапсырмалардың орындалуына басшылық жасап, жұмыс нәтижесін тақтаға жазып көрсету үшін топ басшылары тақтаға жазғызады.
1. Жетекші сайлау /тест/.
1. Қайсы қосылыс азот IV валентті?
а) NO2
b) NH3
c) N2O5
d) N2O
2. Қайсы қосылыста оттектің массалық үлесі көп?
a) K2O
b) FeO
c) H2O
d) SO2
3. Қайсы еритін негіз?
a) Ba(OH) 2
b) Al(OH) 3
c) Fe(OH) 3
d) Cu(OH) 2
4. Фосфордың валенттілігі қандай?
a) 1, 3
b) 2, 5
c) 3, 5
d) 1, 2
5. Қайсы металл қышқылдармен жақсырақ әрекеттеседі?
a) Al
b) Ag
c) Fe
d) Mg
2. Ой қозғау. Берілген күрделі заттарды негізгі кластарға жіктеп, атын атап, ережелерін айтыңдар: Na2CO3, H2SO4, MgSO3, HCl, P2O5, HNO3, H2SiO3, H2O, Cu(OH) 2, CO2, K2SiO3, HBr, Al2O3, Cr(OH) 2, CaO, HF, Cl2O7, B2O3, H3BO3.
3. Кім жылдам? Айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар.
a) C ---- CO ----- CO2 ---- CuCO3 --- CO2 ----- H2CO3
b) Cu--- CuO ---- CuCl2 --- Cu(OH) 2 ---CuO ----Cu
c) Fe -- Fe2O3 --- FeCl3 -- Fe(OH)-----Fe2O3 --- Fe
d) S --- SO2 ---- SO3 ----H2SO4 ---- BaSO4
4. Жұмбақ шешу. Жұмбақтың жауабын тауып, формуласын жазып, тұрмыста қолданылатын атын атау.
a) Ол болмаса асыңның дәмі кірмес. Кім бар екен ортада оны білмес. (NaCl – ас тұзы)
b) Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде. Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге. (H2O – су)
c) Адам мен жануардан бөлінеді. Өсімдіктің торына ілігеді. (CO2 – көмір қышқыл газы)
d) Аяғыңның астында жататын зат тауға айналып, тас болып қататын зат. (SiO2 – құм)
5. Жұбыңды тап. Оқушылар берілген заттардың таңбасы бойынша қышқылдардың, тұздардың формуласын құрастыру.
NO3, H3, SO4, H, PO4, H2 ---- Cl, Ba, Na, SO4, PO4, Al.
6. Білімділер байқауы.
a) 40г темір (ІІІ) оксиді құрамындағы темір массасы қанша?
b) 4г калий гидроксидіне тұз қышқылымен әсер еткенде қанша калий хлориді алынады?
c) 1, 7г күкіртсутектің құрамында қанша грамм күкірт барекенін табыңдар.
d) Мына қосылыстардың KNO3, NaNO3, NH4NO3 құрамындағы азоттың массалық үлесін есептеп табыңдар.
7. Топтастыру. Төмендегі заттардың, кальций мен фосфордың генетикалық қатарын құрыңдар.
Na, H2SO4, Ca, P2O5, PbCl2, CaO, S, H3PO4, CaSO4, P, Na3PO4, Ca(OH) 2, PbO.
8. Венн диаграммасы. Берілген бейорганикалық заттардың кластарын салыстыру тұз бен қышқыл, негіз бен оксид.
ІІІ Қорытынды. Осындай сайыс оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, зерделілігін, пәнге деген қызығушылығын арттырып, тіл шеберлігін жетілдіріп, өздерінің білімін берік есте сақтауға мүмкіндік береді.
IV Үйге тапсырма. Негізгі кластарға сөзжұмбақ, ТЕСТ құрастырып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 938
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстардың терминологиялық сөздерді ағылшын тілінде меңгереді. Химиялық реакция теңдеулерін теңестіру арқылы жылдамдыққа үйренеді. Құрамын, маңызын және өмірде қолданылуын талқылайды.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау; Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу.
Педагогикалық технологиямен ұштасқан сабақ
Педагогикалық технологиямен ұштасқан сабақ
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, А. Байтұрсынов атындағы ОМ химия - биология пәні мұғалімі Душаева Багдагүл Шанапиевна
Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар
Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 7 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Ағишанова Ақзейнеп
Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар
Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің биология және химия пәнінің мұғалімі Жаңағұл Зәбида Сақтағанқызы
Беорганикалық қосылыстар кластары бойынша қайталау
Беорганикалық қосылыстар кластары бойынша қайталау
Бейорганикалық қосылыстар туралы білімді пысықтау, бір-бірімен генетикалық байланысын көрсететін реакция теңдеулерін жаза білу, формулаларды ажыратып, заттарды атай білу, тарау бойынша білімдерін бекіту. Жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×