Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кальций және оның қосылыстары

04 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Химия
Пәні: Химия (ашық сабақ)
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Периодтық жүйедегі орны бойынша кальций атомының құрылысы, қасиеттері, оның қосылыстары, күнделікті өмірде қолдану салаларымен таныстыра отырып, алған білімдерін жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, төзімділікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту, есте сақтау, ой - өрісін дамыту, өмірдегі көрген деректерді пайдалана білуіне және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, зертханалық тәжірибе, топтық жұмыс, тірек – сызбалармен жұмыс, дифференциалау әдісі.
Көрнекілігі: Д. И. Менделеев кестесі, интерактивті тақта, буклет, үлестірме тапсырмалар.
Пәнаралық байланысы:

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Ү. Үй тапсырмасы
ҮІ. Қорытынды жасау, бағалау

І. Үйымдастыру кезеңі.
а) Мұғалім: Сәлеметсіздер ме?
Оқушылар: Сәлеметсіз бе?
Мұғалім: Оқушылар, оқу құралдарыңызды аламыз. Бүгін сыныпта кім кезекші?
Оқушы: Мен.(аты - жөні)
Мұғалім: Бүгін сабақта кім жоқ?
Оқушы: Бүгін сыныпта түгелміз.(немесе жоқ оқушыны атайды)
ә) Оқушыларды топ деңгейлерін ескеріп үш топқа (оқушылық, эвристикалық, шығармашылық) бөлу, екі партада біріктірілген үстелдерге жағалай отырғызылады

ІІ. Үй тапсырмасы «Бинго» ойыны барысымен сұралады:
1. Кендер деп нені айтады?
Жауабы: Өнеркәсіптік әдіспен металдар алынатын минералдарды кендер деп атайды.
2. Қазақстан қазба байлықтарының металлогендік картасын жасаған кім?
Жауабы: Қ. И. Сәтбаев
3. Жемірілу (коррозия) деген не?
Жауабы: Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы жемірілу (коррозия) деп аталады.
4. Жұмсақ металл?
Жауабы: Литий
5. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым?
Жауабы: С. Аррениус
6. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады?
Жауабы: Силикаттар
7. Сұйық металл?
Жауабы: Сынап
8. Күміс қасық шыны стақанға қарағанда жылуды неше есе өткізеді?
Жауабы: 500 есе
9. Ең қиын балқитын металл?
Жауабы: Вольфрам
10. Қанның құрамында кездесетін металл?
Жауабы: Темір

11. Металдарды олардың қосылыстарынан химиялық белсендірек металдармен тотықсыздандыру әдісі?
Жауабы? Металлотермия
12. Шынының формуласы қандай?
Жауабы: Na2O*CaO* 6SiO2 (тақтаға жазу)
13. «Адамзат ашқан алашқы метал - алтын»- деп айтқан неміс ғалымы кім?
Жауабы: К. Маркс
14. Металдарды алудың жалпы әдістері нешеге бөлінеді, және оларды ата?
Жауабы: пирометаллургиялық, гидрометаллургиялық

ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың жоспары:
1 - бөлім Қайталау - оқу анасы
2 - бөлім Білгенге - маржан
3 - бөлім Ізденген жетер мұратқа
Сабақ жоспары түсіндірілгеннен кейін әр топтың алдына үлестірме тапсырмалар тапсырылады.

1 – бөлім. Қайталау – оқу анасы.
I топ тапсырмасы:
8 сыныптағы «Д. И. Менделеевтің заңы мен жүйесі» тақырыбынан алған теориялық білімдеріңізге сүйеніп, кальций элементіне сипаттама беріңіздер. (Периодтық жүйе пайдаланылады)

II топ тапсырмасы:
Кальцийдің химиялық қасиеттерін сипаттайтын мына рекция теңдеулерін аяқтаңыздар.
1. Са+Cl2
2. Са+S
3. Са+Н2
4. Ca+O2
5. Ca+HCl
6. Ca+H2O

III топ тапсырмасы:
Тотығу дәрежесі №2 - ге тең, 8 гр металл сумен реакцияласқанда 4, 48л сутегі (қ. ж.) бөлінді. Металдың Аr анықтап, оны атаңыз.
Шығарылуы: Ме + 2Н2 О → Ме(ОН) 2 + Н2↑
8/4, 48=х/22, 4
х =40 г (Са)
Жауабы: Аr = 40 г (Са)
Осы тапсырмалар бойынша әр топ өздерінің білімін ортаға салды, ары қарай мұғалім толықтырды.

2 – бөлім. Білгенге – маржан.
Мұғалім тірек - хабарларын пайдалана отырып кальцийдің адам ағзасы үшін маңызы, кальцийдің табиғатта таралуы, физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы, қосылыстары жайлы әңгімелейді.

Құрамы: Кальций
1808 ж ағылшын ғалымы. Г. Дэви ашты

IV период Са40
II топ негізгі топша
2е 8е 8е 2е
Маңызы:
Адам ағзасы – 1кг
Орта есеппен күніне – 0, 5 гр
Са2+ ----------------- қан ұю
Са3(РО4) 2 -------- сүйек, тіс, бауыр, бүйрек, жүрек
Тағамдар --------- сүт, сүзбе, сыр, жұмыртқа

Әктас қалай пайда болды?
Бор - мұхит пен теңіздерде тіршілік ететін ұсақ ағзалардың қабыршақтары мен қаңқаларынан пайда болады. Олардың әктен түзелген қаңқаларынан теңіз, мұхиттарда, су астында үйінді пайда болады. Қаңқалар үйіндісінен жартас - риф және шеңберлі жартас - атолл түзіледі. Әк алуға көбінесе рифтегі көп қармалауышты маржандардың қаңқалары пайдаланады. Бор бор дәуірінде түзілген, тау жер бетінде тұтас жота болып көтерілген.

Табиғаттағы айналымы.
Калиций карбонатының гидрокорбанатқа және керісінше айналу реакциясы.
Жаңбыр және басқа табиғи сулар ауадағы көмірқышқыл газын ерітіп, көмірқышқылын түзеді:
Н2О + СО2 → Н2 СО3
Са(НСО) 3 → Н2 СО3 ↓ + Н2О + СО2↑

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Үш топқа тапсырма берілді.
1-топ: Оқушылық деңгей.

2 - тапсырма:
Кальцийдің өздеріңіз білетін, күнделікті өмірде кездестіріп жүрген қандай қосылыстарын білесіздер?

3 - тапсырма.
Егер қышқылдың шығымы 80% болса, онда 31т кальций ортофосфатынан қанша ортофосфор қышқылын алуға болады?

Шешуі: 31 Х
Ca3(PO4) 2+3H2SO4=3CaSO4+2H3PO4
310г/моль 98г/моль
31 X
310 196 X=196*31/310=19. 6
Егер қышқылдың шығымы 80% болса
19. 6 100%
X 80% X=19. 6*80/100=15. 68т.

2 топ: Эвристикалық деңгей.
2 - тапсырма.

Мына айналуларды жүзеге асырыңыздар:
СаО → Са(ОН) 2 → СаСО3 → Са(НСО3) 2 → Ca(ClO) 2

3 - тапсырма
Таза кальций карбонатының 50кг массасын қақтағанда оның массасы 4. 4 г кемиді. Кальций карбонатының қанша проценті ыдырайды?

Шешуі:
X 4. 4
CaCO3 = CaO+CO2
100 г/моль 44г/моль
100 44
X 4. 4 X=100*4. 4/44=10кг CaCO3
Енді ыдыраған кальций карбонатының массалық үлесін есептейміз.
W=10/50=0. 2 немесе 20%

3 топ: Шығармашылық деңгей
2 - тапсырма
Реакциялардың иондық теңдеулерін құрыңыздар:
1. Са(ОН) 2 → СаСО3
2. СаСО3 → Са(НСО3) 2
3. Са(НСО3) 2 → СаСО3

3 - тапсырма «Мен кіммін?»
Бер.: Шешуі:
W (Cu) = 40% Са: C: O = 40/40: 12/12: 16/48 = 1: 1: 3
W (C) = 12% Жауабы: СаСО3
W (O) = 48%
T/k: CaxCyOz -?

Ү. Үй тапсырмасы.
3 бөлім. Ізденген жетер мұратқа.
Үйге тапсырманы дифференциалдап беру.
1 топқа: Кальций және оның қосылыстары тақырыбын оқу, тірек хабарларды пайдалана отырып, реакция теңдеулерін жаза білу
2 топқа: Оқулықтағы №6, №7 жаттығу (137 - бет)
3 топқа: Ізденіп шығармашылықпен жұмыс істеу:
«Менің өлкемнің байлығы» тақырыбына реферат жазу.

ІҮ. Қорытынды жасау. Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушылардың белсенділігін бағалау. Сыныппен қоштасу.
М: Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан, есеп шығарып, сұрақтарға жауап берген оқушылар түгелдей бағаланды. Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Сау болыңыздар!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 603
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы жаңа білімді игеріп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы жаңа білімді игеріп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Калций және магний қосылыстары
Калций және магний қосылыстары
Химия пәнінен ашық сабақ
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Периодтық жүйедегі орны бойынша кальций атомының құрылысы, қасиеттері, оның қосылыстары, күнделікті өмірде қолдану салаларымен таныстыра отырып, алған білімдерін жадында сақтау,
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Ақтөбе облысы, №3 Хромтау орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Мусина Г. А
Кальций қосылыстары. Судың кермектігі
Кальций қосылыстары. Судың кермектігі
Қызылорда қаласы, № 197 қазақ орта мектебі Химия пәні мұғалімі: Әбдиева Анар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×