Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің Периодтық жүйесі

16 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы:
Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің Периодтық жүйесін қорытындылау сабағы.
Сабақтың типі:
Интегративті ізденіс - саяхат сабағы (химия, биология, география).
Оқытуды ұйымдастырудың формасы:
Ұжымдық және топтық.
Озық тапсырма:
Қосымша әдебиеттермен ізденіс жұмысы.

Сабақтың мақсаты:
• Білімділік.
Периодтық кесте, Периодтық жүйе бойынша пәндік ұғым негіздерін зерделеу; пәнаралық ізденіс арқылы білімдерін терендету.
• Дамытушылық.
Интерактивті әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың өзара белсенділігін, ой - өрісін, өздік әрекет атқару қабілетін дамыту.
• Тәрбиелік.
Белсенді әрекет ұйымдастыру арқылы бір - бірінің пікірін сыйлау, өзара көмек көрсету, өз жұмыстарына әділ баға беруге тәрбиелеу.
Қажетті құрал – жабдықтар:
Интерактивті тақта, Периодтық кесте, Қазақстанның табиғи ресурстар картасы. Тәжірибеге қажетті реактивтер: металдық натрий, су, индикатор, химиялық ыдыстар.
Сабақтың барысы:
• Сынып оқушыларын топтарға бөліп, отырғызу (ядро, электрон, протон, нейтрон). Әр топта химик, биолог - географ және топ жетекшісі болады.
• Химиялық ой жинау (деңгейлік тапсырма)

Тапсырмалары: 1. «А» деңгейі: 1s22s22p63s1 элементінің оттекпен әрекеттесу теңдеуін жазыңыз.
2. «Ә» деңгейі: 1s22s22p63s23p4 элемент (VI) оксидінің сумен әрекеттесу теңдеуін жазыңыз.
3. «Б» деңгейі: 1s22s22p63s23p64s2 элементінің хлоридіне 1s22s22p63s1 элементінің карбонатын қосыңыз, реакция теңдеуін аяқтап, өнімдерін атаңыз.
Жауабы: 4Na+O2=2Na2O;
SO3+H2O=H2SO4;
CaCl2+Na2CO3=2NaCl+CaCO3
1. Д И Менделеев қай жылы, қай жерде дүниеге келді (1834ж Тобольск қаласы.)
2. Периодтық заңды Д. И. Менделеев қай жылы ашты (1869ж)
3. Периодтық кестеде элементтер неше топқа бөлінген (металдар және бейметалдар).
4. P элементінде қанша ұяшық бар? (3)
5. Табиғи ұялас элементтер тобын ата (сілтілік металдар, галогендер).

• Негізгі бөлім:
Қосымша әдебиеттер мен реактивтерді пайдаланып тақырыпты қорытындылау.
Топтардың жұмыс жоспары:
«Химик»:
● Химиялық элементтің периодтық жердегі орыны;
● Атом құрылысы;
● Металл ретінде химиялық қасиеті;
● Оксидтер мен гидроксидтерінің сипаттамасы;

«Географ - Биолог»:
● Элементтің табиғатта кездесуі;
● Колекциямен жұмыс;
● Қазақстанның табиғи ресурстары картасымен жұмыс;
● Адам ағзасындағы маңызы
«Топ жетекшісі»:
● Жалпы қорытындылайды.
Осы жоспар бойынша әр топ берілген элементтерге толық сипаттама жасады.
1. Электрон тобы: Натрий.

«Химик»:
Элемент натрий ІІІ период І топта орналасқан
Атом құрылысы: +11 2е - 8е - 1е -
1s2 2s2 2p6 3s1
Натрийдің сумен әрекеттесуі:
Натрий белсенді, жұмсақ металл. Сумен әрекеттесіп сілті түзеді
2Na + 2H2O = 2NaOH + H2
Na2O – негіздік оксид, NaOH – сілті

«Географ - биолог»:
Натрий жер қыртысында мөлшері массасы бойынша 2, 64% тең. Табиғатта көбіне тұз құрамында кездеседі. Натрий көптеген силикаттар құрамында, сондай - ақ ол еріген күйінде көл, теңіз және мұхит суларында болады. Қазақстанда ас тұзы ащы көлдерде шөгінді түрінде кездеседі.
Натрий адам ағзасына қажетті элемент, қан қысымын су алмасуын, жүйке және бұлшық ет талшықтарын реттеуге қатысады. Ағзада негізгі қышқылдық тепе - теңдіктің сақталуын, жүректің жұмысын реттеп, ағзадағы суды ұстап тұру қызметтеріне қатысады. Натрийді адам көп қажет ете бермейді – күніне 1 грамдай ғана керек. Егер натрий иондарының адам ағзасындағы мөлшері артық болса ағзадағы судың тепе - теңдігін бұзады, қан қоюланады.

Топ жетекшісі:
Біз бүгін «Электрон» тобы натрий элементіне толығымен сипаттама бердік деп ойлаймын. Натрий және натрий қосылыстары көп жерде қолданылады. Көшедегі фонарьларда натрийдің мөлшері көп. Ал бұл фонарьлар басқа фонарьларға қарағанда энергияны азырақ қажет етеді және тұманды мұнарлы күндерде жарық түсіре береді.
Натрийді сабын жасауда да пайдаланады. Ол теріге терең сіңген кірді кетіру үшін мол көбік шығарады. Сондай - ақ автокөліктердің қауіпсіздік көпшіктерінде бар. Өрт сөндіргіш құралдарда болады. Көбіктің ағысын сыртқы екпіннен шығаратын химиялық үдеріс үшін қажет және қыста дала тайғақ болғандықтан мұздың үстіне тұз себеді, өйткені тұз мұзды ертеді

2. Протон тобы: Алюминий.
«Химик»:
Элемент алюминий ІІІ период ІІІ топтың негізгі топшасында орналасқан.
Атом құрылысы: +13 2е - 8е - 3е - 1s2 2s2 2p6 3s2 3p1
Алюминий белсенді металл. Екідайлы қасиет көрсетеді. Ол қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттесуге қабілетті. Al2O3 – екідайлы оксид, Al(OH) 3 – екідайлы гидроксид.
Al(OH) 3 + 3HCl = AlCl3 + 3H2O
Al(OH) 3 + NaOH = Na[Al(OH) 4] натридің тетрагидроксоалюминаты
Алюминий тұздарын сілтілермен сапалық реакция бойынша анықтауға болады. Бұл кезде алюминий гидроксидінің қоймалжың тұнбасы түзіледі. Тұнба сілтінің артық мөлшерінде ериді.

«Географ - Биолог»:
Адам ағзасында алюминий - 0, 001 гр. Ол бауырда, сүйекте кездеседі. Судан адам ағзасына 5 - 8%, ал шай жапырақтарынан 100 - 200есе артық алюминий беріледі. Алюминийден жасалған ыдыстарды жиі пайдалануға болмайды, себебі ол тамақтың құрамына өтіп адам ағзасына артық мөлшерде енеді. Алюминий мөлшері ағзада артып кетсе адамның жүйке жүйесін зақымдайды.
Белсенді болғандықтан алюминий табиғатта бос күйінде кездеспейді, ал қосылыстар құрамындағы алюминий – табиғатта ең көп таралған металл. Жер қыртысындағы жалпы мөлшері шамамен 9%. Қазақстанда алюминийдің негізгі шикізаты – боксит. Негізгі кен орындары Сарыарқаның солтүстік шығысында, Ақмола облысымен Торғай үстіртінде. Қазақстан алюминий өндіруден ТМД елдері арасында алдыңғы орындардың бірін алады.
Топ жетекшісі:
Алюминий техникада және тұрмыста кеңінен қолданылады. Жеңіл және бағалы қасиеттері бар құймалар алынатындықтан, оның авиациялық өнеркәсіпте, автокөлікте, электротехникада электр сымдарын жасау үшін, сонымен қатар жарылғыш заттарды алуда, химиялық аппаратураларды дайындауда, ғимараттарды салуда, жиһаздарды, ыдыстарды және т. б. жасауда маңызы өте зор. Алюминийлі жұқа фольга конденсаторлар жасау үшін қолданылады. Алюминийді кабель, қаңылтыр және айна өндірісінде пайдаланады. Алюминий тозаңын «күміс сияқты» түс беру үшін бояу ретінде қолданады. Алюминиймен темір бұйымдардың бетін қаптайды, бұл оларды жемірілуден қорғайды.

3. Нейтрон тобы: Магний.
«Химик»:
Магний ІІІ период ІІ топтың негізгі топшасында орналасқан.
Атом құрылысы: +12 2е - 8е - 2е - 1s2 2s2 2p6 3s2
Магний белсенді металл. Егер ауада магний ұнтағын немесе жұқа магний лентасын жақса, көз қаратпайтын ұшқынмен жанады.
2Mg + O2 = 2MgO
Бұрын магнийдің бұл қасиетін фотографияда қолданған, қазір жарық шығаратын зымырандарда, әскери техникада қолданады. (интерактивті тақтада бейне фрагмент көрсетіледі).

«Географ - Биолог»:
Магний біздің организмде ең көп таралған элементтің төртіншісі және ол ағзамызда жүретін 300 - ден астам үрдістерді жүзеге асырады. Магний атомы жасыл өсімдіктердің хлорофилінің құрамды бөлігі. Магнийдің қатысуынсыз фотосинтез процесі жүрмейді. Бұл ғаламшарда тіршілік болмайды деген мағынамен тең. Адам организміне магний өте қажет. Ол жеткіліксіз болғанда жүрек бұлшық етінің жұмысы бұзылады.
Магний табиғатта таралуы бойынша сегізінші орында, оның жер қыртысындағы массалық үлесі 1, 9%. Ол 200 - ге жуық минералдың құрамына кіреді.
Ақ мәрмәр – Алматы облысында, Екпінді кен орнында өндіріледі. ТМД бойынша ең ірі асбест кен орны – Жітіқара біздің республикамызда орналасқан. Магнийдің көп мөлшері – мұхит, теңіз және тұзды көлдердің суларында бар. Магний шикізаты жоқ кейбір елдерде теңіз суынан магний өндіру жолға қойылған.

Топ жетекшісі:
Біз нейтрон тобы магний элементіне толық сипаттама бердік. Грекияның Магнезиум деген жерінен табылғандықтан сол жердің құрметіне магний деп аталған. Магний заводы 1965жылы Шығыс Қазақстан облысының Согра деген жерде Үлбінің жоғарғы жағында ашылған. Жоғарғы технологиялы жарыс велосипедтерін ешқандай бұрандамарларсыз және тегірлерсіз магнийдің тұтас кесегінен жасалған корпуспен шығарады. Осындай велосипедтер жеңіл, мықты және ең бастысы өте жүрдек. Жеңіл және аса төзімді металл болғандықтан магнийді күнделікті пайдаланатын заттарды қаптау өндірісі үшін пайдаланады.

3. Ядро тобы: Темір.
«Химик»:
Элемент темір ІV период VІІІ топтың қосымша топшада орналасқан.
+26 2е - 8е - 14е - 2е - 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2
Темір ауыспалы валентілік көрсетеді – 2 және 3. FeO – қара түсті ұнтақ, суда ерімейді. Негіздік қасиеттер көрсетеді. Fe2O3 – күрең, қоңыр түсті ұнтақ, суда ерімейді. Бұл оксидке екідайлы қасиет тән. Fe(OH) 2 - темір ІІ гидроксиді, Fe(OH) 3 – темір ІІІ гидроксиді.
«Географ - Биолог»:
Темір тірі организмдерде болады. Үлкен адамның денесінде 4 - 5г темір болады, оның 65%- і қанның гемоглабинінде. Гемоглабин қанға қызыл түс береді және химиялық элементтер қызметіндегі кіп-кішкентай пошташылар сияқты, қан құрамындағы темір атомдары біздің өкпеміздегі оттекті жүрегімізге және миымызға жеткізеді де, содан кейін көмір қышқыл газын өкпемізге әкеледі. Темір иондары көптеген ферменттердің қалыпты қызметіне, қан түзілу процесіне және организмде зат алмасу процесі жүру үшін қажет. Қанда темірдің жетіспеуі адамның денсаулығына әсер етеді, қаназдық ауруы пайда болады.

Темір – табиғатта таралуы бойынша екінші металл. Оның жер қыртысындағы үлесі 5, 1%. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар, сондықтан оны ертеде «аспан» немесе «жұлдыз» тасы деп атаған. Елімізде темір кендерінің үлкен қоры – Торғай темір кені бассейнінде және Орталық Қазақстанда бар. Темір минералды сулардың құрамында сульфат және гидрокарбонат түрінде кездеседі. Темір тұздары теңіз суларында бар, мұхит түбінде темірге бай табиғи шөгінділер кездеседі.

Топ жетекшісі:
Темір қазіргі техниканың маңызды металы. Бұл орташа белсенді металл. Темір табиғатта үлкен роль атқарады. Таза темірді шеге, тез магниттелу және магнитсізделу қасиетіне байланысты электромагниттік құралдардың бөлшектерін және т. б. жасау үшін қолданады. Көбінесе, темірдің құймалары шойын және болат көп қолданылады. Бұлар қазіргі техниканың басты конструкциялық материалдары. Дүниежүзінде темір мен оның құймаларын қалған барлық металдарға қарағанда 20 есе артық өндіреді. Марстағы топырақ соның салдарынан қызыл түсті болған темірдің қосылысы да Жердегі тот басқан велосипедтер мен машиналардың құбылысымен бірдей.

• Сәйкестігін тап:
1. N+7) 2) 5 --------- a. 1s22s22p2
2. Ne+10) 2) 8 ------ b. 1s22s22p3
3. C+6) 2) 4 --------- c. 1s22s22p6
4. F+9) 2) 7 --------- d. 1s22s22p5

• Рефлексия бөлімі
Сөйлемдерді аяқта:
● Бұл сабақтың мен үшін маңыздылығы..........................
● Менің бұл сабақтан алғаным.........................
● Мен өзімді мақтай аламын..................
● Сабақ маған ұнады немесе ұнамады................
• Үйге тапсырма: Менделеевтің өмірі мен қызметі туралы баяндама жазып әкелу.
43 629
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіне ізденіс - саяхат сабағы
Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіне ізденіс - саяхат сабағы
Периодтық кесте, Периодтық жүйе бойынша пәндік ұғым негіздерін зерделеу; пәнаралық ізденіс арқылы білімдерін тереңдету
Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері
Азот атомының сипаттамасын Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру. Азоттың тотығу дәрежесі, валенттілігі туралы; азоттың қосылыстары туралы оқушылардың білімін тереңдетіп кеңейте түсу.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау; Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Оқушылардың периодтық заң, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесі, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесіне сипаттама беру, атомдағы, изотоптардағы электрондардың таралып орналасуы туралы білімді
Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Гульназ Чапетқызы
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Астана қаласы ЖШС « Медициналық – техникалық колледж» Биология химия пәндерінің оқытушысы Сатпаева Мағрипа Мағзұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×