Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су, ерітінді, негіздері

17 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: «Су, ерітінді, негіздер» тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға ерітінді массалық үлесі, негіз, гидроксотоп, бейтараптану реакция ұғымдарын бекіту, судың химиялық қасиеті туралы білімін қорыту, реакция теңдеулерін біліктіліктерін жетілдіру.
б) Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
в) Оқушыларды табиғат байлықтарын тиімді пайдалана білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ой қорыту, іскерлік ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточка, схемалар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларын 2 - топқа бөліп, «Су, ерітінді, негіздер» тарауынан судың физикалық қасиеті, оның еріткіш екені, химиялық қасиеті, құрамы жөнінде алған білімдерін жүйелеу.
Орындалатын тапсырмалар:
1. Теориялық тапсырмалар жарысы
2. Дидактикалық тапсырмалар жарысы
3. «Кім жылдам» ойыны жарысы
4. Заттарды ажырата білесіз бе?
5. Су туралы мақал – мәтелдер жарысы

I команда судың физикалық қасиетіне тоқталады.
1. Су - түссіз сұйықтық, иісі және дәмі жоқ, 1000 С кезінде қайнайды, 00 кезінде қатады.
2. Судың ерекше қасиеті – булануы. Булану дегеніміз - сұйық не қатты заттардың газға ауысуы. Қатты заттарды қыздырудан сұйық күйге айналмай бірден булануы сублимация деп аталады. Будың қайтадан сұйыққа айналуы конденсация деп аталады. Өсімдіктердің сыртқы беттері арқылы суды буландыруы транспирация деп аталады. Мысалы, жапырақтың суды буландыруы - транспирация.
3. Судың ерекше қасиеттеріне - дыбысты жылдам өткізуі, жарық сәулесін жақсы көрсетуі, әр түрлі заттарды жақсы ерітуі жатады. Су - мәңгі қозғалыста, айналыстағы сұйық.

II команда судың химиялық қасиеттерін сипаттайды. Тәжірибе жасап, реакция теңдеулерін жазады. Су металдармен металл оксиді және бейметалл оксидімен әрекеттеседі.
1 - тәжірибе: мырыштың 3 - 4 түйірін, сынауыққа салып, аздаған мөлшерде су құйылады, осы уақытта газ көпіршігін байқаймыз.
Реакция теңдеуін жазамыз.
Zn + H2O = Zn О + H2
C+ 2H2O = CO2 + 2H2
2 - тәжірибе: Кальций оксидінің сумен әрекеттесуін тұрмыста жиі тәжірибе жасау арқылы көріп жүрміз.
Реакция теңдеуін жазамыз.
Са+ H2O = Са (OH) 2
II. сұрақ - жауап жарысы.
2 - і команда алдын - ала сынып тақтасына ілінген сұрақтарды шешеді.
1. Неліктен су жанбайды?
2. Қандай металдар судан жеңіл?
3. Қандай су дем шығарудан лайланады?
4. Мұз неліктен суға батпайды?

II Дидактикалық тапсырмалар жарысы.
І команда
Төмендегі берілген заттарды класқа бөліп, әрбір бағанаға сәйкес формулаларды жазыңыздар:
SO, Ca(OH), H SO, KOH, HCI, CuO, NaCI, CaCI
Оксидтер ---------- Қышқылдар --------- Негіздер ----------- Тұздар

ІІ команда
Берілген заттардың ішінен а) негіздер, ә) оксидтер (бейметалдық), б) қышқылдар, в) металдық оксидтер кластарына жататын заттардың формулаларын бөліп жазыңдар:
CO, Mg (OH), CaO, P O, HCI, BaO, Ca(OH), HNO, Fe (OH), AI O
Танымдық ойындар сайысы
І команда
«Құпия сөздің құлпын аш». Бұл ойын химиялық реакциялардың теңдеуі бойынша құбылысты түсіндіруге негізделген

Фосфор жақсаң будақтап,
Ақ түтінін түзеді.
Ол түтінді су сорып,
Қандай қосылыс түзеді?
Жауабы:

ІІ команда
Жоқ формуланың орнына қой. Нүктелер қойылған жерлерге жоқ затты тауып жазып, теңдеудің дұрыстығын дәлелде
а)..... +..... = H SO;
ә)..... +.....= Ca(OH);
б)... +.... =2 КOH

ІІІ тапсырма
Екі команда «Кім жылдам» ойынын ойнайды
Қай команда негіздердің формуласын көп біледі? Тақтаға 2 командадан екі оқушы шығып, біріне - бірі қарамай өздері білетін негіздердің формуласын жазып шықты.

IV тапсырма
Заттарды ажырата білесіз бе? Оқушыларды берілген заттарды ажырата білуге баулитын тапсырмалар

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 255
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Химиялық реакция теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы.
Химиялық реакция теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Химия 8 сынып Химиялық реакция теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы.
Су – табиғи әмбебап еріткіш.
Су – табиғи әмбебап еріткіш.
Су - еріткіш. Көптеген заттар суда еріп, ерітінді түзеді. Ерітінділер дегеніміз - еріткіш пен еріген зат бөлшектерінен тұратын және өзара бір - бірімен физикалық - химиялық әсерлесетін жүйе. Іс жүзінде көргеніміздей заттардың барлығы дерлік суда
Судың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, маңызы
Судың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, маңызы
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Шаяхметова Анаргүл Әменқызы
Химиялық  реакция теңдеулері бойынша есептеулер
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
Судың химиялық қасиеттері, маңызы және табиғаттағы айналымы
Судың химиялық қасиеттері, маңызы және табиғаттағы айналымы
Тауекелова Сандуғаш Рымбековна Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті Абай атындағы мектеп - гимназияның химия пәні мұғалімі
Судың химиялық қасиеттері
Судың химиялық қасиеттері
Судың химиялық қасиеттері, қандай заттармен әрекеттесуі туралы үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×