Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химия сабақтарында жеке тұлғаның адамгершілік - рухани қасиеттерін дамыту

28 сәуір 2013, Жексенбі
Категориясы: Химия
“Химия сабақтарында жеке тұлғаның адамгершілік - рухани қасиеттерін дамытып, өзін - өзі іске асыру”

Аңдатпа
В данной статье изучается метод самореализации личности на уроках химии путем развития нравственно - духовных качеств.

This article is about the method of person’s self - realization at chemistry lessons by means of development of morality qualities.

XXI ғасырда Қазақстан Республикасында білім берудің өзіндік ұлттық үрдісі қалыптасуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға шәкірттің білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Егеменді еліміздің болашағы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Қазіргі заманғы білім беру әлеуметтік құрылымының маңызды элементтерінің біріне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негізі мектептен қаланатыны бәрімізге белгілі. Оқушыларға білімнің қыры мен сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, адамгершілік - рухани қасиеттерін дарытып, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Жеке тұлғаның адамгершілік - рухани құзыреттілігін көтеру арқылы қоғамның рухани және адамгершілік деңгейінің жоғарылауына қол жеткізу күтілетін нәтиже десек болады.

Қоғамның негізгі бағыты білімді де дарынды балалар даярлау болса, ал мектептің негізгі көкейкесті мәселелерінің бірі білім мен қатар тәрбие беру, яғни адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру. Жас ұрпақ бойына батылдық, әділдік, мейірім мен қайырымдылық, ізеттілік пен қамқорлық сезімдерін сіңіруді әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргізуі қажет. Оқыту мен тәрбиелеу мақсатында жүргізілген жұмыстың тиімді көрсеткіштерінің бірі – оқушының белсенділік қабілеттері және пәнге деген қызығушылығы «жанам деген жүрекке от берейік» дегендей әрбір мұғалімнің міндеті – оқушының өз пәніне деген қызығушылығын ояту, терең де мазмұнды білім беру, ой - өрісін, шығармашылық ізденісін дамытып, қазіргі нарық заманы бәсекесіне төтеп бере алатындай білікті, тәрбиелі шәкірт тәрбиелеу.

Адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың тиімді тәсілдеріне ұлттық педагогика элементтері де жатады. Еңбекке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие, адамгершілік тәрбиесі, экологиялық тәрбие, дене тәрбиесі - осы барлық тәрбиенің өзегі - адамгершілік тәрбиесі, бірақ ол жападан - жалғыз әрекет етпейді, осы аталған тәрбие түрлерімен бірлікте, демек, адамгершілікпен қоса барлық тәрбие түрлері біріге келе адамгершілік мәдениеті мен сапалары қалыптасады. Ол үшін сабақты мүмкіндігінше түрлендіріп өткізсе, оқушылардың оқу үлгерімі сапасының көтерілетініне, пәнге қызығушылықтың артатынына, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланатынына көз жеткізуге болады.

Жеке адамның қалыптасуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайтынын ескерсек, берілетін білімді ізгілендіру, әсіресе химия - биологиялық пәндер мазмұнын осы бағытта жүзеге асыруда мүмкіндіктері молдығын байқаймыз. Себебі, адам, табиғат, қоғам бір - бірімен тығыз байланысты. Адамның дамып жетілуіне мүмкіндік туғызатын орта болса, сол қоршаған ортаның табиғат байлықтарын, табиғи жағдайларын мектепте оқытып үйрететін пәндер – химия мен биология. Мен сабақ беру үрдісінде оқушылардың бойында өзіндік талдау, өзін - өзі іске асыру қабілеттерін қалыптастыруда мынандай негізгі факторларды басшылыққа аламын:
- оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру
- жекелей, жұппен, топпен жұмыс жүргізу
- ойлау қабілетін дамытатын есептер беру
- қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру
- оқушылардың теориялық - практикалық сауаттылығын арттыру.
Мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай үш топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырып, оқушының ақыл - ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін. Сабақ барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай, оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін “Дөңгелек үстел” “Брейн - ринг “, «Қарлы кесек», «Кім көп біледі?», «Көңілділер мен тапқырлар» ойындарын қолданамын. Тірек сызба, семантикалық карта толтыру, эстафеталық сұрақтар, лото ойындарын шештіру арқылы, электрондық оқулықтарды пайдалана отырып оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытамын. Қорытынды, қайталау сабақтарында топ бойынша білім жарысын ұйымдастыру оқушылар белсенділігін арттырып, олардың ұжымдасып, ақылдасып, бір - бірінің пікірін тыңдап, құрметтеуге, біріне - бірі көмектесуіне ықпал етеді. «Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Молярлық масса» тақырыбы бойынша өткізілген қайталау сабағында оқушылардың алған теориялық білімін нақтылау, ізденіс, өзіндік жұмыс арқылы білімдерін тексеру, бекіту, топтасып жұмыс істеуге, өз білімін өзі бағалауға, тексере білуге дағдыландыру мақсат етілді. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. Әр топқа жеке үш тапсырмаға дайындалған кестелер үлестіріледі. Әр оқушы өзінің тапсырмасын дәптерде орындайды, жауаптарын қарындашпен кестеге салады. Топ жетекшісі жауаптардың жиынтығын есептеп, кестенің астына санын жазады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 327
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру
Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру
Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру
Сындарлы оқыту
Сындарлы оқыту
ШҚО, Семей «№13 ЖОББМ» КММ Траих пәні мұғалімі:Н. Кульджина
Жаңаша оқыту – уақыт талабы
Жаңаша оқыту – уақыт талабы
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебі Мусипова Ғалия Оспановна
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі «Өзін - өзі тану» пәнін оқытуда рухани - адамгершілік білім беру
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі «Өзін - өзі тану» пәнін оқытуда рухани - адамгершілік білім беру
Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Б. Т. Ешмұхаметова
Рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру негіздері
Рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру негіздері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесінің директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары Рыскалыева Қалыдгүл Ондасынқызы
Адамгершілік рухани білім беруді іске асыру негізінде  өзін – өзі тану сабақтарын сын тұрғыдан ойлау стратегиясымен байланыстыру
Адамгершілік рухани білім беруді іске асыру негізінде өзін – өзі тану сабақтарын сын тұрғыдан ойлау стратегиясымен байланыстыру
Адамгершілік рухани білім беруді іске асыру негізінде өзін – өзі тану сабақтарын сын тұрғыдан ойлау стратегиясымен байланыстыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×