Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңаша оқыту – уақыт талабы

03 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Жаңаша оқыту – уақыт талабы.


Білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдай жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан - жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады.
Қазіргі білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани - адамгершілік дамуына үлкен мән берілуіне орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табытсы болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру.

Феноменологиялық немесе гуманисттік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі – оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым - қатынас: ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді.

Рухани – адамгершілік дағдарыс бүгін жаһандық мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан, қазіргі кезде бүкіл әлем жалпыадамзаттық құндылықтар бойынша жаңа білім бағдарламаларын іздестіру үстінде. Жапонияның білім беру жүйесі негізінде жоғары адамгершілікті тұлға тәрбиелеуге бағытталған курс алынған. Францияда «өнер арқылы тәрбиелеу» тұжырымдамасы табысы жүзеге асырылуда. Литвада рухани – адамгершілік білім беру бойынша курс міндетті пән болып табылады. Финляндияда адамдар арасындағы қарым – қатынастар мен руханилықты дамыту, қоғамдық қарым – қатынастар мен руханилықты дамыту, қоғамдық қарым – қатынастар мен азаматтық әдеп оқытылады.

Біздің елімізде «Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.
«Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру идеясының авторы – Сара Алпысқызы осындай мәңгілік сауалдарға жауап іздеуде: «Жалпыадамзаттық құндылықтарға, өзіңің бастауыңа қайта оралуың керек. Қазіргі білім беру жүйесіндегі шектен тыс талаптарды емес, өмір әдебін қайта жаңғырту керек. Халық ерте заманнан осы құндылықтарды біліп, осы құндылықтармен өмір сүріп, руханилықтың кәусарымен сусындап келді. Бірақ, кейінгі онжылдықтағы өмірдің аласапыран ағымында адам өзінің бастауын ұмыт қалдырды. Оған апарар жолды іздеу әр адамның міндеті екендігіне мен сенімдімін», - деген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 318
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәрбие жоспары
Тәрбие жоспары
2019 - 2020 оқу жылына арналған 8 сыныптың тәрбие жоспары
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту жұмыстары
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту жұмыстары
Функционалдық сауаттылықты дамудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.
Функционалды сауаттылықты дамыту жолдары
Функционалды сауаттылықты дамыту жолдары
Қaзipгi жиыpмa бipiншi ғacыp Eлбacымыз Н. Ә. Назарбаев aтaп aйтқaндaй - бiлiм ғacыpы. Қоғамның жылдам өзгеруіне байланысты жaңa қоғaмғa caй өзгeшe қaбiлeт, өзгeшe қacиeткe иe ұpпaқ қaлыптacып кeлeдi
Рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру негіздері
Рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру негіздері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесінің директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары Рыскалыева Қалыдгүл Ондасынқызы
12 жылдық білім беру жағдайында мектепке табысты даярлау факторы ретінде баланың тұлғалық дамуы
12 жылдық білім беру жағдайында мектепке табысты даярлау факторы ретінде баланың тұлғалық дамуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы, №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Байсалбаев Дархан Абдуллаұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×