Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұздар гидролизі

05 мам 2013, Жексенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: Тұздар гидролизі
Сабақтың мақсаты:
● Білімділік: Оқушыларға тұздар гидролизінің жүру механизмін түсіндіре отырып, тұздар ерітіндісінде индикаторлардың түсі өзгеруі жайлы білім беру;
● Дамытушылық: Ой - өрісін, танымдық көкжиегін жаңа технология элементтерін қолдана отырып кеңейту, тапсырмалар көмегімен белсенділігін арттыру, бағыт - бағдар бере отырып, өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру;
● Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу, ұжым арасынан өз ойын ашық жеткізуге әдеттендіру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Дамыта оқыту технологиясы, Қараевтің деңгейлеп оқыту технологиясы, ақпараттандыру технологиясы бойынша интерактивті тақтаны пайдаланып түсіндіру;
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, плакаттар, кеспе қағаздары, ерігіштік кестесі, периодтық жүйе, слайдтар, интерактивті тақта;
Сабақтың байланысы: күнделікті өмірмен, физикамен, математикамен;
Сабақтың барысы:

Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі 2мин.
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау 5 мин.
ІІІ. Жаңа сабақ 20 мин.
ІV. Жаттығулар орындау 10 мин
V. Қорытынды 3 мин.
VI. Үйге тапсырма 2 мин.
VIІ. Бағалау 3 мин.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысып, дайындығын ұйымдастыру, сабаққа назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау
Үйге №5 есеп берілген еді. Әр оқушының орындағандығын жеке - жеке дәптерлерін тексеру арқылы білеміз. Кейбіреуінің қателіктері болғандықтан тапсырманы тақтаға жаздырамыз, өтілген тақырып бойынша пысықтау сұрақтары қойылады:
1. ЭДТ тұрғысынан қышқылдарға анықтама беріңдер
2. ЭДТ тұрғысынан негіздерге анықтама беріңдер
3. ЭДТ тұрғысынан тұздарға анықтама беріңдер

Тақырып меңгерілгендігіне көз жеткен соң, мұғалім жаңа сабақты түсіндіреді.
ІІІ. Жаңа сабақ
Судың өте аз мөлшерде сутек Н+ және гидроксид ОН - иондарына диссоциацияланатыны белгілі:
Н₂О ↔ Н+ + ОН -
Диссоциация нәтижесінде Н+ және ОН - иондарының бірдей мөлшері түзіледі. Ерітіндідегі сутек ионы Н+ және гидроксид ОН - ионының мөлшері бірдей болғандықтан су БЕЙТАРАП ортаны көрсетеді. Егер ерітіндідегі гидроксид ионының мөлшері артық болса орта СІЛТІЛІК, ал сутек иондарының мөлшері артық болса орта ҚЫШҚЫЛДЫҚ болып өзгереді. Олай болса сулы ерітіндісінде Н+ ионының не ОН - ионының артық мөлшері жоқ тұздардың ортасы бейтарап болуы керек. Шындығында да күшті қышқыл мен күшті негіз әрекеттескенде түзілетін натрий хлориді, калий нитраты, калий сульфаты сияқты тұздардың сулы ерітіндісі бейтарап ортаны көрсетеді (электронды оқулық, №6 мысал). Кейбір орта тұздардың, мысалы, темір (ІІІ) хлоридінің NH₄CI судағы ерітінділері қышқылдық ортаны, ал натрий карбонатының Na₂CO³, калий карбонатының К₂СО₃ ерітіндісі сілтілік ортаны көрсетеді. Бұған көз жеткізу үшін осы тұздардың ерітінділеріне фенолфталеин немесе лакмус ерітінділерінің 1 - 2 тамшысын қосамыз.
Ас тұзының NaCI ерітіндісіне лакмус түсін өзгертпейді, олай болса орта бейтарап. Ал темір (ІІІ) хлоридінің FeCI₃, мырыш хлоридінің ZnCI₂ және аммоний хлоридінің NH₄CI ерітінділеріне лакмус қызарады, демек, орта қышқылдық. Натрий және калий карбонатының Na₂CO₃, К₂СО₃ ерітіндісіне лакмус көгереді, демек, орта сілтілік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
24 688
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыс
Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстардың терминологиялық сөздерді ағылшын тілінде меңгереді. Химиялық реакция теңдеулерін теңестіру арқылы жылдамдыққа үйренеді. Құрамын, маңызын және өмірде қолданылуын талқылайды.
Тұздар гидролизі
Тұздар гидролизі
Семей қаласы, "Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп"КММ - де химия пәні мұғалімі Кәмелбекқызы Гүлдар
Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер. Көпатомды спирттер
Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер. Көпатомды спирттер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ақалтын ауылы, «Ақалтын» жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Сахова Клара Байдосқызы
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы №61 жалпы білім беретін орта мектебі Химия пәні мұғалімі Уралбаева Қызғалдақ Ризабекқызы
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы КММ “Амангелді орта мектебі Бибосинова Г. Т.
Тұздардың жіктелуі. Алынуы. Химиялық қасиеттері. Қолданылуы
Тұздардың жіктелуі. Алынуы. Химиялық қасиеттері. Қолданылуы
Тұздар туралы алған білімдерін толықтыру. Оқушылардың тұздар туралы білімдерін тиянақтау. Тұздардың жіктелуі, құрылымдық формуласын жаза білуге, алыну жолдары мен химиялық қасиеттері туралы түсінік беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×