Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастапқы химиялық ұғымдар тарауын қайталау

05 мам 2013, Жексенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: Бастапқы химиялық ұғымдар тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың жаңадан бастаған пән – химияның алғашқы ұғымдарын қаншалықты меңгергендігін ойын элементтерін пайдалана отырып тексеру, химияның басқа пәндермен байланыстылығына көз жеткізу
Дамытушылық: Әрбір шәкірттің жеке тұлға ретінде белсенділік қабілетін дамыту, танымдық ойлау, қиялдау қабілеттерін арттыру, өздігінен ізденуге талпындыру
Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, өз ісіне жауапкершілікпен қарай білуге тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту, ұжымдық, жекелей оқыту технологиясы, сұрақ - жауап, ойын түрлері, тест
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, саяхат сабағы
Пән аралық байланыс: тарих, биология, география, әдебиет, физика
Сабақтың көрнекілігі: хат, кілті жоқ құпия сандық, ғажайып карта, кеспе қағаздар, тест парақтары, Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, мультимедиялық проектор.

Сабақтың барысы:
Жоспар:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Саяхат барысы
3. Қорытындылау
4. Бағалау
5. Үйге тапсырма

1. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім сәлемдесіп, оқушыларды түгелдеген соң сыныпқа құлыпты құпия сандық пен хаты жанына қойылған ғажайып карта әкелінеді. Картада құпия сандықтың кілті қайда жасырылғаны сызылып көрсетілген. Кілтке жету үшін оқушылар ХИМИЯ ПАТШАЛЫҒЫНА саяхат жасайды. Жол жөнекей оқушыларды бес патшалық – Тарих патшалығы, География патшалығы, Биология патшалығы, Әдебиет патшалығы, Физика патшалығы өздерін таныстыра отырып өзінше сынайды, сынақтан мүдірмей өткенде ғана келесі патшалыққа жолды сілтеп шекараларынан өтуге рұқсат береді. Ең соңында алдарынан ХИМИЯ патшалығы шығып, ол да дайындап қойған сынағынан өткізеді, сонда ғана құпия сандықтың кілтін берілетіндігі түсіндіріледі.

2. Саяхат барысы
Карта бағыты бойынша оқушылардың алдынан бірінші болып Тарих патшалығы шығады.

1) Тарих патшалығы.
Оқушыларға проектордағы мәтін бойынша тарих пен химияның арасындағы байланыс түсіндіріледі
Оқушыларға мәтінге байланысты тест жұмысы орындатылады.
Бұрын болғандарыңа, кейін де бағалау үшін қажет ХИМОНДАРды ұсынамын.

Тарих патшалығының сынағынан мүдірмей өттіңдер. Ендеше келесі патшалыққа аттанайық. Ол – География патшалығы. Ол бізге қандай сындар дайындап отыр екен?

2. География патшалығы.
1) Сөздерді ретімен жазып ережені толтыр:

Химиялық элемент дегеніміз –
. а) атомдардың
б) түрі
в) белгілі
2) Ия немесе жоқ жауабын жазып, тапсырма орындау

Тапсырмаларды белсенді орындаған оқушылар химондармен тиісінше бағаланады да келесі патшалыққа сілтеме алады.
3. Биология патшалығы – оқушыларды деңгейлі тапсырмалар арқылы сынайды:
1) Кестеде берілген формулалар бойынша коэффициент пен индексті ажыратып жаз
2) Биологияға байланысты сұрақтар ( Тыныс алу процесі, адам организмінде кездесетін маңызды химиялық элементтер)
3) Реакция теңдеулерін аяқтап, қай типке жататынын анықта:
Н₂ О →
Аl + O₂ →
Fe + CuCl₂ →

Бұл тапсырмаларды да мүдірмей орындаған оқушыларды бағалап, келесі патшалыққа жол тартамыз. Ол – Әдебиет патшалығы.
3. Әдебиет патшалығы.
Күрделі тапсырмалар орындаудан оқушылардың миына үлкен салмақ түседі. Әдебиеттің де химиямен байланысы бар екеніне көз жеткізу үшін әдебиет патшалығында сергіту тапсырмаларын орындау артық болмас.
Мысалы:
Мақал - мәтелдер:
1. Өз елім –....... бесігім (алтын)

Жұмбақтар:
Бірінші буыным көп емес,
Екінші буыным тілсіз жау. (аз+от)

Әр дұрыс жауапқа бір химоннан үлестіреміз.
Ән айтып, мақал - жұмбақ шешіп серігіп алған оқушылар ары қарай сапарын жалғастырады. Сол кезде алдарынан Физика патшалығы шығады.
2. Физика патшалығы
Бұл патшалық та оқушыларды деңгейге бөліп, олардың әрқайсысына ойындар дайындап қойыпты:
І. «Кім зерек» ойыны. Берілген заттарды дұрыс анықтай білсеңіз, химиялық элемент аты шығады.
ІІ. «Кім көп біледі?» ойыны. Жылдам сұрақтарға жауап беру
ІІІ. «Кім жүйрік?» ойыны. Жылдамдыққа есеп шығарту
Ендеше, физика патшалығының да тексеруінен өттік. Алдымызда – ХИМИЯ патшалығы! Көрейікші, химиктер бізге не дайындаған екен?!
3. ХИМИЯ патшалығы
Мультимедиялық проектордан «Таза заттар және қоспалар» тақырыбында тәжірибе көрсетіледі. Соған байланысты талдау сұрақтары қойылады:
Патшалықтардың да сындарынан өттік, сұрақтардың барлығына да жауап алдық. Онда құпия сандықтың кілтін алып, сандығымызды ашып көрейікші, химиктерге нені аманат етіп тастаған екен?..
- Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды, - деп мұғалім сандықты ашса, ішінде 8 - сыныптың оқулығы және тәттілер шығады. Мұғалім тәттілерді оқушыларға және келген қонақтарға үлестіреді.
3. Қорытынды
Қорыта келгенде, химия атамыз бізге алтынға толы сандықты емес, ақылымызды шыңдайтын білім тастап отыр екен! Онда үлкендердің үмітін ақтап, енді ғана бастаған ХИМИЯ пәнін ары қарай жоғары ынтамен, белсенділікпен оқуға талпынайық! Сонда ғана қолдарыңдағы тәттілер секілді өмірлерің де тәтті болатынына сенемін.

4. Бағалау.
Оқушылар саяхат бойы жинаған химондар санын санайды, үштен көп химон жинағандары сәйкесінше бағаланады.

5. Үйге тапсырма.
Өтілген тарауды қайталау

Қорыта келгенде, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану оқушылардың білім деңгейін заман талабына сай арттырады.
8 022
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оттекті органикалық қосылыстар тарауын қорытындылау
Оттекті органикалық қосылыстар тарауын қорытындылау
Оттекті органикалық қосылыстардың құрылысын, қасиеттерін, қолданылуын жаттығу, есептер шығару арқылы қайталап, бекіту, еске түсіру, жаратылыстағы маңызы туралы мағлұмат бере отырып қорытындылау.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау; Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу.
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Органикалық химия пәні туралы білімдерін жетілдіру, органикалық заттардың ерекшеліктерімен таныстыру, органикалық химияның ғылым ретінде пайда болуы, органикалық химияның қазіргі замандағы маңызы
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздері тарауын қайталау арқылы, 9 сынып оқушыларының алған білімдерін, икемділіктерін тексеру, пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Химиядан сабақтар топтамасы
Химиядан сабақтар топтамасы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №1қазақ орта мектебінің химия пәні мұғалімі Бисембаева Зоя Жексембайқызы
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Астана қаласы ЖШС « Медициналық – техникалық колледж» Биология химия пәндерінің оқытушысы Сатпаева Мағрипа Мағзұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×