Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химия әлеміне саяхат

11 қазан 2013, Жұма
Категориясы: Химия
Кластан тыс жұмыстың жоспары:
1. Кіріспе
2. Ал, кәнекей, танысайық
3. Білгіш болсаң, шешіп көр
4. Жарнамалық үзіліс (8 «А» класының жарнамасы)
5. Лездік сұрақтар
6. Жарнамалық үзіліс (8 «Ә» класының жарнамасы)
7. Химиялық қызықты тәжірибелер:
а) Шырпысыз от
ә) Ауыртпай жасалатын операция
б) Отсыз түтін
в) Жанбайтын орамал
8. Жарнамалық үзіліс (8 «Б» класының жарнамасы)
9. Полиглот
10. Жарнамалық үзіліс (8 «В» класының жарнамасы)
11. Химиялық жұмбақтар
12. Шығармашылық жұмысты қорғау:
а) Ақтөбе облысындағы экологиялық жағдайлар
ә) Қазақстандық химиктер
б) Ақтөбе облысындағы мұнай - кен орындары
в) Ақтөбе облысындағы химиялық өндіріс орындары
13. Қорытынды

Класаралық сайыстың барысы:
Көруге химия кешін жиылғандар,
Менделеевке құдайындай сиынғандар.
Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты,
Тамашалау бақыты бұйырғандар – дей келе мектебімізде өтіп жатқан, жаратылыстану апталығы кезінде жоспарланып отырған 8 - кластар арасындағы класаралық сайысты ашық деп жариялаймын!
Құрметті, оқушылар, енді осы өткелі отырған сайысымызға төрелік ететін әділ - қазылар алқасын сайлап алайық.( әділ – қазылар алқасы сайланды)

Кластан тыс жұмыстың жоспары:
1. Кіріспе ( кластан тыс жұмыстың мақсатымен таныстыру)
Қызық думан - өміріміз ғаламат!
Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ!
Қыруар істің қайсысында болса да,
Құдіретті химия жүр аралап – дей келе сайысымыздың бірінші кезеңіне кезек берейік! 2. Ал, кәнекей, танысайық ( әр топ өздерін, эмблемаларын таныстырады)
Жарқырап күн көзінде болашағы,
Химия қиындықпен таласады.
Химия – ырыс - құты көкке шырқай,
Ертеңгі болашаққа жол ашады – деп, сайысымыздың келесі кезегіне де келіп жеттік.

8 «А» Білгіш болсаң, шешіп көр ( әртүрлі сөзжұмбақтар шешу. Осы жерде ақын Қадыр Мырзалиевтің «Периодтық кесте» өлеңін мәнерлеп оқу )
Мәнерлеп оқыған – Сқақова Гүлімай
Қадыр Мырзалиев «Менделеев кестесі»
Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын,
Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым.
Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,
Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.
Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,
Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.
Анау емес, мынау емес – Титан болу сырың ба?
О, жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?
Темірдей деп мақтаушы едік,
Темірдің де кезі өткен
Кезі өтпесе, тұрар ма еді 26 - шы кезекте.
Былқ етпейтін сабырлы да, салмақтысы болғасын,
Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын.
Ал орынын сұрама сен,
Айтуға оны ұялам.
Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан
Элементтер ішінде де қатты сірә қақтығыс,
Шылапшындық мысыңнан да тұр кейіндеу ақ күміс.
Күміс дейміз
Күмістің де өмір емес өмірі –
Екінші емес,
Үшінші емес –
Қырық жетінші нөмірі.
Қалай саған ұнай ма бұл?
Ұнаса егер, ал тыңда:
Жүлделі орын тимей қалған платина,
Алтынға!
Жетпіс сегіз,
Жетпіс тоғыз –
Екеуінің кезегі
Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.
Тас - талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,
Платина сұп - сұр болып, қаны шыққан бетінен
Құрметті тор тимесе егер шын асылда барма айып?
Өз орынын күте - күте кеткен алтын сарғайып.

Сөзжұмбақ «Шытырман»
Торкөздегі әріптерден сөздерді дұрыс құрастырсаңыздар, химия зертханасында естеріңізде болатын өте маңызды қауіпсіздік ережесін оқисыздар. Сөзді жоғарғы шеткі торкөзден бастау керек. Әр торкөздегі әріп бір - ақ рет оқылады.
х и ң д ә м ы д й
и м і д р і н м а
я л в т е а т л о
қ ы и т ы т р у б
р е а к п к ө г е
Жауабы: химиялық реактивтердің дәмін татып көруге болмайды.

4. Жарнамалық үзіліс (8 «А» класының жарнамасы)
5. Лездік сұрақтар ( 1минут ішінде 10 сұраққа жылдам жауап беріп үлгеруі керек)

Лездік сұрақтар: 1
1. Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым (Экология)
2. Натрий гидрокарбонатының тұрмыстық атауы (Ас содасы)
3. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл (Йод)
4. Сұйық металл (Сынап)
5. Ас тұзының формуласы (NaCI)
6. Күкірт қышқылының оқылуы (Аш - екі – эс - о - төрт)
7. Темір элементінің оқылуы (Феррум)
8. Көмір қышқылының тұзы ( Карбонат)
9. Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр (Коэффициент)
10. Периодтық кесте неше топтан тұрады? (Сегіз)

Лездік сұрақтар: 2
1. Натрий хлоридінің тұрмыстық атауы (Ас тұзы)
2. Қанның құрамына кіретін металл (Темір)
3. Периодтық кестеде қанша бейметалл бар? (Жиырма екі)
4. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (Атом)
5. Индекс нені білдіреді? (Атом санын)
6. Фосфор қышқылының формуласы (Н3РО4)
7. Күкірт қышқылының тұзы (Сульфат)
8. Кремний элементінің оқылуы (Силициум)
9. Электронды беру процесі (Тотығу)
10. Мұздың кристалдық торы (Молекулалық)

Лездік сұрақтар: 3
1. Натрий гидроксидінің техникалық атауы (Күйдіргіш натр)
2. Қалыпты жағдайда сұйық күйінде болатын бейметалл (Бром)
3. Кальций карбонатының формуласы (СаСО3)
4. Азот қышқылының тұзы (Нитрат)
5. Күміс элементінің оқылуы (Аргентум)
6. Электронды қосып алу процесі (Тотықсыздану)
7. Ас тұзының кристалдық торы Иондық)
8. Метилоранж ненің аты? ( Индикатор)
9. Жылу бөле жүретін реакция ( Экзотермиялық)
10. Табиғатта кездесетін ең қатты минерал (Алмаз)

Лездік сұрақтар: 4
1. Кестедегі VII топтың негізгі топша элементтері (Галогендер)
2. Калий перманганатының тұрмыстық атауы (Марганцовка)
3. Аммиактың формуласы ( NН3)
4. Кремний қышқылының тұзы (Силикаттар)
5. Қорғасын элементінің оқылуы (Плюмбум)
6. Сутекті алу үшін қолданылатын шыны аспап (Кипп аппараты)
7. Зат массасының сақталу заңын ашқан кім? (Ломоносов)
8. Жылу сіңіре жүретін реакция ( Эндотермиялық)
9. Период саны нені білдіреді? (Энергетикалық деңгей саны)
10. Фенолфталейннің түсі (Түссіз)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 475
1
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын. Хабарлы сөйлем
Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын. Хабарлы сөйлем
күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
Химиялық реакция теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы.
Химиялық реакция теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Химия 8 сынып Химиялық реакция теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы.
Құрамында тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендіруге есептер шығару
Құрамында тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендіруге есептер шығару
Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырмасын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын тригонометриялық өрнектерді ықшамдауда қолдануды үйрету
Білгір химик – ХХІ
Білгір химик – ХХІ
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кентінің №1 орта мектебі» КММ химия, биология пәні мұғалімі Мукушева Гульмира Серикпековна
Кембридж бағдарламасы бойынша өткізген химия пәнінен сабақ жоспары
Кембридж бағдарламасы бойынша өткізген химия пәнінен сабақ жоспары
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №41 жаратылыстану - математика бағытындағы мектеп – лицейінің химия пәні мұғалімі Мукатаева Лиза Сансызбаевна
Химия ғажайыптар әлемі
Химия ғажайыптар әлемі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Файзуллаева Әсем Тұрақбайқызы
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
aiboll
aiboll Бас редактор 4 наурыз 2018 14:07
0
×