Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тармақталған алгоритмдер

14 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Информатика
Информатика 8 сынып:
Сабақтың тақырыбы: Тармақталған алгоритмдер
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру, тармақталған алгоритмдерді бағдарламалауды үйрету. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін - өзі бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың түрі: топтық, жекелей
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Практикалық
Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, презентация, карточкалар, кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс: математика, геометрия, ағылшын тілі.
Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын қайталау
а) (Лото ойыны, тапсырмалар)
3. Жаңа сабақты түсіндіру (Сөзжұмбақ) «Ішіне - сыртына»
4. Практикалық жұмыс
5. Сабақты пысықтау (тапсырмалар)
6. Үй тапсырмасы
7. Оқушыларды бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру.
а) «Лото» ойыны
1. Алгоритм дегеніміз не? (Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып, қажетті нәтижеге қол жеткізуді жүзеге асыратын әрекеттердің орындалу ережесі.)
2. Алгоритмдерді ұсыну тәсілдерін ата (табиғи тілде, графикалық тілде, алгоритмдік тілде, программалау тілінде)
3. Алгоритм түрлерін ата (Сызықтық, тармақталған, циклдік)
4. Сызықтық алгоритм дегеніміз? (Әрекеттерді тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады)

3. Жаңа сабақ түсіндіру.
«Ішіне - сыртына». Кестенің ішіне Паскаль программалау тілінде қолданылатын операторларды жазады, ал сыртына программалау тіліне жатпайтын сөздерді жазады.

Ортадағы ерекше тор көздегі сөзге назар аударайық. «Branched» сөзі ағылшын тілінен аударғанда тармақталған деген мағынаны береді екен. Сонымен бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Тармақталған алгоритмдер»
Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шартты операторларды пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін біз сызықтық алгоритмдерге бағдарлама құрып келдік. Яғни, берілген есепте ешқандай шарттар болмаған. Ал, бүгінгі сабағымызда берілген есепте бір немесе бірнеше шарт кездесетін жағдайды қарастырып, оған программа құрамыз. Ал бұл алгоритм түрі тармақталған алгоритм.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 660
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары: шартты және шартсыз көшу операторы, қайталау операторы жайлы түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Шөжеев Бауыржан Лепесұлы
Тармақталған алгоритмдер
Тармақталған алгоритмдер
Информатика пәні мұғалімі: Бегасилова Роза
Тармақталған алгоритмдер
Тармақталған алгоритмдер
№5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі: Абдуллаева Феруза Муслімқызы
Паскаль программалау тіліндегі шартты оператор
Паскаль программалау тіліндегі шартты оператор
Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Қарауыл гимназиясының информатика пәні мұғалімі Кунафина Меруерт Нуржановна
Паскаль тілін қайталауға арналған практикалық сабақ
Паскаль тілін қайталауға арналған практикалық сабақ
Паскаль тілінен алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×