Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Паскаль тілін қайталауға арналған практикалық сабақ

02 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Информатика
Ақтөбе қаласы,
№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі.
Физика және информатика пәні мұғалімі
Жугинисова Айгерим Сагиндиковна

Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілін қайталауға арналған практикалық сабақ
Класы: 9
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Паскаль тілінен алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту, пәнаралық байланысты дамыту.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, программа құруда ұқыптылыққа баулу, өзара көмектесуге, бір - бірін бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: практикалық сабақ
Сабақтың түрі: топтық, жекелей
Сабақтың әдіс - тәсілдері: практикалық, деңгейлеп оқыту технологиясы.
Сабақтың көрнекіліктері: компьютер, ИТ, деңгейлік тапсырмалар, бағалау парақтары
Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Практикалық бөлім
3. Сабақты бекіту
4. Қорытындылау

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгендеу. Өтетін сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
2. Практикалық сабақ
Бірнеше бөлімнен тұрады.
Әр партаға бағалау қағазы беріледі. Оқушылар бір - бірінің бағасын жазып отырады.
1 - бөлім. Зертханалық жұмыс
А) Қандай тип:
- бүтін – INTEGER
- нақты – REAL
- логикалық – BOOLEAN
- символдық – CHAR
- тіркестік – STRING

Ә) Карточкалармен жұмыс
Карточка №1
1. Алгоритм ұғымы нені білдіреді?
2. Циклдік алгоритм дегеніміз не және оның түрлері?
3. Үш санның (а, с, р) орта мәнін есептеу алгоритмін құр

Карточка №2
1. Алгоритмді жазудың қандай тәсілдері бар?
2. Паскаль тіліндегі программа құрылымы?
3. у=x3 функциясын есептеу алгоритмін құр

Карточка №3
1. Оператор дегеніміз не және оның түрлері?
2. Программа дегеніміз не?
3. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын есептеу алгоритмін құр
Карточка №6
1. Паскаль тілінде программаның сипаттау бөлімінің құрылымы?
2. Алгоритм атқарушысы дегеніміз не?
3. Квадраттың ауданын есептеу алгоритмін құр

Карточка №5
1. Атқарушы командалар жүйесі дегеніміз не?
2. Алгоиртм типтері?
3. f=8x+2y функциясын есептеу алгоритмін құр

Б). Ақиқат пікірді тап
А. sqrt - санның екі дәрежесі
Б. DIV - қалдықты табу
В. АВС(х) – х санының абсолют шамасы
Г. Паскаль тілін ұсынған Блез Паскаль.
Д. Паскаль тіліндегі программа - 3 бөліктен тұрады.

2 - бөлім
Берілген тізбектің қатесін тауып, оны дәлелдеу
1. 2х2 - 5:=у
2. р:=7. 3 моd2
3. writeln (’x=’, x: 3: 6)
4. x:=sin2x+cos(x)
5. м:=завод
6. program esep;
begin
readln (x);
if x < o else y:=2*SQR(x)*x
then y:=2+x
writeln (“y=”, y: 6: 3);
readln;
end.
Var x, y: real;
3 – бөлім Есептер шығару
Тапсырма №1.
X = bsin2a,
егер a =0;
Х функциясының мәнін есептейтін программа құрыңдар. Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.
Тапсырма №2.
1 – нұсқа
у(х) = sinx - x функциясының мәнін есептейтін программа құрыңдар.
2 – нұсқа
= cosx + x2 функциясының мәнін есептейтін программа құрыңдар.
4 - бөлім
4. Сабақты бекітуге өздері шығарып отырған есептер бойынша кей Паскаль операторларына түсінік беріп кету
5. Сабақ қорытындысы
Сұрақ - жауап арқылы сабақты қорытындылау.
Бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма:
14 063
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары: шартты және шартсыз көшу операторы, қайталау операторы жайлы түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Шөжеев Бауыржан Лепесұлы
Күрделі шарттар
Күрделі шарттар
Информатика пәні мұғалімі: Бегасилова Роза
Тармақталған алгоритмдер
Тармақталған алгоритмдер
Информатика пәні мұғалімі: Бегасилова Роза
Тармақталған алгоритмдер
Тармақталған алгоритмдер
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ОЖББМ – нің информатика пәні мұғалімі Хамзина Индира Сабырғалиқызы
Паскаль программалау тіліндегі шартты оператор
Паскаль программалау тіліндегі шартты оператор
Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Қарауыл гимназиясының информатика пәні мұғалімі Кунафина Меруерт Нуржановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×