Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пернетақта. Пернелер тобы

25 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика
Сыныбы 5
Сабақтың тақырыбы: Пернетақта. Пернелер тобы.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға пернетақта жайлы мәліметтер бере отырып, пернетақтаны мәліметтер енгізу үшін пайдалануды үйрету.
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Көрсете - баяндау, пікірлесе - түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайдтар, үлестірмелі тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Практикум
V. Үйге тапсырма
VI. Қорытындылау

І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын пысықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Пысықтау сұрақтары:
1. Қандай құрылғылар қосымша құрылғылар деп аталады?
2. Компьютер деген не?
3. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар?
4. Монитордың қызметі қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез - келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің 102 - 104 перне болады.
Пернетақтаның негізгі блоктары:
1. Функционалдық пернелер (F1 - F12) – күрделі операцияларды орындауға арналған, символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F(F1, F2….. F12) әрпімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі бағдарламалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атқарады. Мысалы: Бейсик тілінде F1.... F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады.
2. Цифрлық пернелер – цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді басқаруға арналған. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай - ақ меңзердің экранда қозғалуын басқаруға болады. «NumLock» пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режімін ауыстырып қосады.
3. Символдық пернелер - алфавиттi цифрлық ақпаратты енгізуге арналған. Символ пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернетақтаның көмегімен кез - келген алфавитті, цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады.
4. Орнату пернелері меңзерді экран бойы жылжытуға арналған. Меңзер дегеніміз – экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық перне басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар (стрелка) салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Осы бөліктерден басқа пернетақтада тағы бірнеше арнайы пернелер бар. Олардың негізгілеріне тоқталсақ:
1. F1, F2 - F12 дейін басқаруға арналған функцияналды пернелер.
2. ←↑→↓ – курсорды көрсетілген бағытта бір орынға жылжыту.
3. Enter /ентер/- бір жолдан екінші жолға түсу үшін енгізу пернесі.
4. Backspace /баспайс/- пернесі курсурдың алдындағы қатені өшіреді.
5. Delete /делете/- пернесі курсордың артындағы қатені өшіреді.
6. Tab (Тап)- пернесі курсорды көрші терезеге немесе кестенің кеоесі бағанасына жылжытады.
7. Caps Lock (Капс лок)- пернесінің негізгі режимі кіші әріпті енгізу, қосымша режимі бас әріпті енгізу.
8. Num Lock (Нам лок)- пернелік тақтаның қосымша бөлігін іске қосу үшін қажет.
9. Ctrl, Shift, Alt (ктрел, шифт, алт)- регистрлік пернелер, тек басқа пернелермен ғана бірігіп қызмет атқарады. Мысалы: Shift пернесімен кез келген әріпті бір мезгілде бассаңыз онда ол әріп бас әріп болып түседі.
10. Shift - a - А бас әріпін енгізу
11. Пробел - босорын пернесі.
Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелердің комбинацияларын пайдалануға болады. Ол үшін екі: Ctrl, Alt арнайы пернелері бар. Мысалы, пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орын алфавитіне ауыстыру үшін, Alt+Shift пернелерін қатар басады, яғни алдымен Alt пернесін басып тұрып, содан кейін Shift пернесін басады да, олардың екеуін де босатады.

Практикум:
Пернетақтаның негізі бөліктері, пернелердің атқаратын қызметіне байланысты оқушыларға сұрақтар беріледі:
1. Пернетақта қандай құрылғыға жатады?
А) шығару құрылғысы
Ә) жазу құрылғысы
Б) енгізу құрылғысы
Г) оқу құрылғысы

2. Пернетақтаның негізгі бөліктерін жаз:_______________________________________________________

3. Мына пернелердің атқаратын қызметі қандай?
Enter -
Esc -
Delete -
Alt –
Ctrl –
CapsLock –
Shift –
NumLock –

ІV. Үйге тапсырма:
«Пернетақта. Пернелер тобы.» тақырыптарын оқып келу.
V. Қорытындылау:
1. Сонымен оқушылар пернетақта не үшін қажет?
2. Пернетақта пернелері орналасу ретіне қарай неше бөлікке бөлінеді?
Оқушыларды бағалау
14 263
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Компьютерлер әлемінде
Компьютерлер әлемінде
Компьютер туралы ұғым беру. Үстелдік компьютерлердің негізгі құрылғыларын бір - бірінен ажырата білуге үйрету
Компьютер құрылғылары
Компьютер құрылғылары
Тақырып: Компьютер құрылғылары
Пернетақта
Пернетақта
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ақмурзиева Ботакөз Сембай қызы
Пернетақта
Пернетақта
Информатика пәні мұғалімі Садыкова Зульфира Навирдиновна
Пернетақта
Пернетақта
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Бұлақтыкөл орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Жұма Лала Қабиболлақызы
Пернетақта
Пернетақта
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылы, № 164 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ашимбекова Нургуль Кайыпбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×