Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Компьютердің сыртқы құрылғылары

26 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Тақырып: Компьютердің сыртқы құрылғылары
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды компьютердің сыртқы құрылғыларымен, енгізу – шығару құрылғыларымен, дербес компьютердің шығару құрылғысы – монитормен, пернетақтаның арналуы және таратылуымен, пернетақтамен жұмыс істеу әдістерімен таныстыру және әр түрлі
алфавитті - цифрлық ақпаратты енгізуді көрсету,
Дамыту: Қазіргі қоғамдағы компьютерлерді қолдану барысында оқушылардың білімдерін дамыту. ЭЕМ - ді қолдану аумақтары туралы ой - өрісін кеңейту.
Тәрбиелілік: жаңа шыққан ақпараттық технологиясын жұмыс барысында пайдалана білуге, мәдени ойлануға тәрбиелеу, жетектеу.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі тиіс: компьютердің ішкі құрылғыларына қандай құрылғылардың жататынын, енгізу - шығару құрылғыларын, монитордың сипаттамаларын арналуын, құрамдас бөліктерін, пернетақтаның міндетін, пернелердің негізгі топтарын, алфавитті - цифрлық символдарды енгізу тәсілдерін, арнайы пернелердің негізгі функцияларын, пернетақтамен жұмыс істеу техникасының ережелерін. Пернетақтаның схемасын, меңзердің анықталуы мен міндетін.
Оқушылар үйренуі тиіс: пернелердің негізгі топтарын пайдалануды, арнайы пернелерді пайдалануды, пернетақтамен дұрыс жұмыс істеуді, меңзердің орнын анықтауды және оны басқаруды, пернетақтада қолды дұрыс орналастыруды, он саусақпен теруді,
Сабақ түрі: баяндау, көрсету, практикум.

Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру – 1
2. Үй тапсырмасын сұрау - 15
3. Жаңа сабақты түсіндіру – 20
4. Сабақты бекіту – 7
5. Үйге тапсырма беру - 2

І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеп, сынып журналына белгі қою.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Компьютер құрамына кіретін негізгі құрылғыларын ата?
2. Жүйелік блок дегеніміз не?
3. Процессор дегеніміз не?
4. Жедел жад дегеніміз не?
5. Компьютер жадының қандай түрлерін білесің?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Дербес компьютердің (ДК) процессоры мен жедел жадынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус, модем т. б. Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің процессорымен арнайы блоктар – адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады.
Жүйелік блокқа ДК - дің негізгі құрылғылары жинақталған, олар деректерді өңдеуді, электр тогының қосылуын, қосымша құрылғыларды қосуды қамтамасыз етеді.
Дисплей (монитор) – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидардан аумайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп атайды.
Дисплей – компьютердің «көзі» ол оның көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажет ақпаратты беріп отырады.
Дисплей электронды - сәулелік түтікшеден, қоректендіру блогынан және сәулені басқарушы электрондық блоктан тұрады.
Монитор түрлі түсті немесе монохромды болуы мүмкін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 907
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Компьютердің конфигурациясы
Компьютердің конфигурациясы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 9. 1. 1. 1. мақсатына байланысты компьютердің конфигурациясын таңдау Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: Дербес компьютердің түрлері мен негізгі құрылымдарын білу. Оқушылардың басым бөлігі: Дербес
Пернетақта
Пернетақта
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ақмурзиева Ботакөз Сембай қызы
Пернетақта
Пернетақта
Информатика пәні мұғалімі Садыкова Зульфира Навирдиновна
Пернетақта. Пернелер тобы
Пернетақта. Пернелер тобы
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Есенеева Рысжан Ескалиевна
Пернетақта
Пернетақта
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Бұлақтыкөл орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Жұма Лала Қабиболлақызы
Презентация жасау
Презентация жасау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Қаман Күлмараш Болатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×