Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Массив (жиым)

27 наурыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Массив (жиым)
Сабақтың тақырыбы: Массив (жиым)
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға Паскаль программалау ортасында жиым көмегімен берілген есептерді шығаруды, есептерге программа жазуды үйрету.
дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, қызығушылығын ояту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру
тәрбиелік: Оқушыларды ізденуге, әдептілікке тәрбиелеу. Мұқияттылыққа, өзін - өзі сенімді болуға баулу.
Оқушы білуі қажет: Массивке берілген есептерге программа жазуды.
Оқушы меңгеру керек: Массивтің көмегімен есептерді шығару, программа жазу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Оқыту әдіс - тәсілдер: Түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ - жауап әдісі, көрнекілік әдісі, миға шабуыл әдісі, проблемалық жағдай туғызу, ой қорыту, тұжырым жасау, дәлелдеу
Қолданылатын техникалық құралдар, көрнекілік: компьютер, проектор, слайд, тақта, кітаптар, таратпалар
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Пәнаралық байланыс: Математика

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесіп, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейпі мен заттарының орнында болуын қадағалау
Б) Оқушыларды түгендеп, журналға белгі соғу
Г) Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру

ІІ. Қызығушылықты ояту. Өткен материалдарға шолу жасау
Кубизм» әдісі
1 қыры: Құрылымдық типтерді ата.
2 қыры: Программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды қалай атайды.
3 қыры: Алгоритмді графикалық тәсілмен бейнелегенде төмендегі блок - схема түрінің негізгі әрекеті.
4 қыры: Паскаль тіліндегі логикалық айнымалылар типінің жазылуы.
5 қыры: Егер y - бүтін сан болса, онда x:=1. 2*y өрнегінің мәні айнымалылардың қандай типіне жатады?
6 қыры: Программалау тілінің белгілі бір іс - әрекетті орындай алатын, тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі қалай аталады.
Сөзжұмбақ шешу:
Сурет 1. Сөзжұмбақ

ІІІ. Жаңа сабақ мазмұны
Паскаль тілінде деректер типі қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым типтерге келесілер жатады: стандарты, саналмалы деректер типі, шектелген деректер типі, күрделілерге: массивтер (жиымдар), файлдар, жазулар, жиындар жатады.
Сурет 2 – Деректер типінің классификациясы
Математикада, экономикада деректердің жинақталған түрлері жиі кездеседі мыс: кесте, фамилиялар тізімі, сандар тізбегі кеңінен қолданылады. Бір типті деректер жиынын өңдеу үшін массив ұғымы енгізіледі.
Флипчарттағы мысал сөзіне сілтеме жасау арқылы оқушылар массив ұғымы жайында мәліметті бейне роликтен тыңдай алады.
Бір типті индексті айнымалылар жиынтығын массив деп атайды. Нақты сандар жиынын мыс: 1. 6, 14. 9,- 5. 0, 8. 5, 0. 46 массив деп есептеп оны бір атпен мыс: А деп белгілейік. Массивтің әр элементі индексті массив атымен белгіленеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 323
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Массивтер (жиымдар)
Массивтер (жиымдар)
Алгоритм құру, программа жазу барысында оған қатысатын кең тараған негізгі объектілердің бірі кестелер
Массив (практикалық сабақ)
Массив (практикалық сабақ)
Шалқар қаласы, І. Үргенішбаев атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Атаева Орынгүл Бауржанқызы
Көпөлшемді массивтер
Көпөлшемді массивтер
Қызылорда обьлысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Қалымбетова Айман Алтынбаевна
Timer - таймер
Timer - таймер
Сыныбы 10 сынып Пән мұғалімі: Калиева Эльмира Жилкамановна
Массив (жиым)
Массив (жиым)
Пәні: Информатика Сыныбы: 9 сынып Пән мұғалімі: Қалиева Э. Ж.
Сызықтық массив
Сызықтық массив
Пәні: ИНФОРМАТИКА Сабақтың тақырыбы: Сызықтық массив Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Q Basic бағдарламасындағы сызықтық массив жайында түсіндіре отырып, осы бағдарламада қолданылатын операторларды дұрыс пайдалана білуге үйрету;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×