Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


MS Excel-мен танысу. MS Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау

27 наурыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика
Сыныбы: 8 (сегізінші)
Сабақтың тақырыбы: MS Excel - мен танысу. MS Excel - ге берілгендерді енгізу және редакциялау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ЕХСЕІ кестелік процессоры, негізгі түсініктер мен амалдар, Excel мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, жаңа құжатты сақтау, құру, ашу, берілгендерді енгізу және оларды редакциялау туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың көре және ести отырып, есте сақтау және көру қабілеттерін дамыту, ойындар арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ («Ғажайып тоғыздық», «Көңілді батырмалар» ойыны, электронды оқулықпен жұмыс, тірек - сызбалар)
Сабақтың әдісі: Практикум элементерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта, электронды оқулық

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
MS Excel - сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office – тің құрамына кіретін программа. MS Excel - дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400 - ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.

Жұмыс кітабы. Microsoft Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағына аттары таңбаша арқылы берілген парақ қаттамасының жұмыс парағынан тұрады.
Жұмыс парағы 256 бағаннан және 65 536 жолдан тұратын кесте түрінде беріледі. Жолдар сандармен нөмірленген, ал бағандар әріптерден және әріп комбинацияларынан тұрады. Алфавиттің 26 әрпінен кейін АА, АВ т. с. с. әріп комбинациялары басталады.

Әрбір ұяшықтың жол атынан және баған атынан құрылған адресі болады. Кестенің әрбір ұяшығының мекені баған мен жол қиылысында орналасқан. Мысалы, егер ұяшық F бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені F7.
Берілгендерді ұяшыққа енгізу. Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шерту арқылы оны белгілеп алады. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі. Берілгендердің ұяшыққа енгізілгеніне көз жеткізу үшін мына әдістердің біреуімен тиянақтау керек:
* Енгізу пернесін басу;
* Формула жолындағы символмен берілген батырманы басу;
* Басқа ұяшықтағы курсорды шерту;
* жұмыс ұяшығынан бағыттаушы пернелердің көмегімен шығу.

Егер бағанның енінен мәтін ұзындау болса, онда ол келесі бос тұрған бағанда көрсетіледі.
Кестенің элементтерін белгілеу. Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істету үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа апару немесе тышқанды шерту қажет.
Жұмыс кітабын құру. Жаңа жұмыс кітабын құру үшін Файл менюіндегі Құру командасын таңдау керек. Ашылған диалогтік терезеде солардың негізінде құрылатын жұмыс кітабының қосымшасын, одан кейін шаблонды таңдау керек; соңынан ОК батырмасын шертіңіз.
Жұмыс кітабын ашу. Құрылған жұмыс кітабын ашу үшін Файл менюіндегі Ашу (Открыть) командасын таңдауыңыз керек, сол кезде Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінің тізімінен керекті жұмыс кітабы орналасқан дискіні таңдау қажет.
Төменде орналасқан тізім ішінен (екі шерту арқылы) кітап тұрған буманы және кітаптың өзін таңдау керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 044
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу толтыру маркері
Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу толтыру маркері
ЕХСЕL кестелік процессоры, негізгі түсініктер мен амалдар, Excel мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, жаңа құжатты сақтау, құру, ашу, берілгендерді енгізу және оларды редакциялау туралы білімдерін өздігімен қалыптастыру.
Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау
Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру
Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу
Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу
Электрондық кесте MS Excel - де деректер базасын құру. Оқушыларды мәліметтер қоры түсінігі, ақпаратты кестелік түрде өрнектеу жолдарымен және алаң түсінігімен таныстыру.
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс істеу. Редакциялау және форматтау.
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс істеу. Редакциялау және форматтау.
Алматы обысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Бимағанбетова Шарапат
MS Excel - мен танысу. MS Excel - ге берілгендерді енгізу және редакциялау
MS Excel - мен танысу. MS Excel - ге берілгендерді енгізу және редакциялау
Садыбаева Назкен Жаксылыковна Информатика пәнінің мұғалімі Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм мектебі
Excel кестелік процессоры
Excel кестелік процессоры
Алматы облыс, Ақсу ауданы, Қапал ауылы Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Исаев Аблай Есетұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×