Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатикадан сабақ топтамасы

03 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Топтамадағы сабақтар тізімі
1. Презентация құру. Безендіру шаблондары
2. Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру
3. Анимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету
4. Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, ауқымды ақпараттық желілер


Информатика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Презентация құру. Безендіру шаблондары
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т. б.
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
VІІІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) үйге тапсырма
г) үйге тапсырма
д) қорытынды

Жаңа сабақ
Power Point презентацияны дайындау және өткізудің ең жақсы бағдарламаларының бірі. Ол MS Office 2000 - ның құраушы болып табылады және презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға немесе 35 - миллиметрлік пленкаға шығаруға арналған. Power Point презентацияны жоспарлауға жасауға және көрсетуге мүмкіндік береді. Пайдаланушыға шаблондардың модификацияланатын жиынтығы, слайдтар редакторы, схема құру құралы ұсынылады. Power Point презентацияның барлық құрауыштарын экранға шығаруға немесе басуға және презентацияларды кейін басып шығаруға сақтауға мүмкіндік береді.

Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында (лат. рrаеsеntо тапсырамын немесе ағыл. рrеsеnt – ұсыну ) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну. Қорытып айтқанда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну – бұл әрдайым презентация.

Біз презентация деген кезде оның техникалық жағын, яғни белгілі бір тақырыпқа байланысты слайдтардың сатылы жиынтығын түсінеміз. Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Әрбір слайд ескерту парағымен бірге келеді. Бұл параққа түсініктеме мәтінді оны жасау кезінде де, демонстрация кезінде де енгізуге болады. Бұл мәтін презентацияның басты, керекті сәттерін және оған қатысты жағдайларды фиксациялау кезінде қолданылады. Ескерту, парақтарын слайдтардың әр түрлі саны үшін қалыптастыруға болады, және де, осы парақтарға презентациямен бірге жүретін сценарийді енгізуге болады. Презентацияны белгілі тақырыптағы слайд - фильм деп те атайды. Слайд - фильмдерді жасап шығаруға арналған арнайы құралдар – графикалық пакеттер де бар. Осы құралдардың бірі – МS Offiсе құрамдасы Windows - тың қосымшасы Роwer Рoint программасы.

Роwer Рoint қосымшасының неше түрлі объекттерді (мәтін, кесте, графика) үшін керекті жеке мүмкіншіліктері болғанымен, оның Місrosoft Offiсе дестесінің басқа да құрамдастарымен тығыз байланысуының арқасында пайдаланушы әбден жасалған материалдарды қолдану мүмкіндігіне ие болады. Мысалы:
Мәтін Word мәтіндік редакторында дайындала алады;
Формулалар - Місrosoft Еquatuon қосымшасында;
Кестелер - Місrosoft ЕхсеІ кестелік процессорында;
Бағаналар (диаграммы) - Місrosoft Graрһ қосымшасында;
Әдеби тақырыптар - Місrosoft Word Аrt қосымшасында және т. с. с.
Роwer Рoint әр түрдегі презентацияны көруді қамтамасыз етеді. Мыналарға арналған:
- компьютер экранында автономды көрсету үшін;
- компьютерлі проектор арқылы көрсетуге;
- оптикалық құрал арқылы демонстрациялау мақсатында мөлдір қабықшаға басып шығаруға;
- оптикалық слайд - проектор арқылы демонстрациялау мақсатында 35 мм диапозитивті фотопленкаға басып шығаруға;
- дәл осы шақта жортада көрсету үшін;
- кейіннен пайдаланушының автономды көріп шығуына болатындай етіп желілік ортада жариялау үшін;
- хат алушылардың автономды көріп шығуына болатындай етіп электронды почта арқылы жіберу үшін;
- қызыққандарға тарату мақсатында қағазға басып шығару үшін.
Үйге тапсырма: Power Point және презентация
Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
27 790
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Интернет сервистері
Интернет сервистері
Білімдікке, салауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту Икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
Power Point бағдарламасы
Power Point бағдарламасы
Оқушыларға Power Point бағдарламасы арқылы презентацияларға кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіруді, анимация әсерлерін баптауды үйрету, білім - біліктілік қалыптастыру.
Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру
Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру
«№28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі Сатимова А.Б.
Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары
Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі: Мұқаналиева Гүлбаршын Мәмбетқызы
Frame, DriveListBox, DirListBox, FileListBox компоненттері
Frame, DriveListBox, DirListBox, FileListBox компоненттері
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, «Жарма технология колледжі»КММ Физика және информатика пән мұғалімі Сапарьянова Альфия Токтамысовна
Презентация жасау және безендіру
Презентация жасау және безендіру
Жамбыл обл. Жуалы ауданы.Б.Момышұлы ауылы №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп - гимназия Информатика пәні мұғалімі: Андабекова Құралай Елепбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×