Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі

07 сәуір 2015, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі
Сабақтың мақсаты: Ақпараттың өлшем бірлігін, оларды ажыратуды үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, көрнекілік құралдар, карточкалар.
Пән аралық байланыс: математика.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ түсіндіру
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, ақпараттық технологияны
информатика пәнін оқытуда қолдану.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, оқушы көңіл күйін бағыттау, сабаққа деген ынтасын ояту.
І. Қызығушылықты ояту.
1. Ақпараттың қанша пайызын біз көру арқылы қабылдаймыз? 81%
2. Информатика қандай ғылым? Ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.
3. Ақпаратты қалай қабылдаймыз? көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу, иіскеу және сезу
4. Ақпарат қандай түрде бейнелеуі мүмкін? сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видео
5. Ақпараттың қасиеттерін ата: объективтілігі, толықтығы, жеткіліктігі, қол жетімділігі, өзектілігі.
6. Ақпаратты өндеу деген сөзді қалай түсіндіреміз? Сақтау, өндеу, жөнелту

Бұлар өлшеу құралдары:
Таразы – масса грамм, кг, т сызғыш – арақашықтық мм, см, м, км
Ал АҚПАРАТТЫ өлшей аламыз ба?

ІІ. Мағынаны тану.
Ақпаратты қалай өлшейміз?
Компьютер - электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды». Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек.
Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1 - дің көмегімен белгілеу қабылданған

Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.
Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады.
Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.
Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады.
сөзінің 1 әрпі – 1 байт, барлығы
5*8=40 бит

Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ - ол кез келген белгі: әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.
Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:

1 Килобайт (Кб) = 1024 байт
1 Мегабайт (Мб) = 1024 Кб
1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб
1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб

Ш. Ой толғанысы.
Жаңа өтілген тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін білу мақсатында оқушылардың көмегімен мәліметтерді топтастырамыз

Тапсырмалар:
Мәтіндегі ақпарат көлемін санау:
Информатика Ақпарат Диск Машина Хабарлама Дыбыс Видео Сан Цифр

Калькулятор арқылы есепте: Жылдамдық ескеріледі.
21 Кб = б ------------------- 50 Мб = б ----------------- 310 байт = бит
300МБ = Кб --------------- 2 Кб = Мб ------------------ 4 Гб = Кб
10 Гб = Мб ---------------- 1000 Кб = бит -------------- 50 Мб = бит

Қорытындылау. Бағалау.
Үйге тапсырма: Тақырыпты қайталау. Ақпарат тасымалдауыштардың өлшемдерін жазып келу.
14 008
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақпараттар өлшем бірліктері
Ақпараттар өлшем бірліктері
Ақпараттың бір өлшем бірлігінен басқа ақпаратқа аударуды жүзеге асыру
Біздің айналамыздағы ақпарат
Біздің айналамыздағы ақпарат
Ақпарат ұғымы туралы білім алады. Ақпарат түсінігі, әртүрлі формадағы ақпараттармен, ақпаратты өңдеу, сақтау, қабылдау түрлері туралы білімі қалыптасады.
Тест тапсырмалары 10 сынып (бағыт бойынша)
Тест тапсырмалары 10 сынып (бағыт бойынша)
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Н.К.Киікбаев атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Садыкова Бинара
Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері
Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері
Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№ 19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Берикболова Айгуль Дуйсеновна
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №248 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Меңдалиева Райса
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×