Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бумалармен белгішелерде құру. Атын өзгерту

06 желтоқсан 2014, Сенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы:
Бумалармен белгішелерде құру. Атын өзгерту. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Нысандарды өшіру, өшірілген файлдар мен бумаларды қалпына келтіру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға бумалармен белгішелерде құру, нысандарды өшіру, өшірілген файлдар мен бумаларды қайта қалпына келтіру тәсілдерін үйрету;
Дамытушылық: өз бетінше компьютерде практикалық жұмыстарды орындау дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін арттыру, компьютерді қолдана білу іскерлігін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту, еңбекке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, презентация, сызбалар, бағалау парағы.
Сабақтың пәнаралық байланысы: ағылшын тілі, орыс тілі
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастырушылық – сыныппен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасына - білімді өзектендіру сатысы «Миға шабуыл» - ауызша фронталдық сұрақтар қою.
ІІІ. Білім тексеруге арналған «Цифрлы диктант» - цифрлы диктант түрінде жекелеме оқушылардан сұраққа жауап алу.
ІУ. Сабақтың теориялық бөлімі
У. Практикалық жұмыс
УІ. Сергіту сәті
УІ. Өз біліміңді тексер
УІІ. Сабақты қорытындылау
УІІІ. Үйге тапсырма
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, балалар, отырыңдар. Балалар, біз қазір операциялық жүйелер бөлімін оқып жатырмыз. Не білетінімізді қайталап жіберейік.
Сонымен, үй тапсырмасы бойынша рефлекция: «Миға шабуыл»
1. Компьютердің ПЖ - сы қалай бөлінеді?
2. Жүйелік программалардың ішінде қай программа негізгі?
3. ОЖ не үшін керек?
4. Қандай ОЖ - ді білесіңдер?
5. Ағылшын тілінен аударғандағы WINDOWS – бұл...
6. Файл дегеніміз не? Файл атауы /кесте бойынша айту/
Жақсы балалар, жарайсыңдар! Бұл тек еске түсіру кезеңі болатын. Ал қазір цифрлы диктант жазамыз. Ойымызды жинақтап, назарымызды аударайық. Мен қазір сөйлемдерді оқимын, егер ол ақиқат болса 1, жалған болса 0 санын жазасыңдар.
1. Тапсырмалар тақтасындағы Бастау батырмасын басқанда басты меню шығады.
2. Alt+F4 пернелер комбинациясын басқанда компьютер қайта жүктеледі.
3. Жұмыс столында компьютерге орнатылған барлық программалар орналасады.
4. Уақытша жабылған терезе белгісі тапсырмалар тақтасында көрсетіліп тұрады.
5. Меню қатары командалары барлық терезеде бірдей болады.
6. Офистік бағдарламалар жүйелік ПЖ жатады.
7. Адам мен компьютер арасындағы қатынас интерфейс деп аталады.
8. Тышқанның оң жағын бассақ жанама меню пайда болады.
Жауабы: 10010011
Бір бірімізбен жауаптарыңды ауыстырыңдар. Тақтадағы дұрыс жауаптар бойынша тексеріңдер. Егер 1 минус немесе мүлде минус жоқ болса –«5», 2 - 3 минус болса «4», 4 - 5 минус болса –«3», 6 - дан көп минус болса «2» бағасын қойыңдар
Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Кейбір оқушылар бумалар мен белгішелерде құру, атын өзгерту объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жоюды білуі мүмкін. Сондықтан оқушыларға проблемалық сұрақтар қойылады.
1. Нысандарды қалай көшіреміз?
2. Нысандарды қалай жылжытамыз?
3. Бірнеше нысандарды бірден көшіре аламыз ба?
4. Оқулықпен жұмыс: Алмасу буфері мен нысандарды жүйелі көшіру, жылжыту ұғымы туралы, Көшіру, қою, қиып алу командаларын орындау үщін қолданылатын пернелер комбинациясын жазып алу./95 бет/
5. Бумалар не үшін керек? Бумаларды құру тәсілдерін қарастырайық. /Электронды оқулық/
Компьютерде практикалық жұмыс орындау.
Тапсырма: Бума құру.
1. Жұмыс столына 7 сынып атты бума құр.
2. Мои документі бумасынан «Жады» файлын ашып, сызбаны толтырып сақта.
3. «Жады» файлын 7 сынып бумасына сал.
Сергіту сәті:
 Көзге жаттығу
 «Үш тілде сөйлейміз!» (жұмыс столы (desktop), бастау(start), себет (basket), терезе(window), бума (folder), жою (delete), қою(insert), көшіру(copy) т. б)
Өз біліміңді тексер: Тест сұрақтары беріледі.
Сабақты қорытындылау.
 Интерактивті тапсырмалар
 Рефлекция – смайлик /оқушылардың бүгінгі сабақ туралы пікірлерін білу/
Үйге тапсырма:
Оқуға 3, 5 тақырып
Тапсырма: Сендер ойын жазылған CD - диск сатып алдыңдар. Диск мазмұнында төмендегідей файл аттары номерлермен жазылған.
1. ИГРА. avi
2. ИГРА. txt
3. ИГРА. wav
4. ИГРА. bmp
5. ИГРА. com
Төмендегі сұрақтардың жауабын жаз.
- Ойын инструкциясын оқу үшін қандай файлды ашасың?
- Ойынға қосылған музыканы ғана тыңдау үшін қандай файлды ашасың?
- Демонстрациялық роликті көру үшін қай файлды ашар едің?
- Ойын программасын іске қосу үшін қай файлды ашасың?
- Ойынның барлық файлдарымен таныстыңдар ма?
- bmp кеңеймесімен берілген файлда не болуы мүмкін?
- ол файлға қандай дұрыс ат беруге болады?
- Файл кеңеймесі бізге не туралы айтады?
3 091
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Кестелерді жиектеу.
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Кестелерді жиектеу.
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру кестелерді жиектеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгшелерді құру. Атын өзгерту.
Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгшелерді құру. Атын өзгерту.
Файлдар, бумалар және белгішелерді құруды, атын өзгертуді жетік меңгереді.
Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері
Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері
Кызылорда қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп мұғалімі Баян Баймишева
Объектілермен жұмыс істеу
Объектілермен жұмыс істеу
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Жайнаков Сисенбай Сарсенбаевич
Бумалар мен белгішелер құру. Атын өзгерту. Объектілерді іздеу
Бумалар мен белгішелер құру. Атын өзгерту. Объектілерді іздеу
Атырау облысы, №23 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Қабдолова Гүлшара Аманғалиқызы
Информатикадан күнтізбелік жоспар 6-8 сыныптар
Информатикадан күнтізбелік жоспар 6-8 сыныптар
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Соркөл орта мектебінің Сүлейменов Нұржан Мақсатұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×