Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Javascript үстемдігі

04 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Ойыншықтар Хикаясынан үзінді


javascript тілінің қазіргі мүмкіншіліктері көп. Вебсайт жасау, смартфонға арналған бағдарламалар шығару, 3D ойындар жазу, тіпті микроконтроллерді басқару оның қолынан келеді. Компьютерлік ғылым жағынан қарағанда қарапайым және кемшіліктері көп JS қалайша Қайрат Нұртас сияқты танымал болып кетті? Бұл сұраққа жауап беру үшін тарихқа жүгінейік.

ja vascript - ті 1995 жылы Netscape компаниясының қызметкері Брендан Айк жасап шығарды. Сондағы компанияның мақсаты - өздерінің Netscape браузері Microsoft - тың Internet Explorer браузерінен озық болуы керек. Статикалық веб парақшаларға кішкене динамика қосу тұтынушылардың қызықшылығын арттыру керек болатын. Және де әуесқой программистерге оңай болу үшін тіл қарапайым болу керек еді.

Netscape дәл тапты - ja vascript аз уақытта веб парақшаларға арналған скриптер жазу тілі ретінде кең тарады. Microsoft тілдің маңызын түсініп, кейін 1996 жылдың тамызында Internet Explorer - дің 3. 0 нұсқасына ja vascript қолдауын қосады.

Сөйтіп, 90 - шы жылдардың соңында JS тордағы ең танымал клиент - жақ бағдарлама жазу тілі болып шықты. Бірақ оның мақсатты аудиториясы веб жазушылар және басқа да “әуесқойлар” болған соң, көптеген қәсіпқой программерлер ja vascript - ті менсінбей жүрді. Әлі күнге дейін ондайлар бар.

2005 жылдың ақпанында Google компаниясы Google Maps өнімін әлемге ұсынды. Бұл жайт адамдар мекен - жайды қалай іздейтінін өзгертумен қатар JS - пен тығыз байланысты Ajax технологиясын ашты. Бұл технология сайтта жаңа мәлімет көрсету үшін бүкіл парақшаны жаңадан жүктемей, тек керекті ақпаратты серверден асинхронды түрде (яғни, сайтпен қолдануды тоқтатпай, фонды түрде) қабылдап, парақшаның кішкене бөлігін ғана жаңартуға мүмкіндік берді. Ғаламтор әлемінде бұл маңызды ілгері қадам болып саналды.

Сол жылы CouchDB дерекқор жүйесі пайда болды. Бұл жүйе ақпаратты JSON форматында (JS - тің “туған” форматы) сақтайды және оның индекстері мен көріністері ja vascript функциялары арқылы анықталады. Яғни, JS веб әлеміне қоса дерекқорлар (дәл айтқанда NoSQL дерекқорлары) әлеміне енеді.

2006 жылы браузердің DOM элементтерімен жұмыс істеуді аса жеңілдететін jQuery жинағы дүниеге келді. Оның көмегімен қазір миллиондаған сайттар іске қосылып тұр.

2008 жылы Google әлемге Chrome браузерін көрсетеді. Chrome - ның басты ерекшеліктерінің бірі V8 деп аталған жылдам ja vascript қозғалтқышы болды. Бұл қозғалтқыш ja vascript баяу жұмыс істейді деген пікірді өзгертті және браузер жасайтын компанияларды бір - бірімен жылдамдық үшін жарысуға апарды. Оған қоса V8 бастапқы коды ашық болып жарияланды, яғни кез келген адам оны өз міндетіне қолдана алатын болды.

2009 жылы V8 қолданылып Node. js жасалды - жылдам және үлкен жүктемелерге шыдамды сервер платформасы. Осы жылдан бастап басында “әуесқой” деп аталған ja vascript мамандары “кәсіпқойлардың” жұмысын өздеріне үйреншікті тіл арқылы істей алатын болды. Яғни, JS - пен тек сайттың клиент - жақ бөлігі ғана емес, сервер - жақ бөлігі де сапасы басқа тілдерден кем емес түрде жасалуы мүмкін болды.

2010 жылы Three. js пайда болады - браузерде 3D графика жасауға арналған жинақ. Ойындардан бастап, сәулет модельдерін жасауға арналған бағдарламаларға дейін қамтып, енді оларды компьютерге орнатпай, жай ғана керек сайттың атын браузерге енгізіп қол жеткізуге болатын заманды елестетіңдерші!

2012 жылы Johnny Five атты Node. js - ке арналған модуль күн көре бастады. Онымен Arduino микроконтроллерлерін басқаруға мүмкіндік пайда болды. Оған қоса 2014 жылдың басында Kickstarter - дің көмегімен ақша жиналып, Espruino микроконтроллері шығарыла бастады. Оның Arduino - дан айырмашылығы - ja vascript оның ана тілі. Осының нәтижесінде қазір дүние жүзінде әуесқой робот жасаумен айналысатын адамдар көбейіп бара жатыр. “Мен, Робот” фильміндегі заман жақындап келе жатыр, достар!

2014 жылдың күзінде Apple компаниясы өзінің Mac OS X операциялық жүйесінің жаңа Yosemite нұсқасын жариялады. Оның басты жаңалықтарының бірі - енді жүйенің процесстерін ja vascript арқылы автоматтауға болады.

Соңғы жылдардағы тілдің шапшаң дамуын бақылай отырып мынадай қорытынды жасауға болады. ja vascript - тің компьютер әлемінде осындай үстемдік орнатуы - ғаламтордың және онымен ілескен JS - тің кең таралуының нәтижесі. Ал кең таралу, яғни тілдің көптеген адамдарға танымал болуы өз ретінде ja vascript - пен байланысты сәтті жобалардың үлесін арттыра түсірді. Себебі оларды басқа тілдердегі жобаларға қарағанда айтарлықтай көп адам қолдады ғой.

Қазіргі уақытта ECMAScript 6, ja vascript қолданатын стандарттың 6 - шы нұсқасы біртіндеп енгізілуде. Бұл стандарт JS - тің алдыңғы жылдардағы кемшіліктерін жоятын жаңа синтаксисті ұсынады. Оның енгізілуімен әлемді дүрліктіретін жаңа жобаларды күтеміз.
2 937
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Microsoft Exсel туралы жалпы мәлімет
Microsoft Exсel туралы жалпы мәлімет
Кесте таңбаларының аттарын өзгертуге, бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуді және түс беруді үйрету. Диаграмма және гистограмма ұғымдарымен таныстыру.
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау.
PHP бағдарламалау тілі
PHP бағдарламалау тілі
Сайтты пайдаланушы бетті ашқанда, сервер html - код қосылған РНР операторларын орындайды және нәтижені пайдаланушының браузеріне жібереді. Бұл әрекет дәл осылай ASP және Cold Fusion - ның көмегімен жасалады.
Internet
Internet
Интернеттің өмірдегі артықшылығы мен кемшіліктері туралы айтуға жаттықтыру.
Ауқымды компьютерлік желі. Электрондық пошта.
Ауқымды компьютерлік желі. Электрондық пошта.
Ауқымды компьютерлік желі, желідегі серверлердің атқаратын қызметі, Интернет желісі, электрондық пошта туралы түсінік беру. Интернеттен ақпарат іздеу және алу, электрондық поштамен жұмыс істей білуге үйрету.
Microsoft Office Compatibility Pack 2007 File Formats
Microsoft Office Compatibility Pack 2007 File Formats
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Cіздер жақсы білесіздер Microsoft Office 2003 тен кейін Microsoft Office 2007 бағдарламасы шықты. Біреулер 2007 жылғы нұсқасымен жұмыс жасап жүрсе, көптеген қолданушылар әлі 2003 версиясын пайдаланып жүр. Осы жерде
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×