Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


MS Word құжатымен негізгі операциялар және мәтін енгізу

14 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: MS Word құжатымен негізгі операциялар және мәтін енгізу

Сабақтың мақсаты:
• Microsoft Word мәтіндік редакторында мәтін теру ережелерін түсіндіру, нышандар, ережелер және бөлімдер туралы жалпы түсінік беру;
• Оқушылардың теориялық білімдерін практикалық жұмыс орындау кезінде тиімді пайдалана білуге, алға қойған мақсатқа жету, оқушылардың ойын дамыту;
• Сабақтарда оқушылар өзін - өзі бағалауға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Cабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: компьютермен практикалық жұмыс, «сөзжұмбақтар»,
сұрақ - жауаптар
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, тақта, жұмыс дәптері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу;
Оқушыларды түгендеу;
Сынып тазалығына көңіл бөлу;
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысы. MS Word – пен танысу
Сұрақтар:
1. MS Word - іске қосу
2. Сақталған құжатты ашу. (Файл – открыть)
3. Құжатты сақтау жолы (Файл – сохранить)
4. Құжатты баспаға шығару (Файл – печать)
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау
5. Терезе элементтері
ІV. Жаңа сабақ
MS Word - қа мәтінді енгізу
Ms Word – та құжат құру үшін мына үштік құрам қажет:
Нышандар, ежелер және бөлімдер.
• Құжат бір немесе бірнеше бөлімнен тұрады,
• Бөлім – бір немесе бірнеше межеден тұрады,
• Еже – бір немесе бірнеше нышандардан тұрады.

MS Word терезесі
Стандартты үстелі
Форматтау үстелі
1. «Жұмбақ сөз» ойыны
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым – жырт
дел – сал ғып,
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жол дағы,
Сыбдырламас жапырақ.
Тынығарсың сен дағы
Сабыр қылсаң азырақ.

2. «Жалғасын тап» ойыны
Мақал – мәтелдердің жалғасын тауып, компьютерде орындау
1. Өнер алды – қызыл тіл.
2. Көз қорқаақ, қол батыр.
3. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
4. Денсаулық, зор байлық.
5. Әке – көрген оқ жонар,
Шеше көрген – тон пішер.

V. Сергіту сәті:
Сиқырлы пернелер
1. Shift - Бас әріп жазу үшін
2. Enter – төменге түсу үшін
3. Caps Lock – Бірыңғай үлкен немесе бірыңғай кіші әріппен жазады
4. Backspace – сол жақтағы символды өшіру үшін
5. Delete – оң жақтағы символды өшіреді
6. Num Lock – цифрды енгізу үшін

3. «Ұшқыр ой» ойыны
Ертегі «Аңдар жарысы». Суретке қарап мәтін құр және оны компьютерде теріп, жаз.

4. «Адасқан құрылғылар» ойыны
Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізу үшін, джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа
қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын.

1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет;
2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі;
3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылады;
4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады;
5. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады;
6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек;
7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады;
8. Плоттердің екінші аты график сызғышы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 174
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау.
Microsoft Office Word - қа кіріспе. Microsoft Office Word - пен танысу
Microsoft Office Word - қа кіріспе. Microsoft Office Word - пен танысу
Microsoft Word - ты іске қосу, Word терезесімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу, құжатты пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру
Word мәтіндік редакторы
Word мәтіндік редакторы
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Жагипарова Данагуль Жаксиликовна
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау
Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау
Алматы облысы, Райымбек ауданы, «Көмірші орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің физика - информатика пәндері оқытушысы Сайсанбекова Дания Абдикаймовна
Word Pad мәтіндік редакторда құжат құру
Word Pad мәтіндік редакторда құжат құру
Балманова Гүлназ Советқызы, Физика пәні мұғалімі, №182 мектеп, Басықара ауылы, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×