Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасы

09 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 8 сынып
Тақырыбы: Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ДК - дің негізгі бөліктерімен және архитектурасын таныстыру. ДК құрылғыларының архитектурасын қарастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойын толық айтуға, дебатқа, жаңа коммуникативтік технологияларды меңгерту және білімдерін дамыту.
Тәрбиелілік: Ұшқырлыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, сөз мәнеріне тәрбиелеу
Түрі: «Интернет» сабақ
Әдісі: Жобалап оқыту
Көрнекі құралдар: Интернет желісі, 2 кейс (2 плакат, бірнеше маркер, 2 қорап түрлі – түсті бояу қарындаштар және фломастерлер, 2 ноутбук, әдістемелік материалдар, оқулықтар), стикер, веер тәріздес парақшалар.

Сабақ барысы:
І. «Пуск» бекеті (Ұйымдастыру кезеңі) (4 мин)
ІІ. «Браузер» бекеті (Үй жұмысын тексеру) (10 мин)
ІІІ. «Іздеу» бекеті (Жаңа сабақ) (15 мин)
ІV. Сергіту сәті. (4 мин)
V. «ДрукВокруг» бекеті ( жаңа сабақты бекіту) (7 мин)
VІ. «Шығу» бекеті (бағалау) (4 мин)
VІІ. Үйге тапсырма (1мин)

І. «Пуск» бекеті (Ұйымдастыру кезеңі)
Оқушыларды екі топқа бөлу. Ол үшін барлық оқушыларды ортаға шақырылады. Дөңгеленіп ортаға тұрады. Мұғалім оқушылардың құлағына үй жануарларын сыбырлап атап шығады. Соңында мұғалім өзі жасырған үй жануарының дауысын салып топты жинап алады. Сөйтіп екі топ құрылады.
Үлгірімі төмен оқушы топты бағалаушы қызметін арқарады.
ІІ. «Браузер» бекеті (Үй жұмысын тексеру, ойын арқылы).
«Бокс» ойыны. Бұл ойында оқушылар бір – біріне сұрақ - жауап арқылы соққы береді.
ІІІ. «Іздеу» бекеті (Жаңа сабақ)
«Кейс» технологиясын қолданамыз.
Компьютердің архитектурасы – бұл қолданушы мен программашының көмегімен тапсырмаларды орындайтын аппараттық және программалық құралдар жинағы. Компьютер құрылғысы ішкі және сыртқы болып бөлінеді
Екі топқа сол екі бөлігін зерттеу тапсырмасы беріледі. Оқушылар кейс ішіндегі құрал - жабдықтарды пайдаланып, жоба құрады жән жобасын плакатқа салып қорғайды.
(Екі топқа жоба құруға 7 минут беріледі. Ал қорғауға екі топқа 4 минуттан беріледі)
ІV. Сергіту сәті. Көз жаттығуы
V. «ДрукВокруг» бекеті ( жаңа сабақты бекіту)
Бұл бекетте оқушылар бір - біріне сұрақ қою арқылы хат алмасады. Веер тәрізді. Яғни А4 парақты веер тәрізді бүктеп, оқушылар веердің бүктелген жағына сұрақтарын қояды, келесі топ оқушылары сұрақтарын астына жауабын жазады. Және әр оқушы сұрақ жауабын оқып айтады.
VІ. «Шығу» бекеті (Бағалау)
Үлгірімі төмен оқушылар оқушыларды бағалайды.
VІІ. Үйге тапсырма: Компьютер архитектурасына электронды түрде жоба құру.
5 996
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Компьютердің құрылымы
Компьютердің құрылымы
Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі
Білгіштер бекеті
Білгіштер бекеті
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті. Информатика пәні мұғалімі Зайнагиева Жадыра Тулемисовна
Ағылшыншы апта атауларының шығу тегі
Ағылшыншы апта атауларының шығу тегі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Талап бекеті. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Серкебаева Мира
Компьютердің қосымша құрылғылары
Компьютердің қосымша құрылғылары
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Садыбаева Назкен Жақсылыққызы
Қысқаша көбейту формулалары
Қысқаша көбейту формулалары
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы Б. Момышұлы атындағы орта мектебінің математика пән мұғалімі Кабулова Майя
Жаттығу жұмысы
Жаттығу жұмысы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаулыева Жарқынай Жазықбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×