Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білгіштер бекеті

28 мам 2015, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті.
Информатика пәні мұғалімі Зайнагиева Жадыра Тулемисовна

Информатика 7 сынып
Тақырыбы: «Білгіштер» бекеті
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Сіздер математика, физика, информатика пәндер апталығында өз білімдерін сынауға келіп отырған 7 сыныптар арасындағы «Білгіштер» бекеті сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызға қатысып отырған коптарды таныстырып өтейін.
1 – топ: «Паскаль» тобы 7 А сынып оқушылары
2 – топ: «Алгоритм» тобы 7 Б сынып оқушылары

Енді сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін.
1 – кезең: «Таныстыру» бекеті. Әр топ өздерін таныстырады 500 теңгелік
2 - кезең: «Бұл кім?» бекеті. Ғалымдар әр сұрақ 100 теңгелік
3 - кезең: «Бұл не?» бекеті. Компьютер құрылғылары әр құрылғы жауабы 100 теңге
4 - кезең: «Тапсырмалар» бекеті. Тапсырмалар орындау
5 - кезең: «Палитра» бекеті. Капитандар Paint – та сурет салады.
6 - кезең: «Домино» бекеті. Үлестірмеде тапсырма беріледі.

1 – кезең: «Таныстыру» Әр топ өздерін таныстырады. Топтар тақпақтап таныстырса 300 теңгемен бағалау, өлең, инструмент қолданса 500 теңгемен бағалау.

Рахмет сайыскерлер. Енді келесі кезеңіміз «Бұл кім?» бекеті кезеңін бастайық. Әр сұрақтың жауабы: 200 теңгемен бағаланады.
Паскаль тобына:
1. Бұл кісі 1902 жылдың 2 қарашада Нижний Новгородта мұғалімдер жанұясында дүниеге келген. 1928 жылы инженер - электрик мамандығын алып Бауман атындағы университетте сабақ берген. 1939 жылы докторлық диссертация қорғаған. 1947 жылы электротехника институтының директоры болып тағайындалды. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947 - 1948 жылдары осы академиктің басшылығымен жасалады, оны МЭСМ деп атаған. Сергей Алексеевич Лебедев
2. Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан басталады. 1833 жылы бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын „Аналитикалық машина„ жобасын жасады. Сондықтан да оны қазіргі компьютердің “атасы” деп те атайды. Чарльз Бэббидж
3 ХІХ ғасырдың соңында американдық ғалым есепші – перфорациялық машина құрастырды. Өз машинасының көмегімен бұл ғалым көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді үш жылда орындап шықты. Бұл кісі есепші перфорациялық машиналарды фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналады. Герман Холлерит

Алгоритм тобына:
1. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым – әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Байронның қызы. Ада Лавлейс
2. 1642 жылы бұл француз математигі он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектермен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Блез Паскаль
3. Қазіргі таңда бұл адам атақты „Microsoft„ компаниясының президенті. 13 жасында алғаш программасын құрған. Билл Гейтс

Жақсы, рахмет оқушылар!
Енді келесі кезеңіміз «Бұл не?» бекетіне келіп жеттік. Бұл бекеттің сұрақтары 100 теңгемен бағаланады.
Паскаль тобына
1. Компьютер ақылшысы? (Микропроцессор)
2. Дербес компьютердің негізгі тақташасы? (Аналық тақта)
3. Сыртқы жады? (Компакт диск, флоппи диск, флешка)

Алгоритм тобына
1. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (Модем)
2. Жергілікті желілік байланыстарды іске асыратын құрал? (Желілік тақша)
3. Графикалық бейнелерді іске асыратын құрылғы? (Видеотақта)

Рахмет, балалар!
Енді келесі бекетіміз «Тапсырмалар» бекеті екен. Осы бекетімізде Қателеспей орындаймыз. Әр топқа 2 тапсырмадан беріледі. Электронды оқулықтан вирустар мен мұрағаттау тақырыбына байланысты тапсырмалар беру. әр тапсырма 200 теңгемен бағаланады.

Тамаша балалар. Енді келесі бекетіміз «Палитра» бекетіне бет алайық. Бұл бекетте топ капитандары компьютерде отырып, Paint графикалық редакторында Қыстың бейнесін салады.. Ол суретте Үйдің, ойнап жүрген балалардың, бұлттың жауып тұрған кардың бейнелері болу керек. 1 немесе 1: 30 минут уақыт беріледі. Орындалған тапсырма 500 теңгемен марапатталады.

Келесі бекетіміз «Домино» бекеті деп аталады. Бұл бекетте топтар үлестірмеде орындалған тапсырманы реттілігімен қойып орындау керек.

Рахмет балалар, сайысымыз осымен аяқталды. Ең көп теңге жинаған топ жеңіске жетеді.
4 664
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ағылшыншы апта атауларының шығу тегі
Ағылшыншы апта атауларының шығу тегі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Талап бекеті. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Серкебаева Мира
Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасы
Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасы
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Фурманов орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Сулейменова Жайдара Жарқымбекқызы
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна
Ойлайық та, ойнайық
Ойлайық та, ойнайық
Арал қаласы, №220 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Садуакасова Венера Аққасенқызы
Жаттығу жұмысы
Жаттығу жұмысы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаулыева Жарқынай Жазықбайқызы
Қазақ тілін терең білгіштер (сайыс)
Қазақ тілін терең білгіштер (сайыс)
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Айманова Жадра Жарасовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×