Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатика планетасына саяхат

22 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Тақырыбы: Информатика планетасына саяхат
Білімділігі: Балалардың информатикаға қызығушылығын арттыра отырып, компьютер және оның негізгі, қосымша құрылғылары туралы мәлімет беру, заттардың қасиеттерін, топтарын ажырату, заңдылықтарды табуды үйрету
Дамытушылығы: шығармашылық елестетуін, танымдық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейінін дамыту
Тәрбиелілігі: Жан - жақтылық, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу оқу іс - әрекетіне қызығушылығын арттыру.
Алдын - ала жұмыс: компьютер кабинетінде құрылғыларымен таныстыру, ғарыш әлемі туралы әңгімелесу
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, саяхат сабақ, көрнекілік
Үштілділік: ғарыш - космос - space, ғарышкер - космонавт - cosmonaut, жұлдыз - звезда - star, зымыран - ракета - rocket

Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Сәламатсыз ба!
Дауыс естіледі: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Информатика планетасында «Ашық есік» күні ұйымдастырылады соған орай білімді, ақылды, тәртіпті балаларды саяхатқа шақырамыз»
- Балалар, қалай Информатика планетасына саяхатқа барғыларың келе ме?
- Ия!!!
- Ендеше менің бірнеше сұрақтарыма жауап беріңдерші.
- Балалар, біздің тұрып жатқан планетамыз қалай аталады?
Жер
- Ал ғарышқа ұшатын адамдарды қалай атаймыз.
- Ғарышкерлер
- Дұрыс, мінекей біздің жер планетамыз.
Картадан планетаға ұшу жолы көрсетіледі.
- Ал, біз мына Информатика планетасына қалай жетеміз.
- Әрине, ендеше құрастырып аламыз ба?
- Ия

Геометриялық пішіндерден бірігіп зымыранды құрастыралық, әрбір пішінді құрмас бұрын пішіні мен түсін айтып қоямыз.
Зымыран құрастырады.
Тамаша, өте жақсы зымыран шықты.
Енді зымыранды 10 - нан 1 - ге дейін кері санап іске қосайық.
(10 - нан 1 - ге дейін кері санайды.)
Көздерін ашқанда Робот қарсы алады.
Робот:«Сәлеметсіздер ме, балалар! Қош келдіңдер, Информатика планетасына, мұнда көптеген қызықты елдер бар, қазір сіздер Логика аялдамасында тұрсыңдар! Мұндағы шытырман тапсырмаларды шеше алсаңдар алдарыңда қызықты тапсырмалармен саяхат күтіп тұр.»
- Балалар, қанекей Роботқа өзіміздің не білетінімізді көрсетейік.
1. Қай қатарда табақша ыдыстардың ортасында орналасқан?
2. Пошташының хаты қай үйге арналған?
3. Әрбір пішін мен түстері бойынша зат топтарын орналастыр.
4. Кілемшелердің құрағын тап.
5. Әуе көліктерінің орналасу ретін тап.
(Логикалық тапсырмалар орындалады)
Робот: Жарайсыңдар балалар, әрі қарай менің Қарапайым математика елінен келген Жатжерлік қонағым бар, ол да сіздерге зат топтарын ажыратуға қызықты тапсырмалар дайындап көптен күтіп жүр еді, жүріңдер мен сіздерді оған алып барайын.
Жатжерлік: сәлем, балалар, қош келдіңдер. менің сіздерге қызықты тапсырмам бар.
1. Мына тастардың кішкентайларын арбаға жинап беріңдерші. арбаға тастардың тек кішкентайларын салу.
2. Мына зат топтарын 2 - ге бөліп, біреуіне дөңгелек пішіндерді, ал екіншісіне жасыл түсті тастарды, ал екеуінің қиылысына ортақ қасиетке жататынын салыңдар.
(Интерактивті тақтада заттар топтарына тапсырмалар орындайды.)
Жатжерлік: Жарайсыңдар балалар, ақылды екенсіңдер!
Робот: Балалар, сіздер шаршаған боларсыңдар, қане барлығымыз денемізді сергітіп жаттығу жасап алайық.
(Көңілді роботпен сергіту жаттығуы)
Жақсы, тынықтыңдар ма?

- Балалар, компьютерлер алаңқайына да келіп қалыппыз, мұнда кіру үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Сіздер қауіпсіздік ережелерін білесіңдер ме?
- Ия
(Шартты белгілердегі қауіпсіздік ережелерін айтады.)
Жарайсыңдар, ал құрылғылары туралы не айтасыңдар?
(Балалар монитор, пернетақта, тышқан, жүйелік блок туралы жұмбақ, өлеңдерін айтады.)
Керемет, сіздерді компьютердің тапсырмаларынан да сүрінбей өтетін болдыңдар.
Ендеше балалар, мына компьютерлерде қоянға ұқсас бір бейне бар соны құрастырып беріңдерші мен өзіме
серік етіп алайын.
Балалар компьютерде танграм арқылы қоян бейнесін құрастырады.
Робот: Жарайсыңдар балалар, алғыр екенсіңдер. Қане, менің көңілді жұлдыздарымды бақылап, көздеріңді тынықтырып жаттығу жасап алыңдар
Интерактивті тақтада
жұлдыздар қозғалысын бақылап көз жаттығуын орындайды.
Робот: «Балалар, мен сіздерге өте ризамын, маған көмектесіп, достар тауып бердіңдер сондықтан, сіздерге осы Информатика патшалығынан естелік ретінде барлығыңа өз сыйым бар. Бірақ бұл сыйлықтарымды тәрбиешілеріңе берем, өздеріңнің Жер планетасына барғанда ғана ашып көріңдер. Ал өз планеталарыңа ұшып кету үшін сіздерге мына пернетақтадағы лабиринт тапсырмаларын орындасаңдар, кері зымырандарыңмен ұшып кете аласыңдар. Мен сіздерге сенемін. Сау болыңдар, рахмет сіздерге!»
Балалар пернетақтамен зымыран құрастырып ұшырады. 1 - 10 - ға дейін тура санау)
Сөйтіп балалар, әне міне дегенше Информатика елінен келіп қалдық, балалар саяхат сіздерге ұнады ма, қандай жерлерімен ұнады?
Балалардың әсерлері
Ендеше, роботтың бізге берген сыйлығын көреміз бе?
- Ия
Балалар, мынау жұлдыздар ғой, енді түсінікті болды, аспанға қарап Информатика планетасын еске түсіріп тұрсын деген екен ғой. Ала қойыңдар балалар.
Осымен бүгінгі оқу іс - әрекетіміз аяқталды, сау болыңдар, балалар!
Сау болыңыз.
Нені біледі: Компьютер құрылғыларын, қауіпсіздік ережелерін біледі, зат топтарын ажырата алады;
Нені игерді: Қарапайым математикалық түсініктер мен компьютер құрылғылары және олармен жұмысты игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Есте сақтау, танымдық ойлау қабілеттері, шапшаңдыққа баулынды.
2 916
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар. ИНФОРМАТИКА 5 - сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар. ИНФОРМАТИКА 5 - сынып
Техника қауіпсіздік ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Ғарыш әлеміне саяхат
Ғарыш әлеміне саяхат
Ғарыш, Ғарышкерлер туралы түсініктерін кеңейту
Мен ғарышкер боламын
Мен ғарышкер боламын
Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың химия, биология, информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру. Сабақтар: биология, химия, информатика
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар Информатика пәнінен 5 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Ғарыш
Ғарыш
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Науалы ауылы, «Балбөбек балабақшасы» КММ - нің тәрбиешісі Байтикова Динара Сейтжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×