Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту

08 мам 2015, Жұма
Категориясы: Информатика
Кызылорда қаласы,
Ә.Молдағұлова атындағы
№173 орта мектеп мұғалімі
Баян Баймишева

Информатика 5 сынып

Тақырыбы: Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту

Мақсаты: 1. WordPad редакторында мәтін теру ережесі туралы мәлімет беру.
2. Мәтін теру ережелерінің атқаратын қызметін ажырата білуге үйрету.
3. Өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу
Оқушының сабақ барысындағы мүмкіндіктері:
- ортада жайлы әрекеттестікті орнату, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасау;
- өз идеяларын зерделеп, өзара әрекеттестікті орнату;
- оқушылардың белсене қатысуына көмектесу;

Оқытудың нәтижесі:

Сабақ соңында әр оқушы топтық жұмыстың маңызын түсініп, топтық жұмыстың оңтайлы жақтарын тәжірибесінде пайдалануға ұмтылады;
ортада жайлы әрекеттестік орнатады, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасайды;
- өз идеяларын зерделеп, өзара әрекеттестікті орнатады;
- оқушылар белсене қатысады;
Күтілетін нәтиже:
•Білу. Оқыту мен оқуда бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білімдерін толықтырады.
• Қолдану, түсіну және талдау: өз тәжірибесінде оқушы топтық жұмысты тиімді пайдалана білуге дағдыланады, топта бірлесе отырып жұмыс істей отырып, өзгенің ойын құрметтей білуге үйренеді.
• Бағалау: Өзін - өзі, өзгені бағалауды үйренеді.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс, оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Қолданылған құралдар: А4 парағы, маркерлер, түрлі - түсті қағаздар, әртүрлі кәмпиттер, плакат, стикер, қапшық.

Сабақ барысы
Сабақтың әрекеті
Жағымды психологиялық ахуал туғызу. Оқушылармен бірге тұрып “Шаттық шеңберін’ құру. Сабаққа байланысты бір – біріне ақ тілектерін жеткізу.
Тілек айту: 1 мен 2 алмаңдар,
3 – ке алданып қалмаңдар
Кілең 4 - тік алғандар,
5 – ті ғана армандар.

Топ құру: түрлі - түсті кәмпиттер арқылы топқа бөлу

Өткенді пысықтау:
Үйге берілген тақырып арқылы білімдерін тексеру.
Сұрақ – жауап:
1. WordPad қандай редактор?
2. Мәтіндік редактор дегеніміз не?
3. WordPad редакторының терезе элементтері қандай?
4. WordPad - ты қалай іске қосамыз?
5. Мәтінді не арқылы тереміз?
6. WordPad редакторында үнсіз келісім бойынша жұмыс бетінде жыпылықтап тұратын І тәріздес қандай белгі?
7. Мәтіндік редактордан қалай шығамыз?
8. Мәтін қандай өлшеммен жазылады?
9. Екі сөздің ортасына не қойылады?
10. Мәтін элементтеріне нелер жатады?

Жаңа тақырып: Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту.
Топпен жұмыс: «Ақпарат алу». (Постер әдісі)
Топтар оқулықтағы мәтін арқылы жаңа тақырыппен танысып шығады.
І топ: «Мәтінді теру және түзету ережелерін»
ІІ топ: «Мәтін бойынша жылжыту» тақырыпшаларын оқып, дайындалады. Топта 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, дизайнер, уақыт сақшысы және бақылаушы. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Топ баяндамашысы ортаға шығап, плакатқа салған жұмысын қорғап шығады. Келесі топта өз жұмысын қорғап шығады. Әр топқа тақырыппен танысуға 3 минут, дайындық үшін 3 минут, ал қорғауға 4 минут уақыт беріледі

Сергіту сәті.
Логикалық сұрақтар.
1) Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? Жауабы: екі сағат
2) 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
3) Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?
4) Төрт түйеқұс ұшып бара жатыр біреуін атты нешеуі қалды?
5) Сағат түнгі 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау»
А деңгейі
1. Өз аты - жөніңді тер.
2. Оған түс таңда, қаріп өлшемі 16, жолдың ортасына орналастыр

В деңгейі
1. Келесі өлең шумағын тер.
2. Барлығы 14 өлшемді әріптер болсын, оған түс таңда.
3. Мұғалімге көрсет.
Ақ көгершін
Ақ көгершін, көгершін,
Қолқанат құс сен едің,
Бар, кезіп қайт Ел үшін,
Кең дүниенің көлемін
С деңгейі:
Мәтін теру ережесін сақтай отырып, теріңдер. “Менің сыныбым” тақырыбына шағын эссе жазыңдар. ( Қаріпі – Times New Roman. Размері - 12). Мәтін терілуі - қисайтылған (Курсив)

Бекіту.
Сабақты бекіту үшін «Не білдім, не үйрендім?» кезеңінде оқушыларға сұрақтар қойылады:

1. Бас әріпті қалай енгіземіз?
2. Бос орын қай кезде қойылады?
3. Enter пернесін қай кезде басу керек?
4. Мәтін бойынша жылжу пернелерін атаңдар.
Word редакторының пішімдеу батырмаларының қызметін қайталау.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 347
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәтінді теру және түзету ережелері
Мәтінді теру және түзету ережелері
Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторында мәтін теруге үйрету. WordPad мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін оқушы бойына сіңіру. - АКТ - мен жұмыс жасау мәдениетін, тақырып бойынша сыни тұрғыда ойлауға оқушылардың танымдық қасиетін арттыра отырып,
Мәтінді пішімдеу. Абзац
Мәтінді пішімдеу. Абзац
Оқушылардың мәтінді теру және түзету ережелері жайлы түсініктерін кеңейту, берілген өлшемдер бойынша мәтінді пішімдеуді үйрету.
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі
WordPad мәтіндік процессорын терең ұғындырып, осы бағдарламаны толық меңгерту.
Мәтінді теру ережесі
Мәтінді теру ережесі
WordPad редакторында мәтін теру ережесі туралы мәлімет беру. Мәтін теру ережелерінің атқаратын қызметін ажырата білуге үйрету. Өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі
Қызылорда облысы, Шиелі кенті, №46 А. С. Пушкин атындағы мектеп - лицейінің информатика пәні мұғалімі Архарова Алтынай
Информатика және физикадан сабақ топтамасы
Информатика және физикадан сабақ топтамасы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі. Физика және информатика пәні мұғалімі Жугинисова Айгерим Сагиндиковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×