Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәліметтер қорын ұйымдастыру. Көрсеткіш мәндерін есептеу.

20 қараша 2015, Жұма
Категориясы: Информатика
Информатика пәні мұғалімі Г. Қ. Рамазанова

Информатика 11 сынып
І. Сабақтың тақырыбы: Мәліметтер қорын ұйымдастыру. Көрсеткіш мәндерін есептеу.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамытып, тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру.
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға тәрбиелеу.
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т. б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдебиеттер: Е. А. Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б. Қ. Әбенов «Информатика» /ЖМБ/, Н. Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 - 11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі
- Амандасу, түгелдеу, тексеру.
- Түсініктерін сұрау.

ІІ. Сұрақ - жауап.
 Қорытынды есептер мен формалардың айырмашылығы неде?
 Қорытынды есептің негізгі қызметі қандай?
 Қорытынды есептермен жұмыс істеудің режимдерін ата.

ІІІ. Жаңа сабақ. / оқушыларға мәліметтер беріледі, санаулы минуттан кейін олар ДЖИГСО әдісімен түсіндіреді /
Мәліметтер қорындағы есептелетін көрсеткіштер есептеулерді толықтыру үшін қолданылады. Барлық есептеулер өрнектерге негізделіп құрылады. Кестелік процессорларда қолданылатын ұяшықтарға жасалатын сілтемелердің орнына мәліметтер қорларының өрнектерінде көрсеткіштердің аттары енгізіледі. Енді өрнектердің құрамына кіре алатын элементтерді қарастырайық:
Идентификаторлар, оларға көрсеткіштер мен басқару элементтерінің атаулары жатады. Өрнектегі идентификаторлар тік жақшаларға алынады.
Операторлар, олар арифметикалық, логикалық, салыстыру операторлары және т. б. болуы мүмкін.
Функциялар.
Константалар (тұрақтылар).
Мәндер.

Есептелетін көрсеткішті опреаторлардың көмегімен құру.
Мәліметтер қорында есептелетін көрсеткіштер сұраныс, форма немесе қорытынды есеп түрінде құрылуы мүмкін. Көрсеткіштер сұраныс конструкторы режимінде толықтырылады. Өрнек сұраныс бланкісінің кез келген бағанының Көрсеткіш қатарына енгізіледі. Өрнектерді қолмен немесе өрнектерді құрастырушының көмегімен енгізуге болады. Есептелетін көрсеткіш мәндері мәліметтер қорында сақталмайтынын, сұранысты құру кезіндегі есептеулердің нәтижесі екендігін атап өткен жөн. Есептелетін көрсеткіштерді Көрсеткіштер құраушысының көмегінсіз - ақ құрастыруға болады. Бұл жағдайда, егер өрнек ұзын болса оны Көрсеткіш қатарында жазу ыңғайсыз. Shift+F2 пернелерінің үйлесімі өрнекті енгізу жеңілірек болатын, Енгізу аймағы сұхбат терезесін шақырады.

Мәтіндік мәліметтердің бірігуі.
Мәтіндік мәліметтер үстінен басқалар сияқты мәліметтер қорында есептеулер жүргізуге болады. Бұны толыққанды тексеру деп айтуға келмейді, бірақ екі көрсеткіштік мәтінді біріктіруге болады. Бұл үдерісті басқаша мәтіндік мәліметтердің бірігуі деп те атайды. Өте қарапайым мысал ретінде адамның аты мен тегі берілетін көрсеткіштердегі мәліметтерді біріктіруді айтуға болады.

Есептелетін көрсеткішті функциялардың көмегімен құру.
Excel - дегідей есептеуге дайын функцияларды қолдануға болады. Ең жиі қолданылатын функциялардың бірі ағымдағы датаны қайтаратын Date () функциясы. Date функциясы әртүрлі тәсілдермен қолданылуы мүмкін, мысалы, кестедегі көрсеткіш үшін үнсіз келісім бойынша мәндерді беру кезінде. Бұл жағдайда көрсеткіш үшін жаңа жазбаны қосу кезінде, үнсіз келісім бойынша мән ретінде ағымдағы дата орнатылады. Датаны орнатып болған соң, көрсеткіш пішімін таңдау қажеттігі туындауы мүмкін.

Макрос құру.
Макрос – формаға, қорытынды есепке және басқару элементтеріне функционалдық мүмкіндіктерді қосуға және тапсырмаларды автоманттандыруға арналған құрал.
Мәліметтер қорының өзі МҚБЖ құралымен жасалынған программалық өнім болып табылады. Сондықтан мәліметтер қорын құруда құрастырушылар тек жай ғана қажетті нысанды құрып қана қоймай, қолданушыға тиімді интерфейс ұсыну қажет. Қолданушының түсінігіне оңай форманы ұсынған жөн, яғни оның көмегімен форманы жүктеп және қорытынды есепті жүргізіп, сұранысты орындай алатындай болу керек. Мәліметтер қорын құрушылар ыңғайлы интерфейсті құру және автоматтандыру үшін макросты қолданады.
Access қосымшасында макростарды жеңілдетілген программалау тілі ретінде қарастыруға болады, программа орындалу үшін макробұйрықтар тізімі түрінде жазылған жатады.
Access - те макрос құру қиын емес. Құрастырушы макробұйрықтар тізімінен дайын бұйрықты таңдап және оған қосымша қажетті ақпаратты енгізсе, жеткілікті. Қорытынды есепті тікелей мәліметтерді енгізу формасынан жүктеу қажет болды делік. Формаға батырма қосып, содан соң қорытынды есепті шығаратын макрос құруға болады.
Макростардың бірден бір пайдалы ерекшеліктерінің бірі, оларды формалардағы батырмаларға бекітуге болады. Бұл батырмалар жиі пайдаланатын операцияларды орындай алады. Мысалы, мәліметтер қорымен жұмыс істеу барысында қолданушы іздеу сұхбат терезесін жиі - жиі пайдаланады, осы іс әрекетке құрастырушылар макросты жазады (құрады). Макростарды қолданып, құрастырушы стандартты мәліметтер қорын қосымшаға түрлендіреді, сонымен қатар, қолданушы мәзірін және сұхбат терезесін құрады. Макрос құру үшін құру қосымша бетінде басқалар (другие) тобында макросты шертіңдер.

Сыртқы мәліметтермен жұмыс.
Мәліметтер қорымен жұмыс істеу барысында басқа қосымшадан мәліметтерді импорттау туындап жатады. Мысалы, кейбір мәліметтер электронды нұсқада сақталады, бірақ кестелік немесе мәтіндік процессор пішімінде. Ешбір қолданушы енгізілген мәліметтерді қайта енгізгісі келмейді. Access МҚБЖ мәселені стандартты тәсілмен шешуге – Windows қосымшалары арқылы құрастырылған мәтіндік файлдың, электронды кестенің жұмыс парағының немесе мәліметтер қорының қолда бар кестесін Access мәліметтер қорының ішкі пішіміне импорттау тәсілі арқылы мүмкіндік береді.
Импорт ретінде басқа МҚБЖ - да құрылған кестелер, сонымен қатар, электронды кестенің жұмыс парақшасын және мәтіндік файлды пайдалануға болады. Мәліметтерді импорттау және экспорттау функциясын қолдануға жолақтың арнайы бөлімі – Сыртқы мәліметтер мүмкіндік береді.
Электронды кестелерді импорттау.
Excel - дегі жұмыс парақшасынан импортталған мәліметтерді Мәліметтер қорына қосудың екі әдісі арқылы жүзеге асыруға болады:
1) Excel - дегі жұмыс парақшасының мәліметтерінен тұратын импортталған мәліметтерден жаңа мәліметтер қоры кестесі құрылады;
2) Импортталған мәліметтер бұрыннан бар мәліметтер қорын толықтырады.
Егер екінші әдісті қолданғыларың келсе, онда мәліметтер қорының кестесіне қосатын Excel - дегі кесте тақырыбы мәліметтер қоры кестесіндегі көрсеткіштерге сәйкес келуі қажет.

Электронды кестеге экспорттау.
Мәліметтерді Excel электронды кестесіне экспорттау үшін Сыртқы мәліметтер – экспорт – Excel мәзір бұйрығын таңдау және файлдың аты мен пішімін көрсету жеткілікті.
Мәліметтерді мәтіндік файлға экспорттау.
Excel файлына экспорттауға қарағанда экспорттау амалдарын жүргізу жағдайы сирек кездеседі. Дегенмен, Access - те экспорттаудың мұндай мүмкінідігі қарастырылған. Экспорттау кезінде кесте мәтінге айналады, сәйкесінше кесте бағанының шекарасы келесі екі нұсқаның біріне ауыстырылады:
 Бөлгіші бар файл;
 Көрсеткіш ені белгіленген (өлшенген) файл;
Негізгі құжат пен мәлімет көздерін біріктіру.
Мәліметтер қорының берілген кестесін қолдана отырып, мәтіндік құжаттарды алуға болады, мысалы, бейдждер, құттықтауларды тарату, тегі жазылған карточкалар, визиткалар және т. с. с. MS Word мәтіндік процессоры үшін мәліметтер қорынан мәліметтерді алу бірігу деп аталады, бірігу үшін жолақ бөлімі таратулар – біріктіруді бастау – біріктірудің қадам бойынша шебері жауап береді.

ІҮ. Сергіту сәті:
«Қара жорға» Видеоролигі арқылы оқушылар дене қимыл жаттығуларын орындайды.

Ү. Практикум. /оқулықтағы компьютерлік тәжірибелік жұмыс/
№1 - тапсырма:
«Менің сыныбым» мәліметтер қорын құру.
№2 - тапсырма:
«Емхана» мәліметтер қорын құру.
№3 - тапсырма:
Туристік агенттік» мәліметтер қорын құру.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:
- Өрнек деген не?
- Мәліметтер қорының қандай элементтерінде өрнекті қолдануға болады?
- Неге өрнектерді көбінесе сұраныстарда қолданады? Мысал келтіріңдер.
- Қандай мәліметтер мәтінге экспортталады?
- Біріктіру шеберін қалай шақырады?

ҮІІ. Үйге тапсырма:
§14. Мәліметтер қорын ұйымдастыру. Көрсеткіш мәндерін есептеу. Түйінді көшіріп алу. Бақылау сұрақтарына жауап іздеу.
ҮІІІ. Бағалау.
10 893
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Биология, химия және информатика пәндері бойынша күнтізбелік тақырыптық оқу жоспары.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың химия, биология, информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру. Сабақтар: биология, химия, информатика
Информатика пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау
Информатика пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау
Оқушыларды информатика пәніне деген қызығушылықтарын дамытып, информатикадан мектеп бағдарламасына сәйкес және күрделілігі жоғары есептерді шығаруға дағдыландыру;
Интернет сервистері
Интернет сервистері
Білімдікке, салауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту Икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
TextBox, Label, CommandButton компоненттері
TextBox, Label, CommandButton компоненттері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №163 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Келесбекова Гүлнар
Информатикадан сабақ топтамасы
Информатикадан сабақ топтамасы
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Фурманов орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Сулейменова Жайдара Жарқымбекқызы
Frame, DriveListBox, DirListBox, FileListBox компоненттері
Frame, DriveListBox, DirListBox, FileListBox компоненттері
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, «Жарма технология колледжі»КММ Физика және информатика пән мұғалімі Сапарьянова Альфия Токтамысовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×