Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Компьютерлік вирустардан қорғау

02 желтоқсан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық
техникалық колледжінің оқытушысы Молдабаева Н.

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік вирустардан қорғау
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі - көрнекілікті, пікірталас
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды компьютерлік вирустар түрлерімен және олардан қорғану әдістерімен таныстыру. Аса белгілі вирусқа қарсы программаларды қарастыру
Дамытушылық: Тез ойлап, ұтымды жауап қайыра білуге, жүйелі, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды компьютермен жұмыс жасата отырып, қауіпсіздік ережесін сақтауға, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың міндеттері:
- Мазмұнға байланысты міндет: компьютерлік вирустар түрлерін ажыратады, ДК компьютерлік вирустардан қорғану әдістерін, вирусқа қарсы программалардың жіктелуін, программалардың жүктелуін үйренеді.
- Сын тұрғысынан ойлауға байланысты: оқушының ой - өрісі, дүниетанымы кеңейеді, шығармашылықпен жұмыс істейді.
- Топтық міндет: топта бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді, тақырыптың түсініксіз жерлерін айқындайды, бір – бірін толықтырады.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, Activote құралы, антивирус
программалық дискілері, электрондық оқулық
Пайдаланылатын әдістер: ой қозғау, топтастыру, түртіп алу, инсерт жүйесі. БҮҮ стартегиясы, бес жол өлең

Сабақтың барысы: 1. Қызығушылықты ояту (тақырыпқа дейін ой қозғау)
2. Мағынаны тану (тақырып)
3. Ой толғаныс (қорытынды)

І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасып, үй тапсырмасына шолу жасау

ІІ. Үй тапсырмасына шолу (Activote құралының көмегімен тест тапсырмалары арқылы үй тапсырмасын тексеру)

Тест тапсырмалары:
1. Компьютерде кез келген файлды тез тауып бере алатын команда
А) Жою (Удалить)
В) Іздеу (Поиск)
С) Рәсімдеу (Оформление)

2. Файлды іздеу үшін нені білу қажет?
А) файлдар мен буманың тұрған жерін
В) Объектіні, оның атын, құрылу датасын, өлшемін
С) Файлдарды

3. Файлдар мен бумалар атын іздеу өрісіне не енгізу керек?

А) құжатты
В) файл атын немесе файл фрагментін
С) табу сөзін

4. Мәтінді іздеу өрісіне не енгізуге болады?

А) файл атын
В) папка атын
С) мәтін фрагментін

5. Іздеудің қосымша параметрлерін енгізу үшін қандай жазуға шерту керек?

А) Табу папаметрі
В) Файл фрагменті
С) Іздеу параметрлері

ІІІ. Жаңа тақырып. (Қызығушылықты ояту)
Тақырыпқа дейін ой қозғау:
1. Оқушылар күнделікті өмірде жалпы компьютерлік вирустар деген ұғыммен кездесіп жүрсіздер, кімнің қандай ойы бар? Компьютерлік вирус дегенімізді қалай түсінеміз екен? Кәне, ортаға салайық!
2. Компьютерлік вирустармен күресу үшін қандай әрекеттер орындау қажет деп білеміз?

Мағынаны тану. (жаңа сабақты түсіндіру)

Қазіргі уақытта компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі. Компьютерік программаларға қатысты «вирус» атауы өздігінен көбею қабілетіне ие белгілері бойынша биология пәнінен белгілі.
Компьютерлік вирус - өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.
Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады:

▪ Файлдық
Бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық кодалық блоктар

▪ Жүктейтін
Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады.

▪ Макрови - рустар
Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады.

Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оны оқтын - оқтын жаңалауды қажет ететін вирусқа қарсы арнайы программалар пайдаланылады. Вирусқа қарсы программалардың жұмысы файлдар мен программалардағы вирустарды жою және диагностикадан тұрады.
Қазіргі кезде вирусқа қарсы программаларды төмендегідей бірнеше түрге бөлуге болады.

Детекторлар
Міндеті: вирустарды табу. Мұндай программалар қазіргі уақытта сирек қолданылады

Полифагтар
Қызметі: вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпалы программадан жою

Ревизорлар
Міндеті: Программалардың, каталогтардың компьютер вирус жұқтырмай тұрғандағы алғашқы күйін есте сақтау

Компьютерлік вирустармен күресу үшін вирусқа қарсы (антивирустық) программаларды тұрақты жаңалап тұру қажет.

Есіңізде болсын! Компьютерлік вирустардың программасын жазатын «программашылар» немесе хакерлер қорғау құралдарын жеңу және бөтен компьютерлерге кіру үшін тұрақты түрде жаңа вирустардың программасын жазады. Бірақ мұндай әрекет барлық мемлекеттерді заң жүзінде қудаланады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 520
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Антивирустар
Антивирустар
Компьютерлік вирустар және олардың түрлерін, жіктелуін, компьютерлік вирустарға қарсы программалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде қолданушыға көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрену.
Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары
Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерлерге ену жолдары
Компьютерлік вирустар және олардың түрлерін, жіктелуін, компьютерлік вирустарға қарсы программалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде қолданушыға көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрету.
Компьютерлік вирустар. Вирустан тазарту программалары
Компьютерлік вирустар. Вирустан тазарту программалары
Мақсаты: Компьютерлік вирустар түрлерімен және олардан қорғану әдістерімен таныстыру, антивирусқа қарсы программаларды қарастыру; Дамытушылығы: Тапсырмаларды орындата отырып, таным қабілетін, зейінін, белсенділіктерін дамыту.
Компьютерлік вирустар
Компьютерлік вирустар
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кенті, А.Жанпейісов атындағы №105 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Айдана Жансейтова
Компьютерлік вирустардан қорғау
Компьютерлік вирустардан қорғау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы Исатай орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Доскалиева Гаухар Мураткалиевна
Компьютерлік вирустардан қорғау
Компьютерлік вирустардан қорғау
Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мыңжасарова Светлана Кенбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×