Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Компьютерлік вирустардан қорғау

07 наурыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік вирустардан қорғау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды компьютерлік вирустар түрлерімен және олардан
қорғану әдістерімен таныстыру. Аса белгілі вирусқа қарсы программаларды қарастыру
дамытушылық: оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейтіп,
шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру
тәрбиелік: информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ меңгерту
Оқыту әдістері: ой қозғау, топтастыру, тест әдісі
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі - көрнекілікті, пікірталас

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Түгендеу
3. Оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Тест тапсырмалары:
1. Компьютерде кез келген файлды тез тауып бере алатын команда
А) Жою (Удалить)
В) Іздеу (Поиск)
С) Рәсімдеу (Оформление)
2. Файлды іздеу үшін нені білу қажет?
А) файлдар мен буманың тұрған жерін
В) Объектіні, оның атын, құрылу датасын, өлшемін
С) Файлдарды
3. Файлдар мен бумалар атын іздеу өрісіне не енгізу керек?
А) құжатты
В) файл атын немесе файл фрагментін
С) табу сөзін
4. Мәтінді іздеу өрісіне не енгізуге болады?
А) файл атын
В) папка атын
С) мәтін фрагментін
5. Іздеудің қосымша параметрлерін енгізу үшін қандай жазуға шерту керек?
А) Табу параметрі
В) Файл фрагменті
С) Іздеу параметрлері

ІІІ. Жаңа тақырып.
Қазіргі уақытта компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі. Компьютерік программаларға қатысты «вирус» атауы өздігінен көбею қабілетіне ие белгілері бойынша биология пәнінен белгілі.
Компьютерлік вирус - өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.

Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады:
Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оны оқтын - оқтын жаңалауды қажет ететін вирусқа қарсы арнайы программалар пайдаланылады. Вирусқа қарсы программалардың жұмысы файлдар мен программалардағы вирустарды жою және диагностикадан тұрады.
Қазіргі кезде вирусқа қарсы программаларды төмендегідей бірнеше түрге бөлуге болады.

Компьютерлік вирустармен күресу үшін вирусқа қарсы (антивирустық) программаларды тұрақты жаңалап тұру қажет.

ІV. Бекіту
1 - тапсырма: (бос орынды толықтыр)
Компьютерлік вирус - өздігінен ________ қабілетті арнайы ______________, ол компьютер _____________сақталатын программалар мен файлдарды _________, _________және компьютерді _______________ мүмкін.
Компьютерлік вирустармен күресу үшін ______________________________ программаларды тұрақты __________тұру қажет.
2 - тапсырма:
Вирус әрекеттерінің олардың түрлеріне сәйкестіктерін тағайындаңдар.
Қауіпсіз

3 - тапсырма: Оқулықтың сәйкес тақырыбындағы материалды пайдаланып, кестені толтырыңдар.
Антивирустық программа типі Антивирустық программалардың негізгі міндеттері Белгілі антивирустық программаның аты
Детектор программалар
Полифагтар
Ревизорлар
4 - тапсырма: (Компьютерде тест орындау)
1. Компьютерлік вирус – бұл мынадай программа:
А) компьютерді бұзатын
В) «көбеюге» қабілетті және басқа программаларды «зақымдайтын»
С) Қапшықтар мен файлдарды жоятын
Д) желілер бойымен таралатын

2. Вирус туралы қай пікір дұрыс:
А) вирус компьютердің жедел жадын азайтады;
В) Вирус компьютер жұмысын тежейді;
С) вирус экранға бөтен ақпараттарды шығарады;
Д) вирус компьютердегі ақпаратты жояды;
Е) вирус дискеттің дисководқа енуіне кедергі жасайды

3. Дұрыс емес пікір:
А) вирустан құтылу мүмкін емес
В) вирус компьютер жұмысын тежейді
С) вирус мәліметтер форматын өзгерту мүмкін
Д) вирус экранға бөтен ақпараттарды шығарады
Е) вирус компьютердегі ақпаратты жояды

4. Орындалушы файлдар жоятын вирустар түрі:
А) файлдық вирустар;
В) енуші вирустар
С) желілік вирустар
Д) макровирустар
Е) микровирустар

5. Компьютерлік вирустардан қорғану бұл:
А) вирустардың кіруін болдырмау
В) ДК – ге вирус енсе, оларға қарсы шабуылды болдырмау
С) қиратушылық әрекеттерді болдырмау
Д) дұрыс жауабы жоқ
Е) а, в. с жауаптары

6. Компьютерлік вирустардың негізгі түрлері:
А) аппараттық, программалық, жүктеуші, макровирустар
В) программалық, жүктеуші, макровирустар, желілік
С) файлдық, программалық, макровирустар, жүктеуші
Д) аппараттық, программалық, жүктеуші, желілік

7. Вирустан қорғанудың негізгі әдістері
А) қажет мәліметтердің көшірмесін сақтау
В) кең тараған вирустардың программалық кодтарын салыстыру
С) программалық құралдар
Д) программалық, аппараттық, ұйымдастырушылық құралдар
Е) тек ұйымдастырушылық құралдар

8. Вирусқа қарсы программалар
А) Avp, drweb
B) MS - Dos, MS Word, Avp
C) MS - Word, MS Excel, Norton Commander
D) MS - Dos, Norton Commander, drweb
E) MS - Word, MS Excel, Norton Antivirus

V. Қорытындылау
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма
Компьютерлік вирустардан қорғау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 342
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгшелерді құру. Атын өзгерту.
Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгшелерді құру. Атын өзгерту.
Файлдар, бумалар және белгішелерді құруды, атын өзгертуді жетік меңгереді.
Файлдар, бумалар және жарлықтар
Файлдар, бумалар және жарлықтар
Файлдар, бумалар және белгішелерді құруды, атын өзгертуді жетік меңгереді. Файлдар, бумалар және белгішелерді біледі
Компьютерлік вирустардан қорғау
Компьютерлік вирустардан қорғау
И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы Молдабаева Н.
Компьютерлік вирустар. Вирустан тазарту программалары
Компьютерлік вирустар. Вирустан тазарту программалары
Мақсаты: Компьютерлік вирустар түрлерімен және олардан қорғану әдістерімен таныстыру, антивирусқа қарсы программаларды қарастыру; Дамытушылығы: Тапсырмаларды орындата отырып, таным қабілетін, зейінін, белсенділіктерін дамыту.
Компьютерлік вирустар
Компьютерлік вирустар
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кенті, А.Жанпейісов атындағы №105 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Айдана Жансейтова
Компьютерлік вирустардан қорғау
Компьютерлік вирустардан қорғау
Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мыңжасарова Светлана Кенбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×