Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары

01 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
БҚО, Орал қаласы, Зеленов ауданы,
Киров ЖББНМ - нің информатика пәні мұғалімі
Равхатова Данагуль Ерболовна

Информатика 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль тілінің шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары туралы түсінік бере отырып, программа құруға үйрету.
Дамытушылығы: Паскаль тілінің шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары туралы түсінік бере отырып, оқушылардың ой - өрісін, білім білік дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін дамыту. Өз беттерімен программа құруға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілдікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталау сұрақтары
• Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
• DIV және MOD функциялары не үшін қолданылады?
• Мәліметтердің типі дегеніміз не?
• Мәліметтердің қандай типтері бар?
• Паскаль тілінде стандартты функциялар қалай жазылады?
• Var операторының қызметі қандай?
• Const операторының қызметі қандай?
• Readln операторының қызметі қандай?
• Writeln операторының қызметі қандай?

Жаңа сабақты түсіндіру
Паскаль тілінің басқару операторларына шартсыз және шартты көшу, цикл (қайталау) ұйымдастыру операторлары жатады.
Құрылымдық операторлар. Құрылымдық операторлар басқа операторларды белгілі бір ереже бойынша біріктіру жолымен құрылады. Олар үш топқа – құрама, шартты және қайталану операторларына жіктеледі.
Құрама оператор. Құрама оператор бір – бірінен нүктелі үтір арқылы бөлінген бірнеше операторларды begin және end түйінді сөздерімен шектей отырып, оларды бір оператор тәрізді орындалатын етіп біріктіру жолымен ұйымдастырылады.

Құрама оператордың синтаксистік диаграммасы
Мұндағы операторды шектеп тұрған begin (БАСЫ), end (СОҢЫ) түйінді сөздері операторлық жақшалар деп аталады.
Шартты операторлар. Тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Турбо Паскальда екі шартты оператор бар, олар if және case.
Шартсыз көшу операторы. Шартсыз көшу операторы операторлардың рет – ретімен орналасуын бұзып, келесі атқарылуды белгісі бар операторға көшу ісін орындайды. Ол GOTO (көшу) түйінді сөзінен басталады, одан кейін LABEL бөлімінде сипатталған белгі атауы саны көрсетіледі.
Таңдау операторы (case) бірнеше операторлардың ішінен таңдау жолымен тармақталуды ұйымдастырады.
Мысалы:

Апта күндерінің реттік нөмірі бойынша олардың аттарын анықтайтын
программа құру керек.

Program kyn;
Var kyn: integer;
Begin
Write (‘ kynnin aptadagi rettik nomirin engizinder: ‘ );
Readln (kyn);
Case kyn of
1: writeln ( ‘ duisenbi’);
2: writeln ( ‘seisenbi’);
3: writeln ( ‘ sarsenbi’);
4: writeln ( ‘ beisenbi’);
5: writeln ( ‘ juma’);
6: writeln ( ‘senbi’);
7: writeln ( ‘ jeksenbi’);
Else writeln ( ‘ 1… 7 araligindagi sandardi engizinder’);
End
End.

Сабақты бекіту сұрақтары:
• Құрылымдық операторларға қандай операторлар жатады?
• Қарапайым және құрылымдық операторлардың айырмашылығы неде?
• Құрама оператор деп қандай операторды айтамыз?
• Паскаль тілінде операторлық жақша дегеніміз не?

Үйге тапсырма:
Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 431
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары: шартты және шартсыз көшу операторы, қайталау операторы жайлы түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Программа және оның құрылымы
Программа және оның құрылымы
Программа құрылымы, айнымалыларды, тұрақтыларды, белгілерді сипаттау және операторлар бөлімі туралы, сонымен қатар Паскаль тілінің қарапайым операторлары туралы түсінік беру
Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Айнымалар типтері.
Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Айнымалар типтері.
Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Шөжеев Бауыржан Лепесұлы
Қайталау операторы
Қайталау операторы
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Жайнаков Сисенбай Сарсенбаевич
Циклдік алгоритмдерді програмалау - FOR
Циклдік алгоритмдерді програмалау - FOR
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Қалымбетова Айман Алтынбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×