Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Айнымалар типтері.

24 қараша 2015, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Айнымалар типтері. Стандартты функциялар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Оқушыларды стандартты функцияларды пайдаланып берілген өрнектерді программалау тілінде жаза білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
6. Компьтермен жұмыс

І Жаңа сабақты түсіндіру
Паскаль тілінің программасы блоктардан құрылады. Қандай да бір блок ішінде кішігірім блоктар орналасуы мүмкін.

Программа құрылымның диаграммасы

Паскаль тілінде кез келген программаның тақырыбы, одан кейін ипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:
1. USES программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі (ол түйінді сөзімен басталады);
2. белгілерді (label) сипаттау:
3. тұрақтыларды (const) сипаттау;
4. мәліметтер типтерін (type) анықтау;
5. айнымалыларды (var) сипаттау;
6. процедураларды (procedure) сипаттау;
7. функцияларды (function) сипаттау;

Белгілерді сипаттау. Белгі программаның бір жолын, яғни бір операторын ерекшелеп белгілеу үшін қолданылады. Бұл белгі арқылы қажетті жағдайда программаның кез келген жолынан осы белгісі бар операторға көшіп, оны қайталап кезексіз орындауға болады.
Тұрақтыларды сипаттау. Программадағы тұрақтылар өз мінін (мысалы, 5, 14, 13. 5 т. б.) немесе оған қойылған атау арқылы белгілеуі мүмкін.
Пішімі: const атау 1=мәні; атау 2 =мәні;...., атау n =мәні;
Мысалы, const рі =3. 14; е =2. 7; a = ` bol`; max = 1000;
Айнымалыларды сипаттау. Программада пайдаланатын айнымлы шамалардың атаулар тізімі және олардың топтастырылып көрсетілген типтері төмендегі пішімде сипаттау бөлігінде көрсетілуі қажет.
Пішімі: var айнымалы атауларының
тізімі: ---------------------------------------- тип:
Мысалы: var af, m, n: -------------------- integer;
h, sg: -------------------------------------- real;
d, ch: ----------------------------------- char;
kd, b: -------------------------------------------- boolean;
Операторлар бөлімі
Программаға енетін айнымалылар мен тұрақтыларды, сандарды пайдаланып түрлі әрекеттер (нұсқау, жарлық) орындай алатын сөйлемдерді Паскаль тілінде операторлар, ал алгоритмдік тілде командалар деп атайды. Операторлар қарапайым және күрделі (құрама командалар) деп екі топқа бөлінеді. Вegin және end түйінді сөздері операторлық жақшалар деп аталады. Оператор дегеніміз – алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс - әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Олар жазылу ретіне біртіндеп бірінен кейін бірі тізбектей орвндалады.
Операторлардың жалпы жазылу түрі:
Вegin
1 - оператор;
2 - оператор;
....................;
n - 1 - оператор;
n - оператор
end.
Паскаль тіліндегі операторлар қарапайым және құрама (күрдлі құрылымды) болып екіге бөлінеді.
Қарапайым операторлар деп құрамына басқа операторлар енбейтін (меншікте шартсыз көшу, процедура шақыру) операторларды айтады.
Құрама операторлар бірнеше операторлардан құралады, оларға: Шартты операторларды таңдау операторы, қайталау операторлары жатады.

Операторлардың жіктелуі

Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Меншіктеу операторы. Меншіктеу операторы барлық тілде пайдаланатын негізгі оператор болып табылады. Математикадағы қарапайым теңдеу тәрізді айнымалылар сандық мән беру бұл жағдайда меншіктеу операторы деп аталады.
Меншіктеу операторы жазылан өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалы меншіктеу үшін қолданады. Өрнек мәнінің типі айнымалының типіне міндетті түрі сәйкес келуі тиіс. Оператордың жазылу ережесі:: =;
Мұндағы - айнымалы идентификаторы,: = - меншіктеу белгісі, арифметикалық өрнек немесе сан.
Бұл оператор екі міндет атқарады:
1. Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектің сандар
мәнін есептейді.
2. Табылған мән айнымалы атауына меншіктеледі, яғни анықталған мән санды айнымалыға сәйкес компьютер жады ұяшығына орналасады.
Мәліметтерді енгізу операторы READ (ағылшынша оқу). Оператордың жалпы түрі.
READ(al, a2,…, an);
READLN(al, a2,……, an);
READLN;
Шығару операторы. Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE
операторы қолданылады.
WRITE (al, a2,…, an);
WRITELN(al, a2,……, an)

ІІ Жаңа сабақты бекіту.
1 - мысал. Екі санның қосындасын табу программасын құру керек.
Program kosindi;
Var a, b, x integer;
Begin
Write (‘a, b - сандарын енгіз');
Readln(a, b);
X:=a+b;
Writeln(‘x =’, x);
End.
2 - мысал. Екі санның бөліндісін табу программасын құру керек.
Program bolindi;
Var a, b, x: real;
Begin
Write (‘a, b - сандарын енгіз');
Readln(a, b);
X:=a/b;
Writeln(‘x=’, x);
End.

Үйге тапсырма: Сипаттау бөлімінің типтерін жаттау. Операторларды оқу.
4 129
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Меншіктеу операторы. Сандық функциялар
Меншіктеу операторы. Сандық функциялар
Паскаль тілінің меншіктеу операторы және сандық функцияларымен таныстыру, меншіктеу операторы мен сандық функцияларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері.
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері.
Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары
Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары
Паскаль тілінің шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары туралы түсінік бере отырып, программа құруға үйрету. Оқушылардың ой - өрісін, білім білік дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін дамыту. Өз беттерімен программа құруға дағдыландыру
Мәлімет типтері. Шамаларды сипаттау
Мәлімет типтері. Шамаларды сипаттау
[right]Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп - гимназияның информатика пәні мұғалімі Кулмурзина Замзагул Жораевна
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері.
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері.
Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, № 21 Негізгі мектебінің информатика пәні мұғалімі Жарылғасова М. Ж.
Стандартты функциялар
Стандартты функциялар
Информатика Сабақтың тақырыбы: Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы. Өрнектер және олардың жазылуы Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің стандартты функцияларға, өрнектер және олардың жазылуы туралы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×