Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтіндерді танып алу программасы. Сканерленген мәтіндерді редакциялау. Құжаттарды мәтіндік процессорға экспорттау

19 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Информатика
Атырау қаласы, Атырау облысы,
№9 мектеп информатика пәні мұғалімі
Оразгалиева Айман Тыныштыққызы

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндерді танып алу программасы. Сканерленген мәтіндерді редакциялау. Құжаттарды мәтіндік процессорға экспорттау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: мәтінді тану ұғымдарын қалыптастыру және логикалық ойлау қабілеттерін, іскерлік дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылығы: техникалық ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелігі: Әдемілікке баулу
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, мәтіналғы (сканер), принтер, Fine reader программасы, флипчарт, тапсырма карточкалары.
Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Оқушылар білуі тиіс: Fine Reader программасында жұмыс істеуді, мәтіналғымен жұмыс істеуді, принтермен жұмыс істеуді.
Оқушылар меңгеруі тиіс: OCR (Optical Character Recognition) жүйесімен жұмыс істеуді, мәтінді суреттен бөлуді.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды ұйымдастырып, түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.

III. Жаңа сабақ
Қазіргі кезде нарықта сәйкестендіру жүйелерінің бірнеше түрлері бар, олар әртүрлі іскерлік ортадағы қолданушыға, сондай - ақ әртүрлі платформаға негізделген. Мысалы, FineReaderOnline. ru, ABBYY FineReader, Readiris, Persian Reader, Kirtas Technologies Arabic OCR, CuneiForm және т. б.
Осы программалардың ішіндегі коп колданылатындары - FineReader, CuneiForm.
FineReader - мәтіналғы арқылы алынған суреті бар мәтінді түрлендіретін оптикалыксәйкестендіру жүйесі (OCR). Ресейдің ABBYY Software House компаниясы жасаған. Бұлпрограмма элемнің 186 тілін қолдайды. Оның ішінде 38 тілі орфографиялық тексеру жасай алады. Әрі программа арқылы қолжазба түріндегі мәтінді де сәйкестендіре аламыз, дегенмен де әркімнің жазуы әртүрлі болатындықтан біраз
қиыншылықтар болады.
Атауы
Лицензия
ОЖ
Ескерту
FineReaderOnline. ru
Коммерциялық
Online
Сканерленген көптілді құжатты, фотосуреттерді сәйкестендіре алатын Online OCR жүйесі. Жұмыс нэтижесі ре - дакторланатын (PDF, PDF/A, DOC, RTF, XLS, TXT) форматына конверттеледі.
ABBYY FineReader
Коммерциялық және жекеменшік
Windows; Linux, Mac OS
Қандай да бір тілде сәйкестендіру үшін сол тілдің қолдауы керек.
Readiris
Коммерциялық және жекеменшік
Windows, Mac OS
Бельгиялық фирманың - I.R.I.S. Group өнімі. Сәйкестендірудің аймақтық пакетін және Азия тілдері мен орталық шығыс тілдерін қамтиды.
Persian Reader
Коммерциялық және жекеменшік
Windows
Парсы тіліне арналған.
Kirtas Technologies Arabic OCR
Коммерциялық
Windows
Ағылшын және араб тілдерін оқи алады.
CuneiForm
BSD
Windows (GUI), Linux, Mac OS, FreeBSD (CLI)
Мәтінді сақтайтын, кестелерді тани алатын өнеркәсіптік, көптілді жүйе.
FineReader программасының негізгі мүмкіндіктерін қарастырайық:
Сканерленген кескінді сәйкестендіру кезіндегі жоғары дәлдік пен программаның жұмыс кезіндегі жылдамдығы;
• Қолданушы үшін программа терезесі интерфейсінің қарапайымдылығы және түсініктілігі: Программа функциясының тізбектеле орындалуы: сканерлеу, сәйкестендіру, конверттеу.
• Microsoft Office пакетімен жұмыс істегенде құжаттарды сәйкестендіріп тану мүмкіндігі;
• Мәтінді сәйкестендіріп тану кезінде құжаттағы гиперсілтемелерді, электронды жәшіктердің адресін программа автоматты түрде танып, оқи алады.
• Программа FineReader бойынша кез келген мәліметті бере алатын анықтамалықпен жабдықталған.
Программаның терезе құрылымы:
1. Бет терезесі;
2. Сурет терезесі;
3. Мәтін терезесі;
4. Жылдам қол жеткізу панелі;
5. Басты құралдар панелі;
6. Бет, сурет, мәтін құралдары панелі;
7. Мәтін терезесіндегі мәтін қасиеті панелі;
8. Үлкейтіп көрсету.
Басты құралдар панелінде негізгі іс - әрекеттерді орындау батырмалары орналасқан. ABBYY FineReader - де құжат енгізу 4 кезеңнен тұрады: кескінді алу, сәйкестендіріп тану, құжатты тексеру, сақтау.
• Бірінші құжатты мәтіналғыға саламыз;
• Құралдар тақтасынан сканерлеу бұйрығын таңдаймыз;
Сканерленген құжат кескіндеме терезесіне келіп түседі;
• Сәйкестендіріп тану үшін Құралдар тақтасынан танып алу бұйрығын басамыз.
• Оны тексереміз;
Құжатты Microsoft Office Word мәтіндік процессорына экспорттаймыз.
FineReader программасында қазақша мәтінді де сканерлеп, сәйкестендіріп тануға, экспорттауға болады. Ол үшін компьютерлеріңе KazKey v8. 1 (New) қазақ тілі драйверін орнатып алсаңдар болғаны.

IV. Бекіту кезеңі
№1 тапсырма: «Мәтінді сәйкестендіріп тану»
1. Компьютерлеріңе сканерленген құжатты (Fine_uprl) сақтаңдар.
2. FineReader программасын іске қосыңдар.
3. FineReader арқылы сақталған (Fine uprl) құжатты ашыңдар.
4. Сәйкестендіріп таныңдар.
5. Word форматында сақтаңдар.
6. Word құжатында түрлендіріңдер.

№2 тапсырма
1. Дербес компьютерлеріңе сканерленген құжатты (Fine_upr2) сақтаймыз.
2. FineReader программасын іске қосыңдар.
3. FineReader арқылы сақталған (Fine_upr2) құжатты ашыңдар.
4. Мәтіннен кестені ерекшелеп, сәйкестендіріп таныңдар.
5. Танылған кестені Ехсеі - ге экспорттап, түрлендіріңдер.

V. Қорытынды кезең
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. ABBYY FineReader программасының қызметі қандай?
2. ABBYY FineReader программа терезесінің құрылымын атаңдар.
3. ABBYY FineReader программасында құжат енгізу қанша кезеңнен тұрады? Мысал келтіріңдер.
4. FineReader программасында қазақша мәтінді қалай сәйкестендіріп тануға, экспорттауға болады?
5. Сәйкестендіріп тану үшін қандай программа керек?

VІ. Бағалау кезеңі
Сабақта тапсырманы орындағанына, меңгерген деңгейіне байланысты бағалаймыз.
VІІ. Үйге тапсырма Тақырыпты оқу.
9 295
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәтін пішімдеу. Абзац
Мәтін пішімдеу. Абзац
Мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге, безендіруге дағдылана отырып қаріп пен абзацты толық меңгереді
Қызықты информатика факультатив жоспары
Қызықты информатика факультатив жоспары
Қызықты информатика ФАКУЛЬТАТИВ ЖОСПАРЫ
Информатика пәнінен 10 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәнінен 10 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәні бойынша 2019 – 2020 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар Информатика пәнінен 10 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәнінен 9 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәнінен 9 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Mәтіндік құжатты  пішімдеу
Mәтіндік құжатты пішімдеу
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Наукебаева Сайлаугул Жубандыковна
Word Pad бағдарламасында мәтіндерді және суреттерді кірістіру
Word Pad бағдарламасында мәтіндерді және суреттерді кірістіру
Word Pad бағдарламасында мәтіндерді және суреттерді кірістіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×