Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


PAINT графикалық редакторының құралдары

21 қаңтар 2012, Сенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы:PAINT графикалық редакторының құралдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Графикалық редактормен жұмыс істеу кезіндегі практикалық біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыруды жалғастыру. Редактордың құрал-саймандарын дұрыс пайдалана білу және командаларды орындай алу қызметін меңгерту.
Дамытушылығы: Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Информатика пәніне деген оң көзқарас пен эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру
Сабақтың түрі: практикалық жұмыс, іскерлік ойын сабақ.

Сабақтың әдісі:, сұрақ-жауап, көрсете түсіндіру, баяндау, деңгейлік тапсырмалар, практикум
Көрнекіліктері: Дербес компьютер, мультимедиа, «Алтын қақпа», бағалау парағы, сандықша, үлестірме қағаздар, қиықшалар.
Пән аралық байланыс: Геометрия, бейнелеу өнері, сызу, дене тәрбиесі
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру.«Көзі өткір, ойы озық –Білгішбектің» дайындаған тапсырмалары.

ІІ. Үй тапсырмасы.
«Біліміңді тексер» ойыны (Тест жұмысы)
Ой қозғау. Қайталау
Физкультминут

ІІІ. Жаңа сабақ.
«Алтын қақпа» ойыны (Практикум, деңгейлік тапсырмалар )
Сергіту сәті (көз жаттығуы)
«Жұбын тап» ойыны.

ІҮ.Бекіту
«Сиқырлы сандық» ойыны
ІҮ. Қорытынды. Түртіп алу стратегиясы.
Ү. Үй тапсырмасы.
ҮІ. Оқушыларды деңгейлік бағалау жүйесі арқылы бағалау.
І.Ұйымдастыру.
А) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ә) Оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру
ІІ. Үй тапсырмасы.
«Көзі өткір, ойы озық – Білгішбектің» дайындаған тапсырмалары.

«БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР» ОЙЫНЫ
Тест сұрақтары

1). PAINT графикалық редакторының іске қосылу жолын көрсетіңіз.
А) Іске қосу→Программалар→Стандартты→ Paint; *
В) Іске қосу→ Стандартты→ Paint;
С) Программалар→Стандартты→ Paint;
Д) Іске қосу→Программалар→ Paint.
2). PAINT графикалық редакторының терезесінің құрылымдық элементтерін атаңыз.
А) Түстер палитрасы;
В) Жұмыс алаңы, түстер палитрасы;
С) Тақырып қатары, меню қатары, құрал-саймандар жиынтығы, жұмыс алаңы, түстер палитрасы;*
Д) Жұмыс алаңы, меню қатары, тақырып қатары.
3). PAINT графикалық редакторында қанша құрал бар?
А) 12;
В) 16; *
С) 10
Д) 8
4). «Қарындаш» құралының қызметін көрсетіңіз.
А) Сызықтар салу;
В) Қисық сызықтар салу;
С) Әр түрлі геометриялық бейнелерді салу;
Д) Әр түрлі түсте сызықтар салу. *
5). Негізгі түс қалай таңдалады?
А) тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы;
В) ешқандай батырманы баспай таңдауға болады;
С) тышқанның сол жақ батырмасын басу арқылы; *
Д) Екі батырманы қатар басу арқылы.
6) Түстер палитрасын өзгерту қалай жүзеге асырылады?
А) Палитра→ Палитраны өзгерту; *
В) Түр→ Палитра;
С) Файл → Палитраны өзгерту;
Д) Түр→→ Палитраны өзгерту,
7) Құралдар жиынтығы мен «Палитра» қандай менюде орналасқан?
А) Түзету;
В) Түр немесе Файл
С) Түр; *
Д) Түзету немес Түр
8). Құю (Заливка) құралы қандай қызмет атқарады?
А) Кескін мен фон түсін бояйды; *
В) Төртбұрыш салу;
С) Мәтін енгізу;
Д) Түзу сызықтар салу
9). Жаңа құжат жасау үшін мына командаларды жүзеге асырамыз?
А) Файл→Кірістіру;
В) Файл→Ашу;
С) Файл→Сақтау;
Д) Файл→Құру.*
10). Қандай түстер үнсіз келісім бойынша орындалады?
А) Таңдалған түс бойынша тышқанның оң жақ батырмасын шерту;
В) Кескіннің қара түсі мен фонның ақ түсі;*
С) Таңдалған түс бойынша тышқанның сол жақ батырмасын шерту;
Д) Сызықтың керек түсін таңдау.
ОЙ ҚОЗҒАУ. (Оқушыларға сұрақтар қойылады)


Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 876
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс жасау
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті салу, сақтау және ашу
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті салу, сақтау және ашу
Редактордың құрал - саймандарын дұрыс пайдалана білу және командалары орындай алу қызметін меңгерту. Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Графикалық редактор
Графикалық редактор
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Шамшиева Баян Жаханқызы
Paint патшалығына саяхат
Paint патшалығына саяхат
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шилісу орталау мектебінің информатика пәні мұғалімі Симтикбаева Алмагуль Ташмамбетқызы
«Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс
«Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс
№35 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Баймурзина Майдагүл Сағынғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×