Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыныптан тыс жұмыс

01 ақпан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
«Кім тапқыр» сайысы

Мақсаты:
Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау.
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын арттыра отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, жан - жақты болуға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд - шоу, интерактивті тақта,
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 8 «а» сынып оқушылары «Кім тапқыр» атты сайыста білімдерін сынамақ. Олай болса ойыншыларымызды ортаға шақырып, таныстырайық. Сайысты бастамас бұрын, алдымен сайысымыздың әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Оқушыларды 3 топқа бөлеміз. (жетон таңдау арқылы)
І - топқа қойылатын сұрақтар:
1. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады (жоқ)
2. Адам ақпаратты сақтай алмайды (жоқ)
3. Екілік жүйе 2 символдан ғана тұрады (иә)
4. Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі килобайт. (жоқ)
5. Процессор – компьютердің миы. (иә)
6. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
7. Ең алғашқы ЭЕМ 1846 жылы пайда болды. (иә)
8. 1 бит=8 байтқа тең деген пайымдау жалған ба? (жоқ)

ІІ - топқа қойылатын сұрақтар:
1. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (иә)
2. Дисплей компьютердің экранына ақпаратты шығару құрылғысы (иә)
3. Сканер – ақпаратты шығару құрылғысы (жоқ)
4. Сегіздік санау жүйесінде 8 саны жоқ. (иә)
5. Пернетақта - компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (иә)
6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды (жоқ)
7. Информатика - ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым (иә)
8. 2 Мбайтта 1048 байт бар.(жоқ)

ІІІ - топқа қойылатын сұрақтар:
1. “ ІNFORMATION” латын сөзі «мәлімет» дегенді білдіреді ме? (ия)
2. Ақпарат тасушы – сигнал болып табыла ма? (ия)
3. Жүйелік бағдарламалардың негізгі болып интерфейс табыла ма?(жоқ)
4. Пернетақтаның регистрін ағылшын Алфавитінен орыс алфавитіне
ауыстыру: Alt+Ctrl ма? (жоқ)
5. Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер пикселдер деп атала ма?(ия)
6. Пернетақтада абзацтан жазу пернесі Сарs Lock болып табыла ма?(жоқ)
7. 1642 жылы алғаш қосу машинасын француз математигі Блез Паскаль ойлап тапты ма?(ия)
8. 3 Мбайтта 3072 байт бар.(ия)

3 - кезең: «Қатесін тап»
Шарты: Электронды поштамен келген хатқа вирус кіріп ақпаратты бүлдіріпті. Сіздердің мақсаттарыңыз бүлінген ақпаратты қалпына келтіру.

(Вируспен зақымданған нұсқасы)
1 - хат: Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет шығару керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Микрофон арқылы әндерді тыңдаймын.

(Вируспен зақымданған нұсқасы)
2 - хат: Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторды пайдаланамын. Мәтін жазу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе WordPad стандартты программасымен саламын. Өз жұмыстарымды сканерден шығарамын.

3 - хат: Ол 1001 жаста болатын,
101 сыныпқа баратын.
Портфелінде 100 кітабы болатын,
Бұның бәрі ақиқат, жалған емес.

4 - хат: Мен 1111 жастамын. Мектеп табалдырығын 111 жасымда аттадым. Мен... 10001 мектептің 1001 сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 11001 оқушы. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу.

1 - хат: Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен жүйелік блокты іске қосамын. Пернетақтамен әріптерді теріп, сурет шығару керек болса, принтерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін сканерді қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз саламын. Колонка арқылы әндерді тыңдаймын.

2 - хат: Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Компьютерде мәтін жазу үшін WordPad текстік редакторды пайдаланамын. Сурет салу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе Paint стандартты программасымен саламын. Өз жұмыстарымды принтерден шығарамын.

3 - хат: Ол 9 жаста болатын,
5 сыныпқа баратын.
Портфелінде 4 кітабы болатын,
Бұның бәрі ақиқат, жалған емес.

4 - хат: Мен 15 жастамын. Мектеп табалдырығын 7 жасымда аттадым. Мен №71 мектептің 9 сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 25 оқушы. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу.

4 - кезең: «Венгр сөзжұмбағы»
Шарты: Сөзжұмбақтағы әр тапқан сөзге 10 ұпай беріледі.
2 273
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Информатика әлеміне саяхат
Информатика әлеміне саяхат
Жамбыл облысы, Меркі ауданы. Информатика пәні мұғалімі: Дамира Алимкулова
Информатика тапқырлары (сыныптан тыс ашық сабақ)
Информатика тапқырлары (сыныптан тыс ашық сабақ)
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №1 мектеп - лицейі информатика пәні мұғалімі Шонгарова Айгуль Талгатовна
Информатика мұхитына саяхат
Информатика мұхитына саяхат
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Каирова Айдана Арманқызы
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна
Информатика патшалығында (сыныптан тыс іс-шара)
Информатика патшалығында (сыныптан тыс іс-шара)
Қарағанды облысы, "Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі" КММ информатика пәні мұғалімі Магзумова Д. С.
Компьютерді озат меңгерген сынып
Компьютерді озат меңгерген сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Меңдібаева Гүлнұр Қоңырбайқызы №24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×